Стр. 158 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 157
Стр. 159
Қазақстанның ашық кітапханасы
158
—
Әйелім Киров шахтасында. Штейгер... Онда стахановшы әйелдердің алты
бригадасы бар, — деді Тарасенко. Енді маған Васяның тілегі де оңай орындалатыны
байқалды.
О да соғыс біткен соң Қарағандыға келмек, о да Қарағандының болашағын ертегідей
естіреді. Васяның осы жайларын айта келіп екеумізді бірге жөнелтуді тілек еттім.
—
«Қатынды жұмаққа жібере көр — сиырын да жетелей барсын» деген орыстың бір
мәтелі бар еді, тап соны істеп отырсың! — деді маған Тарасенко.
Мен қалжыңға қалжыңмен жауап бердім:
—
Өзбек ағаң баласы бір молладан «осы қазақ жұмаққа бара ма?» деп сұрапты дейді.
Молла-екен қазаққа жұмақты қимады ма, әлде қазақ халқының асып кеткен діншіл
болмағанына наразылығы бар ма, әйтеуір — «жоқ, қазақ жұмаққа бармайды, ең әрі кетсе,
босағасынан ғана сығалар!» депті...
Қазақтың ойға алғанын орындамай қоймайтын әдетін білетін өзбек ағаң баласы:
—
Ендеше, қазақ барады екен жұмаққа... Қазақ сығалады дегенше — кірді деңіз! —
депті дедім...
Қазақ қалжыңымен онша таныстығы жоқ Тарасенко біраз күліп алды да, әшейін
қалжыңнан шын бір қортынды шығарды:
—
Ойға алғаны мен уәде еткенін орындауға қазақ халқының тұрақтылығын күнде
көріп отырмын. Майдандағы жиырма сегіздің ерлігіне көмірде жиырма сегіз мыңдар
жауап беріп жатыр,— деді. Содан кейін, Васяны да шақырып алып, екеумізді бірге —
біздің бөлімге жөнелтті.
Ертеңіне, бұл жолы да түнде, Вася екеуміз жүріп кеттік. Жазғытұрғы жылы түн жұмсақ
қана леп беріп тұр. Кен қоқымнан үйілген қырқалардың көгілдір оттары жылт-жылт етіп,
етектегі ұсақ жұлдыздармен араласып,
көзіңді алысқа сүйреп әкетеді. Өрмекшінің ауындай жиі түскен темір жол табандары
вокзалдың өзін әлденеше орап кеткен сияқтанады. Паровоз үндерінде тыным жоқ, алды-
артың мен оң-солыңнан қатарласа, қосақтаса шығады. Қыбыр-қыбыр қозғалған көмір
артылған вагондар өре жөнелген мыңдаған жылқыны есіңе түсіреді. Бүйірінен буын
бұрқыратып қалған паровоз астынан қарасаң, темір жол табандары ай сәулесі түскен
үлкен бір көлге ұқсап, шеті-шеті аңдалмайтындай әсер етеді. Бұған қарш-құрш қаржасқан
вагон үндері мен ышқына шыққан ысқырықтар қосылып, Қарағанды вокзалының
тынымсыз үртіс өмірін кез алдыңа әкеледі.
Әр кездегі әдетінше, тез басып, ұршықтай үйіріліп Гуля келіп қалды. Түнде кететінімізді
айтып, күндіз барып қоштасып кетіп едік.
— Екіде тағы жаралыларды қарсы алатын едік. Сендерді тағы бір көріп қалайын деп,
ертерек келдім,— деді Гуля.
Поезд лықсып қап жөнеле бергенде терезеден Гуляны тағы да көрдік. Кішкене
саусақтарын тез-тез сермеп, вагонмен қатарласып біраз жер жүрді де, ағараңдап кейіндей
берді. Аз қысыңқы кездері мен тез-тез сермелген саусақтары бүкіл майданға сәлем айтып
жатқандай еді. Мүмкін, өзінің жарына да біз арқылы сәлем айтып жатқан шығар. Кім
Достарыңызбен бөлісу: |