Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет20/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
14
5.3.1.6 Құрама элементтерді орнату барысында бағдарларды қиыстырудан шекті 
ауытқулар, оған қоса монтаждаумен аяқталған конструкциялардың геометриялық 
параметрлерінің дәлділігіне қатысты талаптар жобалық құжаттамада айқындалуы тиіс.
 
5.3.2 Іргетастарды, негіздерді қҧру және конструкцияларды орнату
 
5.3.2.1 Іргетастарды және негіздерді құру бойынша жұмыстар ҚР ҚН 5.01-01, 
ҚР ҚН 5.01-02 талаптарымен, осы тараудың және жобаның нұсқауларымен сәйкес 
орындалуы тиіс. 
5.3.2.2 Қадаларды және қада - қабықшаларын қағып батыру, бұрғылау қадаларын 
құру, құдықтарды құру және түсіру, терең емес орналасатын іргетастарды құру 
ҚР ҚН 5.01-03, ҚР ҚН 5.01-12, ҚР ҚН 3.03-12 бойынша орындалуы тиіс. 
5.3.2.3 Екі ӛзара перпендикуляр бағыттар бойынша бӛлектеу осьтеріне қатысты алғанда,
стақан типті іргетастардың блоктарын және олардың элементтерін жоспарда орнату 
барысында орнату дұрыстығының бақылауын қамтамасыз ету қажет. 
5.3.2.4 Ленталық іргетастардың және жертӛле қабырғаларының блоктарының орнатуын 
белгілі бір тәртіппен маяк блоктарын ғимараттың бұрыштарында және осьдердің 
қиылысында орнатудан бастап, орындау қажет. Қатардағы блоктардың орнатуын маяк 
блоктардың жоспардағы және биіктігі бойынша орналасу күйін дәлдеген соң орындау қажет. 
5.3.2.5 Жертӛле қабырғаларының блоктарын орнату бойынша жұмыстарын орындау 
барысында байлаудың орындалуын қадағалау қажет. Қатардағы блоктарды, астыңғы жағын 
астыңғы қатар блоктарының жиегі бойынша бағыттап орнату қажет, жоғары қарай - 
бӛлектету осьі бойынша. Сыртқы қабырғалардың жер деңгейінен тӛмен орнатылатын 
блоктарын қабырғалардың ішкі жағы бойынша, ал жоғары қарай - сыртқы жағы бойынша 
туралау қажет.
5.3.2.6 Ұстындардың және рамалардың жобалық орналасу күйі екі ӛзара 
перпендикулярлық бағыттар бойынша дәлдеу қажет. 
5.3.2.7 Жобалық ұйым келісімінсіз биік белгілерді туралау және оларды 
орналасудың тік күйіне келтіру үшін жобада қарастырылмаған аралықтарды ұстындардың 
түйісетін жерлерінде және рамалардың тағанында қолдануға жол берілмейді. 
5.3.2.8 Элементтердің жабылатын бой бағытында тӛсеуін оларды немесе 
қиылысатын элементтер арасындағы саңылауларын тіреу конструкцияларына тіреу 
тереңдігінің жобамен орнатылған ӛлшемдерін сақтап орындау қажет. 
5.3.2.9 Сыртқы және ішкі қабырғалар панельдерінің орнатуын оларды монтажды 
кӛкжиекке қатысты алғанда дәлденген маякқа тіреп, орындау қажет. Маяктарды жасайтын 
материалдың беріктігі ұяны құру үшін қолданылатын жобамен орнатылған ерітіндіні қысу 
беріктігінен жоғары болмауы тиіс. 
5.3.2.10 Монтаждық қабатқа қатысты маяктар белгілерінің ауытқушылығы жол 
берілген шектен аспауы тиіс. Оны салыстырғаннан және ерітінді салғаннан кейін панель 
шет жағының арасында саңылау болмауы тиіс.
5.3.2.11 Желдету блоктарын орнату барысында арналардың біріктірілуін және кӛлденең 
тігістерді ерітіндімен мұқият толтыруын қадағалау қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет