Стр. 155 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 154
Стр. 156
Қазақстанның ашық кітапханасы
155
Тарасенконың оң қолы шолақ екен. Сау қалған сол қолымен менің қағаздарымды
ыңғайсыздау аударыстырып отырды да:
—
Жолдас аға сержант, командирлер курсына барасың,— деді.
—
Жолдас аға политрук, өз бөлімімнен басқа жерге барғым келмейді!—дедім, барлық
дос-жолдастарымнан бір-ақ айрылып қалам ба деп ышқынып кетіп. Дауысым әскерден
гөрі балалық атағыма .лайық, төзбестік бір мінезді байқатып қалғанын өзім де аңғардым.
Берлин алынып, соғыс біткеннен кейін мен соғыс академиясын бітіруге де уәде бергелі
тұрмын. Мұным ойын да емес, өтірік те емес.
Бірақ әр жауынгерден күнде естіп жүрген сезіне Тарасенко таңданған жоқ. Оқ нөсерінен
басын көтере алмай жатқанда да біздің жауынгерлер Берлинге қашан жетер екеміз деп
жатады. Шегініп келе жатып белуардан батпақ окопқа қулай кеткенде де ол үмітпен
айрылған емес. Ол қатынаспаса Берлин алынбайтындай, әр жауынгер өз сапарының шетін
Берлинге апарып тірейді. Мүмкін, оң қолынан айрылып, осында келгенінше,
Тарасенконың өзі де солай ойлаған шығар. Сондықтан менің Берлиннен кейін соғыс
академиясын бітіруге де уәде берейін дегенім оны таңдандыра алмады.
—
Қазақстан командир дайындау керек пе, жоқ па? — деді Тарасенко.
—
Әрине, керек,— деп бастадым да аяқ жағына,— мең белім командирі едім,—
дегенді қыстырып та жібердім.
—
Орта білімін, бола тұрып, осы күнге дейін неғып офицер болмай қала бергесін?
Мұның болмайды. Курсқа барасың!—деп, Тарасенко менің қағаздарымды тағы бір
аударыстырып қойды. Даусы қаталданып, кез қарасы салқындап барады.
Әлі де сау күніндегі әдеттерін ұмытып болмаған оң қолының шолақ білегі белбеуге
қыстырып қойған жеңін бір түртіп қалды. Бұрынғы әдеті бойынша, қаламды алуға
созылғысы келеді. Байқап қалмадың ба дегендей, Тарасенко маған қарағанда, мен соны
пайдалана қойып, ең соңғы айла-шарыққа жармастым:
—
Менің өз бөліміме қайтуымның қандай қажеті барлығын мына хаттардан да
көруіңізге болады,— деп, жолдастарымнан келген бір құшақ хатты Тарасенконың алдына
жая салып,— ең болмаса біздің политруктің хатын оқыңызшы...— дедім.
—
Мына біреуін бір әйел жазған екен... Әлде, политругін, әйел ме еді?—деді
Тарасенко, ең үстіңгі, Ақботадан келген бір хатқа қиғашырақ қарап отырған бойы. Көзінің
алды азғана жымың, етіп қалды.
—
Кешіріңіз, жолдас комиссар,—деп мен Ақботаның хатын тез кейін тартып алдым.
Адам мінезінде сыр қандай кем, әңгіменің бетін осы әйел хаты өзгертті. Комиссардың көзі
жылы шырай берін, мырс етіп қалды. Енді даусы да жұмсарған сияқты.
Әйел мен бала соғыс адамдарының жүрегін тез босатады. Олардың әйел мен бала жайын
көп әңгіме етпейтіндері де, әңгіме ете қалса, елтігендей болатындары да сондықтан. Мен
бұл жайды да құр өткізгім келмей:
—
Политрук болмағанмен майданға жүріп кетіпті әйелім...— деп, Ақботаның соңғы
телеграммасын Тарасенкоға ұсындым. Көрсеткім келіп Ақботаның суретін де суырып
алдым қалтамнан.
Достарыңызбен бөлісу: |