Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет8/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

3.5 Арақабырғалар: Биіктігі 6 м аспайтын бір қабаттың шектерінде жүктемені тек 
ӛз салмағынан және желден ғана қабылдайтын ішкі қабырғалар (ашық терезе 
ойықтарында); қабаттың биіктігі жоғары болған кезде осы типті қабырғалар шартты түрде 
ӛзін кӛтергіш конструкцияларға жатқызылады. 
3.6 Темірбетондық конструкциялар: Жұмыс және конструктивті арматурасы бар 
бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетонды конструкциялар); 
темірбетон конструкцияларындағы барлық әсерлерінен есептік күштер бетонмен және 
жұмыс арматурасымен қабылдануы тиіс.
3.7 Беріктігі жоғары бетон: Кәдімгі немесе ауыр бетон үшін сығуға беріктік класы 
С50/60 (В60) жоғары және жеңіл бетон үшін беріктік класы LC50/55 (В55) жоғары 
бетондары үшін шартты түрде қолданылатын термин.
3.8 Жеңіл бетондар: Цементтік тұтқырлықтағы, кеуекті ірі және кеуекті немесе 
тығыз ұсақ толтырғыштағы бетондар.
Ескертпе - ҚР СТ EN 206-1 сәйкес тығыздығы (құрғақ күйінде) 800 кг/м
3
кем емес, бірақ 2000 кг/м
3
аспайды. 
3.9 Қызуға тӛзімді бетондар: 1000ºC астам температурасына дейін қыздыруға ұзақ 
уақыт бойы тӛзе алатын бетондар.  
3.10 Ауыр бетондар: Цементтік тұтқырлықтағы және тығыз ірі және ұсақ 
толтырғыштағы тығыз бетондар. 
3.11 Арматураның бетондағы тот басуға қарсы тӛзімділігі: Оның коррозиялық 
ортамен химиялық немесе электрохимиялық әрекеттестігінің нәтижесінде болат 
арматурасының ӛз қасиеттерін сақтау қабілеті. 
3.12 Конструктивті арматура: Есептеусіз конструктивті ұғыныста орнатылатын 
арматура. 
3.13 Алдын ала кернелген арматура: Конструкцияларды жасау кезінде сыртқы 
жүктемелерді түсірместен пайдалану кезеңінде бастапқы (алдын ала) кернеулерді 
қабылдайтын арматура. 
3.14 Металл конструкциялары (металл болаттан жасалған конструкциялар)
Ғимараттардың және басқа инженерлік құрылыстардың қаңқаларында кӛтергіш ретінде 
қолданылатын құрылыстық конструкциялар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет