Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 188 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет190/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 188 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 187



Стр. 189

Қазақстанның ашық кітапханасы


188

Полковник... елді!—деді.
«Өлді» деген сезді күнінде жүз естіп, жүз айтып жүреміз. Соғыс өмірінде бұл ең кеп
кездесетін сөздің бірі. Бірақ, сол сөздің қанша ауыр салмағы барлығын осы ара» да ғана
сезінгендей, капитан екеуміз де орнымыздан қозғала алмай қалдық.
Айналасы он адамнан құралған бөлімім арқылы мен екі жылдың ішінде алпысқа тарта
жауынгермен жолдас болдым. Темекіні кезек сорып, сұр шинельді кезек жұлқылап
тартысқан жолдастарымның көбімен біржола қоштастым. Талайының үйіне жаңағы сезді
амалсыз қосып, хат та жаздым. «Өлді» деген сөзді тура айтпай, әр кезде басқа сөзбен
аңғартушы едім. Енді сол сөз еріксіз естіліп, бар мағынасымен айқын, кімді әкеткенін кез
алдыңа көлденең тосып тұр. Қараңғыда ақырын ғана естілген «елді!» деген сөзді бір рота
үн қосып айғайлап айтса да, бұдан ауыр естілмес еді...
Ұзамай шабуылға кешкен жаяу әскердің алдынғы жағында біздің, рота жөнелді. Үстімізде
екі жақтың оқ пен оты бірдей қайшыласып тұр. Бар өңештен бірдей оқ боратып, бізді жау
атып жатыр. Алдымызды аршып беру үшін басымыздан асыра атып, біздің, жақ, боратып
тұр. Өзіміздің жақтың зеңбірек оқтарының ізін баса біз ентелеп келеміз. Кейде өзіміздің,
зеңбіректердің, оғы түсіп жатқан алаңға жақындап та қаламыз. Амалсыз жата қалуға тура
келеді. Есеппен мерзіммен атып тұрған зеңбірек» тер оқты жылжытып ілгерілете түседі.
Біз де тұра жүгіріп, ілгері ұмтыламыз. Зеңбіректер мен жаяу әскерлер бір-ақ адамның
әмірімен қимылдап тұрғандай, бірін-бірі дәл кезінде тосып алып, ілгері қарай бірге аттап
барады.
Бұл жау қолының, Қара теңіздің шығысындағы ең соңғы, ең үлкен бекінісі. Сондықтан.
жау аянбай жұлқысып, не бар зәрін ірікпей төгеді. Жаңа ғана қасыңда келе жатқан
жолдасың домаланып кейін қалып, оны орнына жаңа бір дауыс естіледі.
Бұл жолы біздің, жақ жаудың, бар есебін шатастырып жіберді. Әдетте, әуелі сөз «соғыс
тәңірісі» зеңбіректерге беріліп, жаяу әскер содан кейін ұмтылушы еді. Бұл жолы жаяу
әскер зеңбірек оқтарымен жалғаса келе жатыр. Мұндайды күтпеген немістер жаяу әскерге
арнаған оқ боранын біздің, жағымызға төгіп, жақындап қалғанымызды кешірек аңғарды.
Қолма-қол бір келіп қалсақ, бізді шегіндіру деген болып көрмеген іс еді. Уралар кезге
жақындасақ найзамыздың, ұшы да құтырынып кетеді.
Жаудың, алдыңғы шебін бөгелмей-ақ төңкеріп тастадық...

Иә, ханнан! — деген Самедтің, айғайы жиі-жиі естіледі. Айғайына қосыла гранатасы
жарылады.
Айғайсыз шабуыл да өрістей алмайды. Солдат кегін ту татып отыру үшін айғай керек. Оқ,
тиіп құлап түскен жауынгерің де «алға!» деп, бір айғайлап қалады. Айғай соғыстың, ең
кәрі тәңірісі!..
Бөлімдер анда-санда араласып кетіп, жауынгерлерінен көз жазып қалған кіші
командирлер саған келіп:

Үр, Ваня!..— дейді, әмір етіп...

Өзің де ұйықтама!—дейсің...
Кейде есінің әмір беріп қалғаның да басқа бір бөлімнің жауынгері болып шығады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет