Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 185 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет187/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 185 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 184



Стр. 186

Қазақстанның ашық кітапханасы


185

Алдымызда ғана неміс барлаушылары жатқан көрінеді.

Алдарыңда... Шұңқырда отыр... Елу-ақ метр жерде,— деді, дірілдеп, әрең шыққан
дауыс. Жаралы солдат әрбір үнді әлде қай жерінен әрең қысып шығарып жатқандай
болады. Бірақ өзі ойдағысын айтып қалуға асығып жатыр.

Өзің кім едің?

Барлаушымын.

Ауыр жараланғанбысың?

Екі аяқ... және шатымда бір жерім у құйғандай ашиды...
Ауыр жараланған жауынгерге кездесіп, түк жәрдем бере алмау деген ең бір қиын хал.
Алып та кете алмайсың еш қайда хабар да бере алмайсың. Жер бауырлап жатып, жарасын
таңып бердік. Жаралы солдат өз өмірінен үміт етпесе де, майдан өмірінен қол үзе алмай
жатыр:

Жау барлаушылары мана, іңір кезінде келіп еді. Енді ілгері аттауға қорқып,
шұқырда отыр... Жаңа ғана темекі тартқан иістері келді... Қасына барыңдар да, бас
салыңдар...— дейді.

Сен енді шыдап бақ, жата тұр... Қайтарда ала кетерміз,— дедім.

Жарайды... Рахмет. Әуре болмай-ақ қойыңдар, мен үшін айналмаңдар,— деді
жаралы.— Бірақ мені аттың қарнына сүйеп, отырғызып кетіңдерші. Бүгінгі түнді көріп
отырайын. Енді мен бәрібір жауынгер емеспін... Түн немен тынар екен көріп елейін...
Түнгі айқасты көріп отырайын тым болмаса...
Жаралы жауынгердің әр сөзі ортасынан үзіліп, барлың дыбысы қырылмен шығады. Кеуіп
қалған еріндер біріне-бірі тимей, жақындап қана қайтатынын сезесің. Енді жауынгер
еместігін білсе де, соңғы айқастың, немен тынарын кезімен көргісі келіп жатыр. Өлімін
бұлдап, орынсыз еркелік те етпейді. Өлімнен қорқып, бұғатын да емес. Жалғыз ғана ойы
көрген-білгенің бізге түгел айтып, үйінен аттанғанда не үшін аттандым деп білсе, соны
түгел көргісі келеді.
Енді оны өлген аттың қарнына сүйейік деп орнынан көзі қанға малшынған денесі жылп
етіп, жеп-жеңіл сырады. Аузына су жұтқызып, бір сауыт суды қойнына тығып беріп,
қасына «Беломор» папиросын қалдырдық.
Папирос емес, бар болса, махорқа қалдырыңдар... өзім орар едім... Ішім де пысып
барады,— деді жаралы. Мен оның кескінін көргім келіп қанша үңілсем де қарауытып
кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне жарық дұрыстап бір түспей қойды.
Жаралыны осы күйде қалдырып, айтқан шұңқырына үшеуміз үш бүйірінен жақындадық.
Бұл түнде дыбысымыз естілер деп қауіптенерлік те емес еді. Автомат, пулемет атылғаны
жас баланың алақан шапалақтағанындай ғана естіледі. Барлық басқа дыбыс зеңбірек
арсылынан жасқанғандай, бүгін біржола бұғып қалыпты.
Бірінші кезек берілген Самед шұңқырдың жиегіне барып, азғана бұғып жатты да көтеріле
беріп:

Иә, ханнан, иә маңнан! — деп қалып, шұңқырға бірінші гранатасын тастап жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет