Стр. 167 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 166
Стр. 168
Қазақстанның ашық кітапханасы
167
—
Білдің бе, күйі қалай екен қарттың?
—
Айдап жатыр!..
—
Пай-пай, не деген алып, ә?
Майданға біз Кавказ етегіндегі айқас үшінші тәулікке айналғанда жеткен екеуміз. Кеше
маған өте әбігер көрінген жай толастаудың, алды екен.
—
Алдыңғы күнімізді — абыржу деуге лайық болса, кешегі күнім;з айқас әбігерімен
өтті. Бүгін жауға еріксіз «тыпру!» дегізген шығармыз,— деді Ревякин Мирошникке қарап.
—
Енді бетін артына бұрғызып «Но!» деп қаламыз да... Солай ма, жолдас аға сержант?
—
Солай, аға лейтенант!
Бұл әңгімеміз есіне жаңа бір нәрсені түсіргендей, Мирошник сары ұлтаннан жасалған
сумкасын сырт-сырт ағытып, бір қағазды суырып алып, алдына жайды да, алақанының
сыртымен бір ұрып қалып:
—
Міне!—деді. Мен ол қағаздың ең соңғы бұйрық екенін аңғардым.
Бұлаң қаққан әлсіз шамнан қағаз беті біресе шұбартып, біресе буалдыр көрінеді. Мен
жаудан алынған фонарымды ұсындым. Мирошник фонарьды жағып, алдына қойды да,
біздің бөлімнің басынан кешкен уақиғаларды ауызба-ауыз сұрады. Мен өзім аңғарған екі
жайды баса айттым. Оның біреуі — жаудың әскерін алға айдау әдісі, біреуі — күшпен
соғысып жүрген венгер, болгар, румын солдаттарының аңысы еді.
Мирошник майданның жалпы жайын айта келіп:
—
Бүгін де шегінген бөлімдер бар. Мүмкін, ертең двд шегінетіндер болар. Бірақ мына
бұйрық біздің шабуыл басталатын белгілерді береді. Әзір болыңдар! —деді.
Ертеңгі күннен не күтерін білмеген солдат—ертеңгі күннің оралғысы ғана болуға
жарайды. Ертеңгі күнді сезінбей ұйықтағанша, сол ұйқыны құрбан ету керек. Сондықтан
мен ертеңгі күннің жайын әшейіндегіден гөрі тәптештеп сұрап алдым.
.— Тағы бір тәулік сол үңгірге ие бол! —деді Мирошник,— анықтаған боларсың, батыс
жағың жазық, шығыс жағыңда жол бар. Сен ортада мүйісте отырсың. Сол қақпаны тағы
бір тәулік жабық ұста! Одан кейін, мүмкін, орын ауыстырармыз...
Орын ауыстырармыз деген екі ұшты сөзді анықтай бастап едім, Ревякин орнынан тұрып:
—
Сталинград хәлі ауырлай бастады ғой. Бізге толықтыру беріле қояр ма екен... Осы
күшпен-ақ көрерміз не болса да,— деді.
—
Иә, бізге толықтыру кейін бұрылды деп, полковник өзі де айтты. Тағы бір тәулік
шыдап бақ, Сарталиев. Керегіңді қазір сұра. Бірақ қозғалма орныңнан! — деді
Мирошник.— Ертеңгі күн ең соңғы ауыр күн болсын деп тіле!..
Әлгі жайласып отырған жай ақырын-ақырын өшіп, үңгірдің іші суына бастағандай
сезіледі. Жарқыраған электр фонары да қызғылт тартып, күңгірттеніп бара жатқандай.
—
Мүмкін, ертең жиі хабарласа да алмаспыз...— дей беpiп, Мирошник маған қолын
созды. Мұнысы байланыс үзіліп те қалар дегендей естілді.
Достарыңызбен бөлісу: |