Строительные нормы республики казахстан


Толық қҧрамалы ғимараттар сыртқы қабырғалары тҥйістерінің су, ауа



Pdf көрінісі
бет23/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

5.3.6 Толық қҧрамалы ғимараттар сыртқы қабырғалары тҥйістерінің су, ауа 
және жылу оқшаулағышы 
 
5.3.6.1 Жылу берудің, ауа, су және бу ӛткізгіштігінің, дыбыс оқшаулауының, сыртқы 
қабырғалардың және терезе мен есік блоктарының қабырғалық панельдерге жанасу 
түйіндерінің деформациялық тұрақтылығының жылу беру кедергісінің негізгі пайдалану 
сипаттамаларының кӛрсеткіштері жұмыстық құжаттамамен айқындалуы тиіс. 
5.3.6.2 Терезе мен есік блоктарының қабырға ойықтарына жанасу түйіндерінің 
монтажды тігістердің конструкциялары әрекеттегі нормативті құжаттардың және осы 
құрылыстық нормалардың талаптарына сай келуі тиіс. 


ҚР ҚН 5.03-07-2013 
17
5.3.6.3 Монтажды түйіндердің түйіскен жерлері және жіктері түрлі пайдаланушылық 
әсерлерге тӛзімді болуы тиіс: атмосфералық факторларға, температуралық – ылғалдылық 
әсерлеріне тарапынан бӛлме, күш (температуралық, механикалық, отырғызу және т. б.) 
әсерлеріне. 
5.3.6.4 Түйіскен жердің және жанасудың монтажды жігінің жылу беруінің қарсыласу 
ӛлшемі, терезе және есік еңісінің нормативті – техникалық құжаттармен талап етілетін 
кӛрсеткішінен тӛмен емес конструкцияның ішкі бетінің температурасын қамтамасыз етуі 
тиіс. 
Түйіскен жердің және монтажды жіктің ауа, су ӛткізбеу қабілетінің, дыбыс 
оқшаулауының кӛрсеткіштерінің мәні конструкцияларда және ӛнімдерде қолданылатын 
осы кӛрсеткіштердің мәндерінен кем болмауы тиіс. 
5.3.6.5 Жылу оқшаулағыш астарларды ауа оқшаулауын құрған соң сыртқы 
қабырғалардың панельдерінің тік түйіскен жерлерінің құдықтарына орнату қажет. 
Астарлардың материалдарында осы материалдардың стандарттармен немесе 
техникалық шарттармен орнатылған ылғалдылығы бар болуы тиіс. 
5.3.6.6 Жабық типті түйіскен жерлерде сыртқы қабырға панельдерін қапсырмалай 
отырып қиыстыру барысында, дренаждалған типті кӛлденең түйіскен жерлерде 
(белдемшенің суды бұрап жіберетін аймағында), ашық типті кӛлденең түйіскен жерлерде, 
оған қоса саңылау айдарлы конструкциялардың панельдерінің түйіскен жерлерінде 
панельдерді монтаждауына дейін тығыздағыш тӛсемелерді орнатуға жол беріледі. Осы 
кезде аралықтар жоба ережесінде бекітілуі тиіс.
5.3.6.7 Қалған басқа жағдайларда тығыздағыш тӛсемелерді орнатуын панельдерді 
монтаждауынан кейін атқару қажет. 
5.3.6.8 Тығыздағыш тӛсемелерді сыртқы қабырғалар панельдерінің түйісетін ілесуін 
құрайтын беттерге қағуға рұқсат етілмейді. 
5.3.6.9 Тығыздағыш тӛсемелерді түйісетін жерлерге үзулерсіз орнату қажет. 
Түйісетін жерлерді екі бірге шалысқан тӛсемелермен тығыздауға жол берілмейді. 
Жӛндеу жұмыстарын орындаған кезде бекіту мастикаларын шпательмен енгізуге 
жол беріледі. Мастиканы сұйылтуға және оны бояу жаққышпен салуға жол берілмейді. 
5.3.6.10 Түйістерге тӛсемдерді орнату кезінде қысу деңгейі олардың кӛлденең 
қимасы диаметрінің (енінің) белгіленген шегінен кем болмауы тиіс.
5.3.6.11 Мастиканың жағылған қабаты саңылаусыз жапсардың барлық қуыстарын 
берік тӛсемге дейін толтыруы, жарықшақтар, бұжырлар болмауы тиіс. 
Мастиканың жағылған қабатының қалыңдығы жобамен орнатылған кӛрсеткішіне 
сай келуі тиіс. Мастика қабатының қалыңдығының жобалық түрінен шекті ауытқуы жол 
берілген шамадан аспауы тиіс. 
Жағылған мастикалардың панельдің бетінен үзілуге қарсыласуы мастиканың 
сәйкесінше нормативтік құжаттарда келтірілген кӛрсеткіштерге сай келуі тиіс. 
5.3.6.12 Түйіскен жерлерді оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау жұмыстарды 
күнделікті жұмыс журналына тіркеу қажет. 
Түйістерді оқшаулау құрылғысы бойынша ҚР ҚН 1.3-00 сәйкес жасырын 
жұмыстарды куәландыру актісін құрастыру қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет