Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 17 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет16/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 17 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 16



Стр. 18

Қазақстанның ашық кітапханасы


17
Біз алақан жайғамыз жоқ. Әдейі ақсап, «енер» көрсетіп келе жатқандай жақындай беріп
едік, азды-көпті сауда істеп көңілденіп қалған әйелдер, біреуі наның біреуі жұмыртқасын
ұсына бастады. Таңертеңгі қатыңқы қабақтар жадырап, түске тармаса мырзалық кірген
сияқты.

Боря, Борашик, ән салып жіберші, айналайын! — деп, бір жас әйел қылқылдай
бастап еді, ересек әйелдер оған дүрсе қоя беріп:

Мынау ыстық, шаң базарда мойны үзіліп кеткелі тұрған балаға ән
салдырмақпысың?— деп, тоқтатып тастады. Мен осы арада ғана анық байқадым,—
Бораштың мойны қылқиып, көк тамырлары тарам-тарам болып тұр екен.
Бір тақтайдың бойын сүзіп шықпай жатып-ақ азық-түлікке молығып қалдық. Көздері
соқырайған кепкен балықтар да бар, ортасын ойып ақ ірімшік салып пісірген қып-қызыл
тәтті нандар да бар, жұмыртқа да бар, үгіршіктер де бар... Бар табысты менің шапаныма
орап алып, енді бірдеме ұсынған әйелдерге қарап, Шеген:
Сіздің, кезегіңіз кейін... Тек ұмытып кетпеңіз...— деді.
Қап мынаған кезек тұратын болғанымыз ба?!—деп, әйелдер де кірбіңсіз, күлісіп қалып
жатыр.
Қане, қырғилар, кеттік! — деп, Шеген қаздаңдай ба, Жайыққа қарай тартты. Оң аяғымен
жер сызып, шаңдатып Бораш келе жатыр, шандып алған екі аяқтан есілген құмға түйенің
ізіндей дөңгелек із тастап мен келемін.
Мені олар «салқын сарайларына» алып келді. Жайықтың жар қабағының астын кеулеп
кеткен кең бір үңгір екен. Астына көк құрақ төсеп тастапты. Үңгірдің дәл аузына тіреле
өзен жатыр. Үңгір кең, кішігірім бөлмедей бар. Жарығы аузынан ғана түсіп, күн сәулесі
жолай алмайтын үңгір «салқын сарай» деп босқа аталмаған сияқты. Әрі еріп әpi салқын,
рахат үясы осы сияқты көрініп кетті.
Түкпірге таман, қабырғаның, бір жерін әдемілеп тұрып мен ойыпты да, оған бірталай
кітап тізіп қойыпты. Санай жүру бақташының әдеті ғой, мен бір қарағанда-ақ он бес кітап
екенін сыдыртып санап шықтым. Менің кітаптарға көзім түсіп тұрғанын Шеген де байқап
қалып:
Оқи білемісің? — деді.
Білмеймін,— дедім ұялған үнмен. Шеген оныма өкінетіндей, басын шайқады:
Оның болмайды, Костя! Оқу керек! Адамның басы дарбыз емес,— деді.
Мен қайда жүріп, қалай оқы дейтініне түсіне алмай, аңырып қалдым. Оқымаған өз
айыбым сияқтанып, қысылып та тұрмын. Шеген біраз ойланып қалғандай болды да:
Есептей білемісің? — деді. Білем.
Нешеге дейін?
Екі мың сегіз жүз сексен жетіге дейін...
Шеген қарқылдап күліп жіберді. Мақтаныңқырап кеткенімді өзім де аңғардым. Оның
үстіне, «екі мың дегенім дұрыс-ақ болсын... Үлкен сан, мақтанарлық сан... Сегіз жүз де
жаман емес... Ал, сексен жеті деген немене? Не үшін сексен сегіз емес, не болмаса, тұп-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет