Строительные нормы и правила рк предприятия розничной торговли



бет9/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#147878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4.5.4 Вакуумдық шаңжинағыштың орталықтандырылған немесе аралас жүйесін сауда ауданы 6500 м2 және одан артық дүкендерде қарастырған жөн. Сауда ауданы кіші дүкендерде шаңжинағыш жүйелердің қажеттілігі жобалау тапсмырмасымен белгіленеді.

4.5.5 Шаңжинағыштың аралас жүйесін жобалау кезінде қызмет көрсетудің бір қабылдау клапанының радиусы 50,0 м-ден аспау керек.

4.5.6 Шаңжинағыштың орталықтандырылған немесе аралас жүйесі болмаған жағдайда шаңсорғыштар сүзгілерін тазалау камерасын орнату жобалау тапсырмасында анықталады.
5 ДҮКЕНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Сауда бөлмелері

5.1.1 Дүкендердің сауда ауданына сауда залдары мен қосымша қызмет көрсетуге арналған бөлмелер кіреді, сондай-ақ көше жағындағы экспозициялық сөрелер ауданы оларды еденге оналастыру жағдайында залдың еденімен бір деңгейде болады (9 - қосымшасы бойынша). Қосымша қызмет көрсету элементтерінің тізбесі тәртіпке енгізілмейді және жобалау тапсырмасы бойынша 2-қосымша ескеріле отырып, белгіленеді.

Сауда залындағы белгіленген ауданның ең аз коэффициентін 0,25- ке тең деп қабылдаған жөн.



5.1.2 Өзіне өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда залдарын жобалау кезінде орталықтандырылған есептеу желілерінің (қабат бойынша немесе тұтастай) және сатып алушылардың жеке заттарын қоюға арналған сөрелердің орналастырылу мүмкіндігін қарастырған жөн.

5.1.3 Өзіне өзі қызмет көрсететін дүкендердегі бақылаушы-кассирлердің жұмыс орнындарының санын бір бақылаушы-кассирге келетін сауда залының ауданына байланысты қабылдау керек:

- азық-түлік дүкендерінде - 100 м2 дейін, қоса алғанда;

- азық-түліктік емес дүкендерде - 160 м2 дейін, қоса алғанда.

Есептік торап ауданын сауда залы ауданының 15 % көп емес деп қабылдау керек. Есепте бақылаушы-кассирлердің жұмыс орнындарының саны қосымша қызмет көрсетуге арналған сауда залы ауданында, сондай-ақ сәйкес мақсаттағы бөлмелер ауданында ескерілмейді.



5.1.4 Дүкен сауда залдарындағы жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені 7-қосымшаға сай анықталу керек.

5.1.5 Тапсырыс (немесе сыйлық жинақтарын жинақтау) бөлімдерінің ауданын 8-қосымшаға сәйкес ең кіші ауданының шекті көрсеткіші бойынша анықталатын есептіктен кем емес етіп қабылдау керек.

5.1.6 Кафетерий ауданын 9-қосымшаға сәйкес ең кіші ауданының шекті көрсеткіші бойынша анықталатын есептіктен кем емес етіп қабылдау керек. Дүкендердің құрамында қарастырылған шырын-барлардың, кулинария бөлімдерінің және басқа да тамақтану кәсіпорындарының ауданын ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 талаптарын ескере отырып, жобалауға берілетін тапсырма бойынша қабылдау керек.

5.1.7 Қосымша қызмет көрсететін басқа бөлмелердің аудандарын 10-қосымшаны ескере отырып, жобалау тапсырмасымен анықтау керек.

Жеке тұрған азық-түлік дүкенінде жобалау тапсырмасы бойынша тиісті бөлімде (немесе бөлімдерде), сондай-ақ жедел тамақтану кәсіпорнында сатылатын тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі аспаз цехын қарастыруға рұқсат етіледі.



5.1.8 Көше жағынан экспозициялық аумақтары бар сөрелерді орналастыру кезінде сөрелердің салқындататын беттерінің суланып кетуден қорғауды, ал қажет болған жағдайда (осы нормалардың 4.1.11 т. талаптарын ескере отырып) тікелей күн сәулесінен қорғауға арналған қондырғыларды қарастырған жөн.
5.2 Тауарларды қабылдау мен сақтау және тауарларды сатуға дайындау бөлмелері

5.2.1 Түсіру платформаларының деңгейі, ереже бойынша, автомобиль алаңының деңгейінен 1,1-1,2 м-ге биік болу керек.

Түсіру платформасының деңгейін төмендегідей қарастыруға болады:

- тауарларды жеткізу үшін аз жүүкке бейімделген және жеңіл автомобильдерді пайдаланған кезде – автомобиль алаңының деңгейінен 0,6-0,8 м биік;

- жобалау тапсырмасында түсіру-көтеру құралдары бар болса – автомобиль алаңымен бір деңгейде.

Тікбұрышты үлгідегі платформаның ең кіші тереңдігі 4,0 м тең, біршама тар жердегі ара тәрізді үлгідегі 2,5 м болу керек.

5.2.2 Түсіру орындарының есептік санын 4-кесте бойынша қабылдау керек.

Сауда орталықтарында жүк түсіру орындарының жалпы саны әрбір сауда кәсіпорны бойынша есеп айырысу шамасы ретінде қабылданады. Олардың жалпы санының шамасын 15 % дейін қысқартуға рұқсат етіледі.


4-кесте


Дүкен сипаттамасы

Жіктемелік топ

Сауда ауданы, м2

Түсіру орындарының есептік саны, кем емес

1

2

3

4

Жиын түрлері әмбебап азық-түліктік

IАТ

400 және одан кем

1

400-ден 1000-ға дейін

2

1000-нан 1500-ге дейін

3

1500 астам

4

Жиын түрлері кеңейтілген, шағын немесе шектелген мамандандырылған азық-түліктік («Көкөністер-жемістерден» басқа)

II АТ

100 және одан кем

1

III АТ

IV АТ

«Көкөністер-жемістер» мамандандырылған азық-түліктік

IV АТ

400 және одан кем

1

400-ден 1000-ға дейін

2

Жиын түрлері әмбебап және жиын түрлері кеңейтілген мамандандырылған азық-түліктік емес

I АТЕ

650 және одан кем

1

II АТЕ

650-ден 1500-ге дейін

2




1500-ден 4500-ге дейін

3




4500-ден 6500-ге дейін

4

6500-ден 8500-ге дейін

5

8500-ден 13500-ге дейін

7




13500 астам

8

Жиын түрлері толық мамандандырылған азық-түліктік емес «Жиһаз», «Құрылыс материалдары»

VI АТЕ

мөлшерленбейді

1

VII АТЕ

Ескерту - Жиын түрлері толық мамандандырылған IIIН және IVН топтарының азық-түліктік емес дүкендерінде сатып алынған тауарларды жөнелту үшін түсіру орындарын (сауда ауданы 1000 м2 дейін, қоса алғанда - 1 түсіру орны, 2000 м2 артық болса - 2 түсіру орны) қосымша қарастыру керек.


5.2.3 Жүк түсіру платформаларын сауда ауданы 1500 м2 аспайтын азық-түлік дүкендерінде және сауда ауданы 3000 м2 аспайтын азық-түліктік емес дүкендерде қалқа астында (барлық платформаны және 1,0 м машина қорабын жабатындай) орналастыруға жол беріледі. Сауда ауданы үлкен дүкендерде (жобалау тапсырмасына сәйкес жылытылатын немесе жылытылмайтын) жүк түсіру бөлмелерін, соның ішінде жерасты тоннельдері немесе арнайы аулалары арқылы жүк тиеу бөлмелерімен қоса) қарастыру қажет. Жаң салынған сауда ауданы 1500 м2 және одан кем азық-түлік дүкендерінде және сауда ауданы 3000 м2 және одан кем азық-түліктік емес дүкендерде жерүсті жүк тиеуін қарастыруға жол беріледі. Тұрғын ғимараттарға құрамдас -жапсарлас салынған немесе құрамдас салынған дүкендерде жүк түсіру бөлмелерін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қарастырған жөн.

5.2.4 Сауда ауданы 1500 м2 аспайтын дүкендерді қайта құрылымдау кезінде тауарларды жүк түсіру алаңынсыз тікелей қабылдау бөлмесіне түсіру тәсілін қалдыруға рұқсат етіледі. Сауда ауданы 1500 м2 астам дүкендерді қайта құрылымдау кезінде, ереже бойынша, жерасты жүк тиеуін жобалау керек, ал ауданы 1500 м2 және одан кем болса, жерасты жүк тиеуіне рұқсат етіледі.

Тұрғын ғимараттардың құрамдас -жапсарлас немесе ішіне салынған сауда ауданы 250 м2 дейінгі дүкендерді қайта құрылымдау кезінде пәтерлердің терезелері мен кірер есіктері бар қасбет жағынан жүк тиеу тәсілін қалдыруға болады. Бұл жағдайда жүк тиелетін орынның үстінен қалқа қарастыру керек. Пәтерлердің терезелерінің үстінен дебаркадерлер орнатуға жол берілмейді.



5.2.5 Ашық жүк түсіру алаңдарын, ереже бойынша, дүкендердің оқшауланған шаруашылық аулаларында орналастыру керек. Мұндай аулаларды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда шағын аудандардың қоғамдық ғимараттарын, қоғамдық аймақтарын немесе тұрғын ғимараттардың түкпір жақтарын бағдарлау керек. Дүкендер аумағындағы қоқыс контейнерлеріне арналған шаруашылық алаңшаларын орналастыру кезінде бұл алаңдар арасындағы ара қашықтық тұрғын ғимараттардың терезелерінен, мектепке дейінгі балалар және жалпы білім беру мекемелерінің, сондай-ақ тұрақты типтік емдеу мекемелерінің шекараларынан 20 м-ден кем болмауын қарастыру керек.

5.2.6 Тауар түсірулері қалқа астында жүргізілетін дүкендерде қабылдау бөлмелерін бір жүк түсіру орнына 12 м2 кем болмайтын есеппен қарастыру керек.

5.2.7 Жабық бөлмелердегі және қалқа астындағы автомобильдерге арналған көлбеушелердің еңісі 16 %-дан, ал ал ашық аумақтарда 8 %-дан аспауы керек.

5.2.8 Машиналардың тұйықтала орналасуы кезінде жабық жүк түсіру бөлмесін кеңдігі аз тонналық машиналар үшін 8,0 м-ден кем (қақпадан түсіру тұғырнамасына дейін) болмайтындай және үлкен жүк автомашиналары үшін (рефрижераторлар, тіркемелі автокөліктер) - 12,0 м кем болмайтындай жобалау керек.

Жүк түсіру бөлмесінің биіктігі немесе қалқа астындағы кеңістік кіру қақпасының ені 3,6 м болғанда көліктің өту жолының деңгейінен шығыңқы құрылымдарға дейін - 4,2 м-ден және биіктігі 4,2 м-ден кем болмауы керек. Егер жобалауға тапсырма бойынша үлкен жүк автокөліктерін пайдалану қарастырылмаса, жүк түсіру бөлмесінің биіктігін 3,6 м тең етіп, сондай-ақ кіру қақпасының ені мен биіктігін 3,6 м-ден кем болмайтындай етіп алуға рұқсат етіледі. Автомобильдер мен өзге де көліктердің өту жолдарындағы бағаналар, қабырғалар және қабырғалардағы қуыс бұрыштары биіктігі 1,6 м-ден кем болмайтын соққыға төзімді материалдармен механикалық зақымданулардан қорғалуы керек.



5.2.9 Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендерде сатуға шығарылған тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің ауданын 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сауда жүргізілмейтін бөлмелердің аталған топтарына арналған ауданның меншікті көрсеткіштері бойынша анықталатын есептеу көрсеткішінен кем болмайтындай қабылдау керек. Жылытылатын бөлмелерде тауарларды түсіру кезінде оның ауданын сатуға шығарылған тауарларды қабылдау, сақтау және дайындауға арналған бөлмелердің ауданына енгізу керек.

Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің құрамын 11 және 12-қосымшаларға сәйкес қабылдау керек.



5.2.10 Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің тобындағы дәліздердің енін дүкен мен пайдаланылатын көлік жабдығының шамасына қарай сауда залының ауданы 250 м2 дейін болса - 1,6 м кем болмайтындай, 250 м2 артық болса - 1,8 м кем болмайтындай және электрленген көлікті пайдаланған кезде сауда залының кез келген ауданында - 2,3 м кем болмайтындай етіп қабылдау керек. Ауданы 10 м2 артық тауар сақтау бөлмелері мен қоймаларының есіктері ені 1,3 м-ден және биіктігі 2,3 м-ден кем болмайтындай қос қақпалы болу керек, ауданы олардан кіші қоймаларға ені 0,9 м-ден кем болмайтын, биіктігі 2,3 м-ден кем болмайтын бір қақпалы есік орнатуға рұқсат етіледі. Қалқа астында орналасқан жүк түсіру тұғырнамасы мен дүкен бөлмелерінің арасындағы есіктердің ені 1,6 м кем болмайтын, биіктігі 2,3 м кем болмайтын қос қақпалы (немесе жылжымалы) болу керек.

5.2.11 Ортақ қоймаға:

- азық-түлік дүкендеріндегі сауда залының ауданы 100 м2 аспаса және тауарды қатар қою ережесі сақталатын болса;

- азық-түлік сатылмайтын дүкендердегі сауда залының кез келген ауданында целлулоидті, парфюмерлік және аэрозольді иісті тауарлардан, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтардан басқа тауарларды қоймалауға жол беріледі.

Қоймалар ауданында сатуға арналған тауарларды дайындауды қарастыруға жол беріледі. Тоңазытқыш камераларды есептеу температуралары бойынша және тағамдардың сипаттамасы ескеріле отырып, біріктіруге рұқсат етіледі.



5.2.12 Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелеріне дәретханалар, душтар және канализацияға су жіберуге арналған тораптарының астында орналастыруға жол берілмейді.

Дүкендердің үстінде техникалық қабат болған жағдайда (тұрғын ғимараттарға немесе өзге қызметтік мақсаттағы ғимараттардың ішіне-жапсарлас немесе ішіне салынған) тауарларды сақтауға және сатуға дайындау бөлмелерін орналастыруға канализациялық тікқұбырларды салу бұл бөлмелер шегінен тыс салынған жағдайда шектеу қойылмайды.

Жуыну бөлмелерінде, дәретханалар мен сусебезгілерде суды канализацияға жіберу траптарын қарастыру керек, ал еден белгісі көрші бөлмелердің еден белгісінен 0,02 м төмен болу керек.

5.2.13 Тоңазытқыш камераларды, ереже бойынша, оған ені 1,3 м кем болмайтын қақпа арқылы кіретін бірыңғай блокпен жобалау керек.

Бірыңғай блоксыз тоңазытқыш камераларын оларға тиісті қойма арқылы кіретін екіден артық болмайтын камераларды орналастыруға рұқсат беріледі. Есептеу температурасы 2 °С және одан жоғары тоңазытқыш камераға кіру кезінде қақпаны қарастырмауға рұқсат етіледі. Температурасы төмен камераға (немесе камералар блогына) кіруді жеке қақпа арқылы қарастыру керек.



5.2.14 Тоңазытқыш камераларды жоғары қазанпештермен, бойлерлік, жуыну және өзге де температурасы мен ылғалдылығы бөлмелермен қатар, сондай-ақ олардың үстіне немесе астына орналастыруға рұқсат берілмейді.

5.2.15 Суытылған өнімдерді, сондай-ақ балмұздақтарды сақтауға арналған төмен температуралы камералардағы тоңазытқыш камералардың қоршау құрылымдарының жылуоқшаулағышын камералардағы ішкі есептік температурасына сәйкес, бірақ минус 18 °С-тан төмен болмайтындай, қалған камераларда плюс 4 °С-тан жоғары болмайтындай жобалау керек. Тоңазытқыш камералардың қоршау құрылымдарында су құбыры мен канализация құбырларын, желдету қораптары мен электр кабельдерін жүргізуге жол берілмейді.

5.2.16 Тоңазытқыш камералардың биіктігі таза қалпында 2,7 м-ден кем болмауы, бірақ 3,5 м-ден артық болмауы керек. Жоғары биіктікте камералардың үстінен камералар мен жоғары қабаттың арасында желдеткіш кеңістігі бар дербес жабын қарастыруға рұқсат етіледі, ал оларды тұрғын үй қабаттарының астына орналастыру қажет болған жағдайда камералардың жабыны ғимараттың қабатаралық жабынынан желдету кеңістігімен бөлінуі керек.

5.2.17 Тоңазытылатын камералардың машина бөлімшелерінде сауда залындағы сөрелерді сауда залымен қатар немесе оның астында орналасқан арнайы бөлмеде агрегаттар орнату арқылы орталықтандырылған салқындату жүйесін қарастыру керек. Тоңазытқыш камералардың машина бөлімшесін тұрғын үй бөлмелерінің астында орналастыруға рұқсат етілмейді. Ауамен салқындату жүйесі жұмыс істеген жағдайда машина бөлімшелерінің биіктігі таза қалпында 2,7 м-ден кем болмауы, бірақ 3,5 м-ден артық болмауы керек.

Тоңазытқыш агрегаттарды машина бөлімшесіндегі камерамен қатар немесе камера жанында дәлізден биіктігі 1,5 м кем болмайтын металл тормен (қос қақпалы есікпен) бөлінген алаңда орнатылу керек.


5.3 Қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер

5.3.1 Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендердегі қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелердің ауданын 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сауда жүргізілмейтін бөлмелердің аталған топтарына арналған ауданның меншікті көрсеткіштері бойынша анықталатын есептеу көрсеткішінен кем болмайтындай қабылдау керек.

Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендердегі қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелердің құрамын 11 және 12-қосымшаларға сәйкес қабылдау керек. Дүкендердің тұрмыстық бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық жабдықтар санын қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықтау керек.


6 ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУ
6.1 Жалпы ережелер.

6.1.1 Жеке тұрған ғимараттарда, көп қызметтік кешендерде, қоғамдық ғимараттар мен орталықтарда орналасқан дүкендердің жылумен, сумен жабдықталуын, ереже бойынша, жеке жылыту пункттерінен (ЖЖП) қарастыру керек.

Қалған жағдайларда сауда кәсіпорнын жылумен, сумен жабдықтау үшін жылыту пунктінің типін таңдауды қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру керек.


6.2 Сумен жабдықтау және канализация

6.2.1 Дүкендерде: қолданыстағы нормативтік құжаттар мен осы бөлімнің талаптарына сәйкес жобаланған ыстық және суық судың шаруашылық-ауыз су құбырын, тұрмыстық канализацияны, суағарларды, ішкі, өртке қарсы су құбырларын қарастыру керек.

6.2.2 Дүкендерде ыстық және суық судың су есептеу қондырғысын қарастыру қажет. Су өлшеу тораптарын дүкендерге су кіргізілетін құбыр басында орнату керек. Тұрғын үйлердің, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың құрамдас -жапсарлас және ішіне салынған дүкендердің ыстық және суық су енгізу құбыры ортақ болған жағдайда құбырлардың жеке тармақтарына қосымша су есептеу қондырғысын орнату керек.

6.2.3 Тұрғын ғимараттардың, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың құрамдас -жапсарлас және құрамдас салынған дүкендердің канализация жүйелерін, ереже бойынша, бұл ғимараттардың канализациялық жүйелерінен бөлек қарастыру керек.

6.2.4 Жерасты және шығыңқы ірге қабаттардағы дүкендерге санитарлық-техникалық құралдар орнату қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалу керек.

6.2.5 Жеке тұрған дүкендердің ЖЖП (қалалық су құбыры желісінің қысымы жетіспеген жағдайда) шаруашылық және өртке қарсы сорғылар орнатуды қарастыру керек.

6.2.6 Азық-түлік дүкендеріндегі тоңазытқыш агрегаттар үшін, ереже бойынша, ауамен салқындату қарастырылу керек. Оны орнату мүмкін болмаған жағдайда сумен қамтудың айналымдық жүйесін қарастыру керек. Жүйені қоректендірудегі айналымдық сумен қамтудағы су шығындарын құрылыс аумағындағы судың тұтынылуын бақылайтын тиісті органдармен келісу керек.

6.2.7 Жинау мүліктерін сақтауға арналған бөлмелерде раковиналар, траптар, сондай-ақ ыстық және суық су крандары қарастырылу керек. Сатуға арналған азық-түлік тауарларын дайындауға арналған бөлмелерді раковиналармен және жуыну ванналарымен жабдықтау керек. Тамақтану кәсіпорындарының дүкен қызметкерлері мен келушілерге арналған қосалқы бөлмелері ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 тамақтану кәсіпорындары талаптарына сәйкес жабдықталу керек.

6.2.8 Сауда ауданы 8500 м2 және одан артық әмбебап дүкендерің, сондай-ақ сауда ауданы 1000 м2 және одан артық азық-түлік дүкендерінің сауда залдарында едендерді ылғалдап жинауға арналған тораптар мен суландыру крандары орнатылу керек.

6.2.9 Тамақ қалдықтары камераларының жанындағы қақпа раковинамен және кіші бактарды шаюға арналған жуғышпен жабдықталу керек.

6.2.10 Зоологиялық тауарлар сатылатын «Балықтар» және «Табиғат» дүкендерінің сауда залдарында жобалау тапсырмасы бойынша аквариумдар жобалауға рұқсат етіледі.

6.2.11 Автоматты өрт сөндіру жүйесі бар болған жағдайда қолданыстағы нормативтік талаптардың құжаттары ескерілу керек.
6.3 Жылыту және желдету

6.3.1 Дүкендердің жылытылуын, желдеткішін, ауа баптағышын және түтінге қарсы апаттық желдеткішін қолданыстағы нормативтік құжаттарға және осы бөлімнің талаптарына сәйкес жобалау керек.

6.3.2 Ауданы 400 м2 және одан артық сауда залдары үшін, сондай-ақ жүк түсіруге арналған бөлмелер үшін сумен жылыту жүйелерінің бөлек тармақтарын қарастыру керек.

6.3.3 Дүкендердің сауда залдарындағы кезекшілік жылыту плюс 10 °С ауа температурасына есептелу керек.

6.3.4 Дүкенде жылу беру шығынының есебі қарастырылу керек.

6.3.5 Тұрғын ғимараттың құрамдас салынған немесе құрамдас -жапсарлас салынған дүкендердің жылу жүйесін ғимараттың тұрғын ғимарат бөлігінің жылу жүйесіне қосуға рұқсат етілмейді.

6.3.6 Ғимаратта бірнеше дүкен орналасқан жағдайда олардың әрқайсысы үшін сумен жылыту және желдету жүйесінің бөлек тармақтары жобалану керек, сондай-ақ жылу беру шығынының жеке есебін қарастыру керек.

6.3.7 Дүкеннің сауда залына кіре берісінде қысқы кезеңде салқын ауаның және жазғы ыстық кезеңінде жылы ауаның ішке өтуіне кедергі келтіру үшін есептеліп орнатылатын ауамен жылыту шымылдығын:

- кіретін есік арқылы бір сағат ішінде өтетін адам саны 250-ден асқан жағдайда;

- бір сағат ішінде кітетін адам санына қарамай, кіру және шығу есіктерінің арасында жапсарлас жұмыс орны орналасқан жағдайда жобалауға рұқсат етіледі

6.3.8 Жүк түсіру бөлмелері қақпаларының ауамен жылыту шымылдықтарын сауда ауданы 1500 м2 және одан жоғары азық-түлік дүкендерінде, сондай-ақ сауда ауданы 2500 м2 және одан артық азық-түлік сатылмайтын дүкендерде жобалау керек.

6.3.9 Бөлмелердегі есеп айырысу температурасы мен ауа алмасу еселігін 13-қосымшаға сәйкес қабылдау керек.

6.3.10 Сауда ауданы 400 м2 дейінгі азық-түлік дүкендерінде және азық-түлік сатылмайтын дүкендерде табиғи қозғалтқышты желдеткіш жобалауға рұқсат етіледі.

6.3.11 Сауда ауданы 400 м2 және одан жоғары дүкендердің механикалық түйсікті желдеткішпен жабдықталған бөлмелеріндегі тарту көлемі толығымен өтелу керек.

6.3.12 Желдету және баптау жүйелерін есептеу кезінде сауда залдарындағы адамдар санын сауда залының бір адамға шаққандағы ауданы бойынша:

- жиһаз, музыка, аудио-, бейне-, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасы, спорт және зергерлік бұйымдар дүкендері үшін - 6 м2;

- өзге де азық-түліктік емес дүкендер, сондай-ақ азық-түлік дүкендері үшін - 5 м2 (немесе технологиялық тапсырма бойынша) анықтау керек.

6.3.13 Дүкендердің сауда залдары мен қызмет бөлмелерінің шыныланған ойықтарын батысқа немесе оңтүстік батысқа бағдарлау кезінде терезе немесе бөлме баптағыштарын орнатуды қарастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет