Сүтті пастерлеу – бұл сүттің қайнату температурасынан төмен температурада сүтті жылумен өңдеу. Пастерлеу мақсаты – патогенді микроорганизмдерді жою, сүттің бұзылуын тудыратын ферментті бұзу. Пастерлеуден кейін споралы микроорганизмдер көлемі азаяды. Пастерлеу эффектісі 99% құрайды. Пастерлеудің үш әдісі бар:
1.Ұзақ.
2.Қысқа.
3.Лезде.
1)Температуралық режимі 63-65°С-та 30 мин., ол маркасы ВДП ваннал арында ұзақ пастерлеу жүргізіледі. Пастерлеудің бұл әдісі сирек қолданылады, себебі уақыт көп кетіп, аз өнім шығарылады. Мұндай режим үлкен зауыттарда сүт өнімдерін өндіру үшін қолданылады.
2)Қысқа мерзімді пастерлеу.
а) температуралық режимі 71-76°С-та 15-20 сек. ұстау.
б) 80°С температурада ірімшік өндірген кезде ұстау. Маркасы ОПЛ-5, ОПЛ-10 пастеризатор салқындатқыш қондырғыларында жүргізіледі.
3)Лезде пастерлеу. Темпаратурасы 80°С жоғары ұстаусыз май, сүт қалбырын, сүт қышқылды өнімдерді өндірген кезде қолданылады. лезде пастерлеу құбырлы пастеризатор немесе пастеризатор салқындатқыш қондырғыларында жүргізіледі.
Пастерленген сүтті пастерлеу температурасы 76±2°С 20 с пастерлейді.[14]
Ыдысқа құю, тығындау, таңбалау. Пастерленген сүтті ұсақ және ірі ыдыстарға құяды. Ұсақ ыдыс ретінде шыны құмыралар, полимерлі астарлары бар қағаз пакеттер, сыйымдылығы 0,25; 0,5; 1,0 л полиэтилен пакеттер, сонымен қатар сыйымдылығы –тен 25-ке дейін полиэтиленді қаптар қолданылады. Ірі ыдыс ретінде флягтар мен цистерналар қолданылады. Шыны құмыраларға сүтті құю арнайы құрал-жабдықта жүргізіледі. Жәшіктердеге құмыралар транспортермен арнайы машинаға келіп түседі, осында құмыралар автоматты түрде жәшіктерден босатылып, құмыра жуу машинасы беріледі. Жуылған және дезинфекцияланған құмыралар құю және тығындау автоматында құмыралар вакуумның әсерінен сүтпен толтырылады да, алюминий қалпақтармен тығындалады. Арнайы машина құмыраларды сымнан жасалған себеттерге орналастырып, транспортермен дайын өнімді сақтауға арналған қоймаға жіберіледі.
Қазіргі уақытта пастерленген сүтті сыйымдылығы 2,5 және 1 л және 0,2; 0,5; 1,0 л қағаз пакеттерге құю көбейді. Мұндай пакеттегі сүтті тасымалдау өте ыңғайлы.Пастерленген сүт шығарылатын ыдыс міндетті түрде таңбаланады. Жуылмайтын бояудың көмегімен белгілерді егізеді: өндіруші-өнеркәсіптің атауы мен нөмірі немесе оның тауарлық белгісі, сүттің түрі, литрдағы көлемі, тұтынудың соңғы саны немесе күні, бірлік бағасы және стандарттың атауы.