Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет18/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
12
5.2.7.6 Түйісу және крест тәрізді дәнекерлеу қосылыстарын нормативтік құжаттар 
талаптарымен сәйкес жоба бойынша орындау қажет. 
5.2.8 Қалыптау жҧмыстары 
 
5.2.8.1 Қалыптың типін және конструкциясын мыналарды қамтамасыз етудің 
шартында қабылдау қажет: 
- монтаждық, кӛліктік және технологиялық жүктемелердің әсерінен қалып түрінің 
беріктігін, қаттылығын және геометриялық ӛзгеріссіздігін; 
- монолитті конструкциялардың геометриялық ӛлшемдерінің жобалық дәлдігін және 
олардың беттерінің сапасын; 
- қатып ұсталған бетонға қатысты ең тӛменгі адгезиясын (шешілмейтін қалыптан 
басқа); 
- құрылыс алаңының шарттарында ірілендіріп құрастыруының және қайта жӛндеудің 
мүмкіншіліктерін (габариттік ӛлшемдерін және пішін үйлесімін ӛзгерту);
- қатуы және бетонның жобалық беріктігін жинауы үшін қажетті температуралық – 
ылғалдылық режимін;
- форма тудырушы беттерінің бетон қоспасына химиялық бейтараптығын (ерекше 
жағдайларынан басқа); 
- монолитті конструкцияларды және қалыптың элементтерін зақымдамай қалыптың 
жылдам орнатуын және бӛлшектенуін. 
5.2.8.2 Қалыптардың материалдары жобалық құжаттаманың талаптарына, осы 
материалдың әрекет етуші стандарттарына және техникалық шарттарына сай келуі тиіс. 
Шешілмейтін қалыптардың материалдары олардың функционалды мақсаттылығына 
байланысты жобалық құжаттаманың талаптарына сай келуі тиіс (қаптауыш, жылытқыш, 
оқшаулағыш, тот басудан қорғау және т. б.). Қалыпты қаптауыш ретінде қолдану 
барысында ол сәйкесінше қаптауыш беттеріне қойылатын талаптарына сай келуі тиіс.
5.2.8.3 Қалыптың элементтерін тасымалдау ашық, жабыны жоқ жылжымалы (темір 
жол, автомобиль) кӛлікпен, жүктерді тасымалдаудың ережелерімен сәйкес жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
5.2.8.4 Қалып элементтерін бір жылға дейінгі сақтау мерзімі барысында маркалары 
және ӛлшемдері бойынша сұрыпталуы тиіс, ағаш астарларға қатар-қатар салынуы және 
жабық бӛлмелерде немесе жабындарда сақталынуы тиіс.
5.2.8.5 Осы кезде металл жұмыс беттері тот басуға қарсы қорғанысының жалпы 
талаптары бойынша консервациялануы тиіс. 
5.2.8.6 Қалып элементтерін бір жылдан астам сақтау мерзімі барысында қайтадан 
консервациялануы тиіс. 
5.2.8.7 Қалыптың монтаждауы және бӛлшектеуі тек қана технологиялық картамен 
немесе жұмыстарды жасаудың жобасымен сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 
Қалыпты биіктікте монтаждау және бӛлшектеу бойынша жұмыстарына 
нұсқаулықтан ӛткен жұмыскерлер жіберілуі тиіс. 
5.2.8.8 Қыздыратын қалыпты орнатудан бұрын жылытқыштың түгелдігі, тоқ 
қабылдағыштары бекіткіштерінің, қыздырғыштардың омдық кедергілерінің тӛлқұжаттық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет