ҚР ҚН 5.03-07-2013
4
қабырғалары, ұстындары, іргетастары және басқа бӛліктері.
Тасты конструкцияларды
күшейту үшін кейде арматуралауды қолданады.
3.16 Аспалы желдетілетін қасбет: Қасбетті орындау технологиясы қабырғалардың
кӛтеретін қабатынының мырышпен қапталған болат, тот баспайтын болат немесе
алюминді қаңқаға бекітілетін қаптайтын материалдардан құралатын жүйе болып
табылады. Қаптама және қабырға арасындағы саңылауы
бойынша конструкциялардан
конденсатты және ылғалдылықты шығаратын ауа еркін түрде айналып жүреді.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптың мақсаты - адамдардың ӛмірі мен денсаулығын және
жануарларды, мүлік пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында кӛтергіш және қоршау
конструкцияларын салу мен жӛндеу жұмыстарын ӛндіру
және қабылдау кезінде
қауіпсіздікті, энергетикалық тиімділік пен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету болып
табылады.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Кӛтергіш және қоршау конструкцияларды техникалық, технологиялық және
экологиялық параметрлері
бойынша механикалық, ӛртке қарсы, санитарлық-гигиеналық
қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді ескеріп, оған қоса қоршаған ортаны қорғау және қуатты
үнемдеу бойынша талаптарын сақтап салу және оларды монтаждауды жүргізу қажет.
4.2.2 Салу және монтаждау кезінде жұмыстарды кӛтергіш және қоршау
конструкцияларының ықтимал әсерлерге, жүктемелерге тӛзімді
болатындай, сондай-ақ
қажетті сенімділікпен, ӛндіріс барысында және пайдаланудың жоблық мерзімінің бойында
талап етілген пайдалану кӛрсеткіштерін сақтайтындай етіп орындаған жӛн.
4.2.3 Жасау, монтаждау және қабылдап алу жұмыстарын орындаған кезде кӛтергіш
және қоршау конструкциялар ӛрттің, жану жоқ болғанда немесе шектеулігінде,
және от
пен түтіннің таралуынан әсер етуге есептік уақыт барысында шыдай алуы тиіс.
4.2.4 Салу және монтаждау кезінде ғимараттардың және құрылыстардың
механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстарды атқару конструкцияларды
орнату реттілігін; орнатудың талап етілетін дәлдігін
қамтамасыз ететін шараларын;
оларды ірілендіріп құрастыру және жобалық орналасу күйіне орнату барысында
конструкциялардың кеңістікті ӛзгеріссіздігін; салу кезінде конструкциялардың және
ғимарат (құрылыс) бӛліктерінің тұрақтылығын; конструкцияларды
ірілендіру дәрежесін,
монтаждау элементтерінің орналасу дәлдігін, монтажды қосылыстардың беріктігін,
еңбектің қауіпсіз шарттарын сақтаумен орындалуы тиіс.
4.2.5 Конструкцияларды салу және монтаждау кезінде жұмыстарды атқару адамның
денсаулығы үшін қауіптердің және ауаның құрамында ластаушы заттардың бар болуымен,
шумен, дірілмен байланысты қоршаған ортаға қатысты жағымсыз
әсердің пайда болуын
болдырмауы тиіс.