Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 173
Стр. 175
Қазақстанның ашық кітапханасы
174
қолданғандықтан бой әбден үйреніп, енді жан ыршымайтын болса керек. Біздің жаңа
қауым үшін бұдан жеркеніш сөз жоқ. Сондықтан біз бұл сөзді танкыге бара қоймаған
иттерімізге де айтпайтын едік.
Менің ойыма қазақ тілінде осы сөздің атымен жоқтығы түсіп кетті. Әрбір сөз өмірдің
керегінен туса, біздің тілде «предательство» деген сөздің өзі түгіл, мағынасын дәл
аңғартарлық айырбасы да жоқтығына қуанып кеттім. «Сатып кетті», «айнып кетті»,
«айырбастап кетті» деген сездер, әрине, ол емес. Оның үстіне бұл сөздердің өз төркіндері
көрініп тұр. Бәрі де сауда маңынан табылады.
Кейбір сөздердің жоқтығына қынжылсаң, бәлемен бірге туған сөздердің жоқтығына, я
болмаса, аздығына қуанасың да. Мен осы ойларымды Ревякинге айттым:
—
Қазақ тілінде «предательство», «измена» деген сөздер жоқ! — дедім.
—
Шын жоқ па?
—
Шын жоқ!
—
Тамаша екен мұнысы! Жоқ болса, жоқ болсын! Ендігі өмірімізде керегі де болмас!
—деп, Ревякин әр кездегі әдетінше жалпы қорытындыға тартты.
Терең жыраның түбінде, үстіне үлкен сұр палатканы жамылып алып, екі иығы кезек
бүлкілдеп жатқан Мирошник тұра келді. Шырт егіп қол фонарының сөнгені де естілді.
Уқаланып, жұмсап қалған картасын сумкасына салып жатып:
—
Сарталиев, деревняның хал-жайын бір шолып қайтыңдар! — деді.
Крюгер мырза жаңа жылды қарсы алайын деп жатқан деревнядан біз шегінгелі бір-ақ ай
болып еді. Бір жетіге созылған итжығыс айқастарда он шақты ғана үйдің бірді-екілі
қабырғалары сау қалған еді. Қазір олардың да біразы өшкен екен. Суырып алынған
өңештей сорайып пештің қара күйе шалған мойындары тұр. Қиып салынған ағаш үйлер
тас-талқан болғанда, қара шаруаның қалай болса солай үйе салған пешгері көбінесе сау
қалады. Соғыста жиі кездесетін бір таңырқарың да осы.
Әрбір кесек тасының қалай жатқанын жақсы білетін деревнямыз көп тексеруді де керек
еткен жоқ. Бар өмірі алақандағыдай ұзын көшенің бойында еді. Сау қалған
қабырғалардың солтүстік бетінде асып қойған электр фонарьлары жарқырайды. Ракета
жарығында ереуілдеген адамдар көрініп қалады. Бар мінезде мастық, қолды бірақ сілтеп
қалып, мейрам қызығына беріліп кеткендік бар. Біздің Мирошникке әкелген хабарымыз да
осы болды. Онсыз да алақанында тұрған жайды Мирошник те тәптештеген жоқ.
—
Жарты сағаттан кейін біздің жақтың оттарын көресіңдер... оған дейін әзірленіп
алыңдар!—деді Мирошник. Айтылған жарты сағаттан кейін біз біріне-бірі қарама-қарсы
келетін екі нәрсені көрдік. Бөлімшелерді өздері бастап, командирлеріміз жорыққа
жөнелгелі жатыр. Қиын бір жорыққа аттанардағыдай бар нәрсені қайта-қайта тексеріп,
қатал әмір беріп жүр. Оң жағымызда жаңа келіп орналасып жатқан бөлімдер бары
байқалады. Сонымен қатар, етек таулардың үш жерінен біздің жақтың мейрам оттары
жарқылдай бастады. Жау отына жауап бергендей, қызылды-жасылды ракеталар әлсін-
әлсін атылып жатыр. «Жаңа жылды біздің штабтар да осылай қарсы алғалы жатыр ма?»
деген дүдамал ойлар келіп қалады. Мейрам емес, қақпан шығар деп тағы ойлайсың. Менің
бөлімшеме Ревякин қосылып, деревняның батыс жағын орап кеттік. Мирошник бастаған
екінші бөлім жырадан шыққанша бізге еріп келе жатты да, бір жерде тік бұрылып,
Достарыңызбен бөлісу: |