ҚР ҚН 5.03-07-2013
34
5.7.8 Реконструкцияланатын
және
зақымдалған
ғимараттардың
тас
конструкцияларын кҥшейту
5.7.8.1 Реконструкцияланатын және темірбетон немесе армирленген ерітінді
құрсауымен зақымдалған ғимараттардың тас конструкцияларын күшейту жобалық
ережеде белгіленген қаңқаларға байланысты армирлеумен орындалуы тиіс.
5.7.8.2 Тас конструкцияларын күшейтудің алдында бетті дайындау қажет: кӛзбен
шолуды және қалауды балғамен қағып тексеруді жүзеге асыру қажет, қалаудың бетін
ластан және ескі сылақтан тазарту қажет, бӛліктеп бұзылған (еріп қалған) қалауды жою
қажет.
5.7.9 Тас конструкцияларды қабылдау
5.7.9.1 Тас конструкцияларын салу бойынша орындалған жұмысты қабылдауды
олардың бетін сылақтағаннан бұрын жүзеге асыру қажет.
5.7.9.2 Құрылыс-жӛндеу жұмыстарын ӛндіру процесі кезінде жасырынған тас
конструкцияларының элементтері, оның ішінде:
- фермалардың, жүгіртпелердің, арқалықтардың, жабын тақталарының қабырғаларға,
бағаналарға және пилястраға тірелу жерлері, және оларды қалауда бітеу;
- қалауда құрама темірбетонды ӛнімдерді бекіту: ернеулер, балкондар және басқа
консольді конструкциялар;
- салма бӛлшектері және олардың тоттануға қарсы қорғанысы;
- тас конструкцияларына жатқызылған арматура;
- тұнбалы деформациялық жіктер, антисейсмикалық жіктер;
- қалаудың су мен бу оқшаулағышы.
5.7.9.3 Тас конструкцияларын салу бойынша біткен жұмысты қабылдау кезінде
келесіні тексеру қажет:
- жіктерді байлау дұрыстығын, олардың енін және толтырылымын, сонымен қатар
қалау қатарларының кӛлденеңдігін, бұрыштардың тік болуы;
- деформациялық жіктерді орнатудың дұрыстығын;
- қабырғаларда түтін және желдету арналарын орнатудың дұрыстығын;
- кірпіштен салынған қасбетті фасадты қабырғалар бетінің сапасы;
- керамикалық, бетонды және басқа түрлі тас пен тақталармен қапталған фасадты
беттердің сапасын;
- конструкцияның геометриялық ӛлшемдерін және орналасқан жерін.
5.7.9.4 Осы жұмыстарға жоба мен нормативті-техникалық құжаттаманың
сәйкестілігін куәландыратын жобалық және мердігерлік құрылыс ұйымымен, тапсырыс
берушінің ӛкілімен қол қойылған жасырын жұмыстардың актісі құрылады.
5.7.9.5 Сейсмикалық аймақтарда орындалатын тас конструкцияларының жұмысын
қабылдаған кезде қосымша келесі құрылғылар бақыланады:
- іргетастың жоғарғы деңгейіндегі арматураланған белдеу құрылғысы;
- қабатты антисейсмикалық белдеулер құрылғысы;
|