Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет215/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 212



Стр. 214

Қазақстанның ашық кітапханасы


213
Жар астында бастаса жатып, капитан Мирошниктің ұғынысы бойынша, Керчь жағасында
болған бірінші «соғыстық кеңесімізді» өткіздік... Етіктегі су ағып кетсін деп, етпетімізден
жатып, аяғымызды көтеріп қойдық.

Біздің қарамақтағы жердің көлденеңі бес метр,— деді Мирошник:—Артымызда
теңіз, алдымызда жау — от пен судың арасында деген осы болады. Тұяқ жектіріпті деген
де осы, шегінер жер жоқ деген де осы... Шабуыл жасаймын десең,, алдыңда жер
жеткілікті... Барлық жағдай шабуылға арналғандай орайласып тұр... Немістер ақмақ емес.
Теңіз жағасын қазір түгел оқпен тінтіп, отпен аластап шығады. Оны күтіп отырмай,
шабуылға өзіміз кешеміз! Керчь біздің совет жері, иесі келгенін көрсетейік! Шегінетін
кезекті жауға ұсынайық...
Мирошник қалжың араластыра сөйлегісі келгендей еді. Мүмкін, арт жағымызда
шегінерлік жер болса, тап осы күйде шабуыл жасауға бармас та едік. От пен судың
арасында қалғанда, біз отқа қарай ұмтылуды қаладық. Аттанарда берген антымызды еске
алдық та, шабуыл жасауға байладық. Колға түссек қайтеміз, құтылғанымыз қайтеміз деген
сөздер ауызға да алынған жоқ. Ешкімнің тірідей қолға түспейтінін жаңағы теңіз сынының
өзі-ақ көрсетіп еді.
Жиырма жауынгер ешбір қаланы да босата алмайды, түгел бір жарты аралдан жауды
айдап та шыға алмайды. Бірақ берік бір бекініске табан тіреп алса, арт жақтан келер мол
күшке дейін шыдай алады. Ревякин айтқан шыдам да осы сияқтанады. Бұған, әрине, бас
керек.
Біздің басымыз капитан Мирошник. Талай сыннан сүрінбей өткен сенімді жиырма
жауынгер, бастай білсең, едәуір күш. Мұнда біз қыдырып қайтуға келген жоқпыз. Отаның
үшін жаныңды қияр жер осы болса, оған біз әлдеқашаннан дайын! Бірақ, арзан өлімге
дайын біріміз де жоқ. Өлігімізді көрген жау — жаны болаттан жаралған ба!—дейтін
болсын... Жоқ, алар мақтауымыз болса, жаудан алу емес, өзіміздің елден алу!
Етіктегі су тіземізге құйылып, тіземізден жерге кетіп, үстіміз де едәуір жеңілденіп қалды.
Қару-құралдарымызды сүртіп, тексеріп алдық. Жиырма жауынгер екі топқа бөлініп, сол
жақтағы топты капитан Мирошник алды, оң жақтағысын маған тапсырды. Бұл жердің
жағдайымен біраз танысқанымыз да бар еді. Мирошник соны қайта бір анықтап бергісі
келіп:

Тым шетірек келіп түспеген болсақ, осы арадан екі километр шамасында
«Эльтиген» поселкесі болу керек,— деді.— «Эльтигеннен» атылған оқтай ағып етуіміз
керек!

Иә, оқтай ағып...— деп, Самед бір қалжың айтқысы келін барып тоқтады.

«Эльтигеннің» солтүстік бетінде жарты километр жерден биік оба-қорғандар
басталады. Біздің ротаға берілген әмір сол обалардың бірін алу болатын. Әмір сол күйінде
қалады. Түсінікті ғой?

Түсінікті, жолдас капитан.

Ендеше, түйілер жеріміз де, аларымыз да сол биік қорған-оба болады!
Жиырма жігіт жиырма түрлі ұран шақырып, шабуылға ұмтыламыз:

Отан үшін! Қырым үшін!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет