Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 197
Стр. 199
Қазақстанның ашық кітапханасы
198
Айғай салсаң даусың жететін жерде сияқтанады. Анау бір алыстан қызарып көрінетін
аласа төбелердің бірінің маңында Ақбота да бар сияқтанады. Соғыс аяғына жақындаған
сайын барлық майдан тұс-тұстан толқындап кеп бір арнаға құйылмақ. Сол кезде Ақбота
екеуміздің жолымыз да тоғысады. Осыны ойлап алдағы күнге сеніммен қарасам да, қазір
Ақботаны бір көруге зармын...
Мен кейде өлең де айтып қоям... Әдейі өзіміздің жақтың әндерін салам. Таныс құлаққа
шалынса-ақ тұра қалатындай етіп, аянбай шырқаймын...
—
Көрінген сонадайдан Гурьевім...
—
Бұл не, жазғытұрымның келіп қалғаны ма? — деп, Самед қалжыңдайды да, Володя:
—
Бәрібір, жаппада отырып салған әнді жарың естімейді... Одан да төбеге шығып
алып сал әніңді...— дейді.
—
Бәрің де айғырдай азынағалы тұрсыңдар? — деп, шорт кесіп, Петр шығып кетеді.
Шынында, әнді далаға шығып алып кергітіп салғым келеді. Бірақ, оған рұқсат жоқ. Бір
жұмыспен өтіп бара жатып бір жаппадан шыққан таныс өнді естіп, Ақбота кіріп келсе
таңданатын да емеспін. Одан ар жағы әзір бұлдыр елестейді...
Жолдас лейтенант, тіл қатуға рұқсат етіңіз!—деп, қолын шекесіне апарып, алдыңа әйелің
келіп тұрса, сен не демексің сонда? Құшақтай аласың, ба, әлде — рұқсат, деймісің?
Етігі тізесіне дейін батпақ, сұр шинельдің етегінен лай тамшылап басына сұр құлақшын
киіп, иығына автомат асып алған келіншек бір түрлі ықғайсыз көрінеді...
Оның үстіне, ол келіншек сенен гөрі үлкенірек офицер болып шығып өзің атып тұрып,
қолыңды шекеңе бұрын апарып қалсаң қалай болар? Әйеліммен кездесудің бұл түрі онша
ұнамайды да, ішімнен «отставить!» деп, басқа бір түрін ойлап қараймын.
Мысалы, мен шұлғауымды бүйірі қызарып тұрған темір пешке кептіріп отырып, «Сәулем-
айға» неге баспаймын, оны Ақбота неге естімейді?.. «Сәулем-ай» мен егіз туғандай
«Қалқам-ай» да бар ғой. Ақбота неге сыртта тұрып соған салып жібермейді?.. Нағыз
«опера» болып шыға келмей ме сонда?.. Бірақ соғыс опера емес, кездесудің бұл түрі де
ертегі сияқтанып, ізсіз өшіп, тез жоғалып кетеді.
Соғыс миллиондаған адамды туған-туысқанынан айырып жіберді. Қазір біздің үйде де
жалғыз кәрі шешем қалды. Қанша қайрат шеккенмен оған да оңай болып қалған жоқ.
Соғыс толқыны қазір бетін батысқа бұрлы, сол жақ қанатында мен кетіп барам, оң жақ
қанатында—Айдаш... Әлде қай жерде Ақбота жүр... Әлдеқайда емес, осы маңда екенін
сезінсең де, кездесер кезің әлі жетпеген сияқты. Ақбота майданда болмай, елде болса,
мүмкін бұдан гөрі жақынырақ, анығырақ сезілер еді.
—
Көрінген Гурьевім...— дегенде, Ақботаны да көргендей болар едім...
—
Құрметті командиріміз, сіздің жүзіңіздің не себептен мұңайып кеткендігін білуге
болар ма екен?.. Қарауыңыздағы адамдарыңызға бұл мұңның қуаныш еместін ескертсек,
ызғарлы қабақтың кәріне кездесіп қалмас па екеміз?..— дейді Володя. Жаурап шыққан
жұртты жылытам деп ол әлі қалжыңдап жүр.
—
Шын жауынгер қайғы-мұң қапасына да түсе қоймас, достым. Жазғытұрым шақ қой,
көшпелі бұлт әлі-ақ сейілер...— деймін, қалжыңға қалжың жауап қайтарып...
Достарыңызбен бөлісу: |