ҚР ҚН 5.03-07-2013
24
5.4.10.2 Сұйықтық сақтайтын қойма табаны мен іргетасын жобалауға қажетті
бастапқы мәліметтер тізіміне ҚР ҚН 5.01-02 бойынша инженерлік-геологиялық зерттеу
мәліметтері кіруге тиіс.
5.4.10.3 Сейсмикалық белсенділігі жоғары аудандарда
сұйыққоймалар табанындағы
жерлердің геофизикалық зерттеулерін жүргізуді қарастыру қажет.
5.4.10.4 Сұйықтық сақтайтын қойма іргетасын тұрғызған кезде сұйыққойма түбінен
жер асты сулары мен атмосфералық ылғалды алып кету іс-шараларының жүргізілуін
қарастыру қажет.
5.4.10.5 Ісінетін топырақта тұрғызылатын сұйықтық сақтайтын қойма табанын
жобалаған кезде, егер табанның есептік деформациясы шектік мәндерден артатын болса,
суға қаныққан, тозаңды-батпақты, биогенді топырақтар мен балшықтарда, ҚР ҚН 5.01-03
сәйкес қадалы іргетастар тұрғызу жағын қарастыру қажет.
5.4.10.6 Конструкция элементтерін құрастырған кезде талап етілетін геометриялық
параметрлерді қамтамасыз ету қажет. Осы параметрлердің
шектік ауытқулары
жұмыстарды жүргізу жобасында кӛрсетілуге тиіс.
5.4.10.7 Сұйықтық сақтайтын қойма, газгольдер, су кернеуіш мұнарасы багының
гидравликалық сынақтарына дейін түбінде, понтонда,
қалқымалы және стационар
шатырларда, сұйықтық сақтайтын қойма, телескоп қабырғасында,
қоңырау және су
кернеуіш мұнарасы шатырында орнатылатын құрал-жабдықтар мен лаздардың
жиекжеңдерінің барлығы қондырылуға және пісірілуге тиіс.
5.4.10.8 Барлық сынақ мерзімінде сұйықтық сақтайтын қойма мен су айдауыш
мұнараның қауіпті аймақ шекарасы белгіленуге тиіс.
5.4.10.9 Қысым немесе жүктеме жоғарылаған кезде
конструкцияларды тексеруге
белгіленген жүктемеге жеткеннен кейін қауіпсіз уақытша үзілістен кейін рұқсат беріледі.
5.4.10.10 Қысым артқан кезде немесе вакуум жағдайында сынақ жүктемесін
асырудың алдын алу үшін сұйықтық сақтайтын қоймамен есептік қиықты құбырмен
қосылған арнаулы гидроқақпақ қарастырылуға тиіс.
5.4.10.11 Антитоттануға қорғанысты газгольдер сұйықтық сақтайтын қоймаларды
сынағаннан кейін және одан суды құйып алғаннан кейін орындайды.
5.4.10.12 Пайдалануға берілетін сұйықтық сақтайтын қойма, газгольдер, су кернеуіш
мұнарасы багына тӛлқұжат жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: