ҚР ҚН 5.03-07-2013
15
5.3.2.12 Лифт шахталарының кӛлемді блоктарын монтаждау барысында бағыттаушы
кабиналарды және қарсы салмақтарды бекіту үшін тіреуіштердің орнатылуын қамтамасыз ету
қажет, бӛлектету осьдерінен аражабынға және блоктың екі ӛзара перпендикулярлы
қабырғалардың сәйкесінше жобалық орналасу күйіне шығарылған астыңғы жағын бағдарлық
кертпелер бойынша орнатуын қадағалау (алдыңғысы және бүйірліктердің бірі).
5.3.2.13
Санитарлық-техникалық кабиналарды аралықтарға орнату қажет.
Канализациялық және су құбырының тіреушелерінің кабиналарын орнату барысында
астыңда орналасқан кабиналардың сәйкесінше тіреушелермен біріктірілуін қадағалау
қажет. Кабиналардың тіреушелерін ӛткізу үшін арналған аражабындар панельдеріндегі
тесіктер кабиналарын орнатқан соң, тіреушелерді монтаждағаннан кейін және
гидравликалық сынақтар ӛткізген соң ерітіндімен мұқият түрде бітелуі тиіс.
5.3.3 Ғимараттарды аражабындарды кӛтеру әдісімен салу
5.3.3.1 Жабын плиталарын кӛтеруден бұрын ұстындар және плиталардың жағалары
арасындағы, плиталар және қаттылық ядроларының қабырғалары арасындағы жобалық
саңылаулардың бар болуын, оған қоса кӛтергіш тәжілердің жобамен алдын ала
қарастырылған тесіктердің тазалығын тексеріп алу қажет.
5.3.3.2 Аражабын плиталарының кӛтеруін бетонның жобада кӛрсетілген беріктігіне
қол жеткізген соң орындау қажет.
5.3.3.3 Қолданылатын жабдық аражабын плиталарының барлық ұстындарға және
қаттылық ядроларына қатысты біркелкі түрде кӛтеруін қамтамасыз етуі тиіс.
5.3.3.4 Плиталарды ұстындарға және қаттылық ядроларына уақытша түрде бекітілуін
кӛтерудің әрбір кезеңінде тексеру қажет.
5.3.3.5 Жобалық белгіге дейін кӛтерілген конструкцияларды тұрақты бекіткіштермен
бекіту қажет; бұл жағдайда монтаждау аяқталған конструкцияларды аралық қабылдау актісі
рәсімделуі тиіс.
5.3.3.6 Кӛтеру барысында колоннадағы жекелеген тірек нүктелерінің белгіден
ауытқушылығы жол берілген шектен аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |