Строительные нормы республики казахстан


 Конструкцияларды монтаждаудың қосымша ережелері



Pdf көрінісі
бет28/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

5.4.8 Конструкцияларды монтаждаудың қосымша ережелері
5.4.8.1 Осы қосымша ережелер бір қабатты ғимараттардың (оның ішінде «құрылым» 
түріндегі жабындардың, кран эстакадаларының және т. б.) конструкцияларын 
монтаждауға және қабылдауға таралады. 
5.4.8.2 Ғимараттардың қаңқасын тұрғызған кезде конструкцияларды орнату кезегі 
мен ережелерін белгілеу талап етіледі. 
5.4.8.3 Бір қабатты ғимараттардың конструкцияларын монтаждаған кезде 
монтаждалған конструкциялардың іс жүзіндегі орнының шектік ауытқуларын бақылауды 
қамтамасыз ету қажет. 


ҚР ҚН 5.03-07-2013 
22
5.4.8.4 Конструкцияларды физикалық әдіспен монтаждаған кезде дәнекерлік 
қосылыстар сапасын талап етілген кӛлемде радиографиялық немесе ультрадыбыстық 
әдіспен бақылауды қамтамасыз ету қажет. 
5.4.8.5 Осы қосымша ережелер биіктігі 150 м дейінгі кӛп қабатты ғимараттарды
монтаждауға және қабылдауға таралады. 
5.4.8.6 Конструкцияларды ірілендіріп құрастыруды жүргізген кезде құрастырылған 
блоктардың мӛлшерлері мен блок құрамына кіретін жекелеген элементтер орнының 
белгіленген мәндерден шектік ауытқуларының сәйкестігін қамтамасыз ету қажет. 
5.4.8.7 Конструкцияларды қабат-қабатымен орнату қажет. Келесі қабаттағы 
жұмыстарды тӛменгі қабат конструкцияларының барлығын жобалық бекітуден кейін ғана 
бастау керек. 
5.4.8.8 Монолиттік жабынды бетондауды монтаждалатын конструкциялардың 
беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету шартымен конструкцияларды орнату мен 
жбалық бекітуден бастап қабат-қабатымен қалдыру керек.
5.4.8.9 Ғимараттар мен құрылыстардың монтаждалатын конструкцияларының 
орнықтылығын мен геометриялық ӛзгермейтіндігі үшін конструкциялық элементтер мен 
блоктарды орнату ретін сақтаған жӛн. 
5.4.8.10 Кӛп қабатты ғимараттардың конструкцияларын монтаждаған кезде 
секцияда осьті бойлай ұстындарды орнатқаннан кейін алынған раманың кӛлденең 
бағыттағы орнықтылығын қамтамасыз етуші ригельдерді монтаждау қажет. 
5.4.8.11 
Ғимараттар 
тұрғызатын 
жағдайлардың 
барлығында 
секциядағы 
монтаждалған болат конструкциялардың бұдан кейінгі жұмыстарды (жалпықұрылыстық, 
электр және механикалық монтаждау және т. б.) жүргізуге кӛршілес секциялардағы 
конструкцияларды монтаждау жағдайына байланыссыз толығымен дайын болуы міндетті 
алғышарт болып табылады. 
5.4.8.12 Қондырмалы болат конструкцияларды монтаждауды, әдеттегідей, жеке ағын 
бойынша немесе ғимарат қаңқасының кӛтергіш және қоршау конструкцияларын 
монтаждау кезеңінде немесе оларды монтаждауды аяқтағаннан кейін жүзеге асыру қажет. 
5.4.8.13 Қондырмалы конструкциялардың монтаждалған элементтерінің іс жүзіндегі 
орнының жобалық орыннан шектік ауытқуы белгіленген мәннен артық болмауы тиіс. 
5.4.8.14 Құрылымдық жабындар конструкциясын ӛндіруші кәсіпорындар тӛлқұжаты 
мен монтаждау схемаларын қоса отырып, жинаққа буып-түйілген түрде жекелеген 
элементтер түрінде жеткізіп беруге тиіс. 
5.4.8.15 Жабын блоктарын үлкейте құрастыру жұмыстары кӛтеру орнында немесе 
салынып жатқан нысанға жақын жерде уақытша тіреулерде жүргізілуге тиіс. 
5.4.8.16 Блоктарды ірілендіріп құрастырған кезде элементтердің монтаждау 
схемаларына сәйкес орнатылуын қатаң қадағалау қажет, ӛйткені, жобадағымен 
салыстырғанда тіпті үлкен қиықты элементке ауыстырып жіберудің ӛзі ғимаратты 
пайдаланған кезде апатты жағдайға апарып соғады. 
5.4.8.17 Монтаждау алаңында кӛтергіш және тұрақтандырушы ванттар мен вантты 
ферма элементтерін дайындаған кезде болат канаттарды ӛндіруші зауыт тӛлқұжатында 
кӛрсетілген күшке дейін алдын-ала тартып қатайту керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет