Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 198
Стр. 200
Қазақстанның ашық кітапханасы
199
—
Жау қапасына күшпен апара алмас батыр, жүрек торына өзі барып түсер. ..
Советский солдат, содан сақ болыңдар деген Хожа Насреддин...— деп, жартысын орысша,
жартысын өзбекше сөйлеп, Самед ағай да мені қытықтап қояды.
Хожа Насреддин жайында Самедтің аузы қыбыр етіп қалса болғаны, бәріміз оны қоршап
ала қоямыз:
—
Тағы бір әңгімесін айтшы!
—
Айды қалай аспанға шығарғанын айтшы!..
—
Жоқ...— дейді Самед айтқысы келмесе.— Қайық қазір айналып келіп қалады...
—
Үлгіресің, Самед... Ана топ судан жаңа шығып келе жатыр... Айт...
Айтқысы келсе, Самед орнығып отырып алады да, қайғылы бір әңгіме бастайтындай түсін
суытып, тартып отырған темекіңе дейін тастатады. Содан соң шұбырып әңгіме кетеді. Өзі
айтып, өзі күлмей, еріксіз жұртты күлдіреді. Оның айтқандарының көбі Хожа
Насреддиннің әңгімелері емес, өз әңгімелері екенін анда-санда бір-ақ ұстап қаласың. Хожа
Насреддин Отан соғысының барлық майдандарына барып, солдаттарға фашизмді
түсіндіріп жүреді. Тегеран конференциясына қатынасып, Черчилльге екінші майдан ашу
жайында қитұрқы сұраулар береді:
—
Қалай ойлайсыз,— дейді Хожа Насреддин Черчилльге,— екінші майдан неліктен
созылып кетті?
—
Уақыты жетпей жатыр...— дейді Черчилль оған.
—
Мен уақыты өтіп кеткен шығар деп ем...— деп Хожа Насреддин жүре береді...
Бұл жолы Самед жайланып отырып алып, әңгімесіне кіріскенше, қайту белгісі беріліп
қалды да, жаппамызға қайттық.
Самедтің, кім екенін мен де түгел біліп болғаным жоқ. Алғаш көргенімде жабырқау адам
ба деп қалып ем. Содан бері ылғи бақылай жүремін. Ол бізге толықтыру тұсында келіп
қосылды да, одан бергі арпалыстарда сырласуға қолымыз тиген жоқ. Барлауға шыққанда,
айқас үстінде Самедтің ақылды Да, қажырлы да жауынгер екенін байқадық. Алғашында
жабырқау көрінген адам, енді қалжыңқұмар, күлдіргі айтқыш, әңгімешіл болып кетті.
—
Сталинградта біз бұлай ұрғанбыз! — дегенін естігеннен кейін, мен Самедпен
кеңірек бір сөйлескім келіп, талай жағалатсам да, уақыт болмап еді. Орыс тілін жақсы
білсе де, күлдіру үшін әдейі бура сөйлейтіні бар. Мұғалім бе, агроном ба, есепші ме деп
жүріп ем, аяғында киномеханик болып шықты.
Самед бар тапсырманы ерекше бір жеңілдікпен қитықсыз, қиналыссыз орындап қайтады.
Молла Насреддин ұйықтап қалмаса бірге барып қайтайық деп кетеді де, бар жақсылықты
жинап-теріп соған беріп, өзі аңқаусып:
Молда маған көнбеді, осылай орындады. Келесі жолы жалғыз барамын...— дейді.
Қынжылыс кездерде еріксіз күлдіріп, қандай ауыр күйзелісің болса да, тез тарқатып
жібереді. Бізге қосылғаннан кейін бірер сағаттан кейін-ақ барлық жауынгерлермен сен деп
сөйлесіп кетті. Командирі болған соң маған сіз деп сөйлессе де, көзі: «кел, сен деп
сөйлесейік» — деп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |