Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 175
Стр. 177
Қазақстанның ашық кітапханасы
176
мінезбен отырды. Бойындағы қарулары мен қалтасындағы қағаздарын алғанда, мен де оны
еркінірек дөңгелеттім. Жарықтан алысырақ тұрып қалса, еріксіз Ілгері бастырып, тым
алғарақ басып қалса, кейін шегіндіріп қойып:
—
Әйтеуір қолыңды көтерген екенсің, дұрыстап көтер! Неміс офицері соны да білмей
ме?—деп, зекіп те қалдым.
Енді ол елемей қойған Мирошникке шағым көзімен қарай бастады. Мирошник оны тіпті
елейтін емес, стакандарға әдейі сыңғырлатып, әдейі баппен мөлтілдетіп арақ құйып
жатыр...
Қараңғы көшеде поезд күткен адамдардай ығы-жығы болып, неміс солдаттары отыр.
Отырыс-тұрыстағы солдатқа лайық айқын қозғалыстарды бәрі де ұмыта қалып, босқын
түріне көшіпті. Белбеулерін шешіп, бәрі де желбегейленіп, иықтарына бір-бір түйіншек
байлап алған. Тұтқын болып армандарына жеткендей, мүсәпірлікке біржола мойын
құйып, шама келгенше тұтқынға ұқсағылары келеді.
—
Біз бүгін бір оқ шығарған жоқпыз...
—
Өз еркімізбен тұтқынға тустік...
—
Өздерің көрдіңдер, автоматты лақтырып жіберіп, қолымызды көтердік, — деп гу-гу
етеді. Көздеріңді жалыныш қана қалған.
Енді жау емеспіз қару тасталды — жаулық та міндеті мен правосын он дауыстар қатар
шуласып, бес-алты солдатты ортаға алып тұр.
Кешегі рақымсыздар, кешегі менмендер Васяға жалынып, айналып-толғанып тұрғанда,
құйрығын бұлғаңдатып, бар денесімен бір ғана сипап қалуды жалынып күтіп тұрған ит
сияқты еді. Сондағы сұрайтындары ар да емес, намыс та емес, бір ғана құнсыз жаны!
Жансауға сұрау сияқты оңай ойдың өзі бұларға енді ғана түсті. Бұл күнге дейін бұлар
біздің елдің тері демей, босағасы демей ластап келген айуандар. Жас жандар
шырқырағанда, ақ сақалдардан жас шұбырғанда, бұлардың құлағы оны естіген жоқ,
көздері оны көрген жоқ. Қала мен колхозды талан-таражға салғанда, біреудікі-ау деген
жоқ. Адам баласының бір аяры жас қыз, адал жар болса, ондайды бұлар білген жоқ. Енді
міне, өздері жалынады, бірақ адамша емес, итше қыңсылап жалынады. Салтақ-салтақ,
жирен сақал бір ұзынтұра Петрдің бір оң жағына, бір сол жағына шығып, неше баласы
барлығын түсіндіріп жүр. Қолын жерден жарты метрдей көтеріп, баласының бойын
көрсетіп:
—
Айн!?—дейді. Петрдің зығырданы қайнап, денесі дір-дір етеді.
Ұзынтұраның онда жұмысы жоқ. Енді қолын жерден бір метрдей көтеріп:
—
Иван?!—дейді. Қолын тағы да жоғарырақ көтеpiп,— қарай?!—дейді.
Ызасы қайнап жүрген Петр шалқая беріп, жерден бір метрдей көтеріліп алақаны темен
қарап тұрған қолды сарт еткізіп теуіп жіберді. Қол серпіп жоғары көтерілді де ұзынтұра
сол екпінмен шалқасынан түсті. Әлдекімнің фонарь жарығынан қайыстай жылтыраған кір
тізелері көрінеді.
—
Командирлер, бері келіңдер!—деген Мирошник даусы естілді.
Арақ құйған, стаканды жоғары көтеріп, Мирошник бізді күтіп тұр екен:
Достарыңызбен бөлісу: |