ҚР ҚН 5.03-07-2013
20
5.4.4.6 Деңгей айырмашылығы болған кезде тӛсемді қолдану жобаны әзірлеуші –
ұйыммен келісуге жатады. Тӛсемдер біріктіру бӛлшектерінің әдісіндей әдіспен ӛңделуі
тиіс.
5.4.4.7 Құрастыру кезіндегі бӛлшектердегі саңылаулар қиыстырылуы және жылжыту
тығындарымен тіркелуі тиіс. Тығындар саны әрекеттегі есеппен монтаждық жүктемені
анықтайды.
5.4.4.8 Тығындармен тіркелген құрастырылған пакетке бұрандамаларды еркін
қиғаштықсыз қоюға кедергі келтірмейтін қаралыққа (саңылаудың сәйкессіздігіне) жол
беріледі.
5.4.4.9 Тығыз топтастырылған топтамалардағы тесіктерді диаметрі тесіктің
номиналдық диаметріне тең болып табылатын бұрғымен тазартуға жол беріледі, ол үшін
қара қуыстың ӛлшемі тесік пен бұрандаманың номиналдық диаметрлерінің арасындағы
айырмашылықтан аспауға тиіс.
5.4.4.10 Тесіктерді тазарту кезінде су, эмульсия және май қолдануға тыйым
салынады.
5.4.4.11
Басында уақытша қарсылықтың зауыттық маркасы, даярлаушы-
кәсіпорынның таңбасы, балқыту нӛмірінің шартты белгісі жоқ бұрандамаларды,
климаттық орындау маркасы жоқ бұрандамаларды, қолдануға тыйым салынады.
Бұрандамалардың, сомындардың мен шайбалардың әрбір партиясы механикалық
қабылдау-ӛткізу
сынақтарының
нәтижелері
кӛрсетілген
сапа
сертификатымен
жабдықталуы тиіс.
5.4.4.12 Бұрандамалар, сомындар мен шайбаларды орнату алдында дайындау қажет.
5.4.4.13 Жобада белгіленген бұрандаманы бұрау шегін сомынды тарту немесе
бұрандаманың басын есептелген бұрау моментіне дейін айналдыру арқылы немесе
сомынды белгілі бір бұрышқа айналдыру арқылы немесе белгіленген тарту күшін алуға
кепілдік беретін басқа тәсілмен қамтамасыз ету қажет.
Бұрау тәртібі топтастырылатын топтамаларда қуыс түзілуін болдырмауға тиіс.
5.4.4.14 Біріктіру бӛліктерінің арасындағы жол берілген саңылаулар арнайы қуыс
бұрғымен тексерілуі тиіс.
5.4.4.15 Жоғары беріктілікті дюбельдерде монтаждық біріктіру бойынша жұмыстар
ӛндірісі кезінде монтаждық аспаптарды қауіпсіз пайдалану, сақтау, есепке алу мен
бақылау жӛніндегі талаптарды сақтау қажет.
5.4.4.16 Кез-келген бағытта дюбель осінен бастап тірек элеметінің шетіне дейінгі
қашықтық белгіленген шектен тӛмен болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |