ҚР ҚН 5.03-07-2013
21
5.4.5.3 Болат конструкциялардың монтаждық дәнекерлі қосылыстарын 5.8-
тарауының талаптарына сәйкес орындау қажет.
5.4.6 Конструкцияларды алдын-ала кернеу
5.4.6.1
Алдын-ала
кернелген
конструкцияларда
жұмыс
сызбаларында
қарастырылмаған жерлерге бӛлшектерді
пісіріп жабыстыруға, оның ішінде тартушы
элементтер (болат канаттар, сым түйіндері) жанасқан
жерлерде дәнекерлеуге тыйым
салынады.
5.4.6.2 Кернеу құралдарының икемді элементтері үшін алдын-ала кернеу кезең-
кезеңмен орындалуы тиіс.
5.4.7 Конструкциялар мен қҧрылыстарды сынау
5.4.7.1 Сынақ жұмыстарын жүргізу үшін тағайындалған қызметкерлер арнайы
нұсқаулар берілгеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
5.4.7.2 Конструкциялардың сынағын құрамында тапсырыс беруші ӛкілі (тӛраға), бас
мердігер және субмердігер
монтаждаушы ұйымның, ал жобада қарастырылған
жағдайларда жобалаушы ұйымның да ӛкілі бар комиссия жүргізуге тиіс. Комиссия
тағайындау туралы бұйрықты тапсырыс беруші шығарады.
5.4.7.3 Бүкіл сынақ мерзімі ішінде сынаққа қатысы
жоқ адамдардың осы шекте
болуына жол берілмейтін қауіпті аймақ шекарасын белгілеген жӛн.
Сынаққа жұмылдырылған тұлғалар, сондай-ақ сынақтарды жүргізу үшін қажетті
бақылау аспаптары жүктеме артатын және азаятын сәттерде
қауіпті аймақтан тысқары
жерде немесе сенімді баспанада болуға тиіс.
5.4.7.4 Сынақ кезінде жүктеме түсетін конструкцияларды тарсылдатып ұруға,
сондай-ақ оларды жӛндеуге және ақауларын түзетуге тыйым салынады.
5.4.7.5 Сынақтар барысында анықталған ақауларды жою керек,
бұдан кейін
сынақтарды қайталау немесе қайта жалғастыру қажет. Сынақтардың нәтижесі бойынша
акт жасалуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: