Дайын өнімді сақтау. Дайын өнім сатуға шығарылуға дейін арнайы камераларда сақталады. Сақтау камераларының жасанды салқындату және изоляциясы болады. Пастерленген сүттің барлық түрлері камерадағы ауаның температурасы 0-8°С температурада, ауаның қалыпты ылғалдылығында (85-90%) сақтайды. Сақтау камераларында ауаның вентиляциясы мен тазалықты қатаң ұстану қажет. Пастерленген сүтті сақтау ұзақтығы технологиялық процес аяқталған кезден бастап 36 сағаттан артық болмауы керек, соның ішінде өндіруші өнеркәсіпте 18 сағаттан аспауы керек. Пастерленген сүтті сауда орындарына және жалпы тамақтану өнеркәсіптеріне салқындатқышы бар немесе изотермиялық кузовы бар автокөліктермен тасымалданады. Пастерленген сүтті ашық машиналарда тасымалдауға рұқсат беріледі, бірақ өнімнің беті міндетті түрде брезентпен немесе материалмен жабылуы тиіс.
Пастерленген сүтті өндірудің технологиялық схемасы мына операциялардан тұрады:
Сүтті қабылдау
Суыту, резервуарлау (8-100С )
Сүтті нормалау
Сүтті тазалау (40-45 0С)
Пастерлеу (t=76±20С; t=20с)
Гомогендеу (60-65 0С) (P=15±2,5 МПа)
Суыту (t=4…60С)
Құю, қаптау, маркілеу
Сақтау (0-60С, 36 сағаттан кем емес )
Тәжірибелік жұмыс №7.
Жануарлардан алынатын шикізат, еттің химиялық құрамы. Балық шикізатының химиялық құрамы мен қасиеттері
Ет және етті өнімдер.
Соғым жануарлары жайлы жалпы мәліметтер мен еттің өндірісі жайлы. Ет пен ішкі мүше өнімдердің химиялық және морфологиялық құрамы. Соғымнан кейінгі еттегі өзгерістер. Денелерді бөлшекті мүшелеу. Етті субөнімдер. Субөнімдердің классификациясы, химиялық құрамы мен азықтық құндылығы. Ассортименті мен өңделуі. Сапасына қойылатын талаптар.
Құстың еті. Үй құсының еті. Қауырсынды қыр құсының еті. Үй құсы етінің морфологиялық және химиялық құрамының ерекшеліктері. Қайта өңделуі. Жасы, күйлілігі, өңделу сапасы мен әдісі бойынша құс етінің классификациясы. Қарағайла орманды қыр құсы. Қыр, тау құстары. Суда жүзетін қыр құсы. Айырықшаланатын белгілер. Қыр құсы етінің химиялық құрамы мен азықтық бағалығы. Сорттары. Сапасына қойылатын талаптар, ақаулықтар, оралуы мен таңбалануы.
Соғым жануарлары мен құс етінің сақталуы, субөнімдер. Субөнімдер мен еттің салқындатылуы. Салқындатылған және тоңазытылған ет пен субөнімдердің сақталуы. Тоңазытылған ет пен субөнімдер. Мұздатылған ет пен субөнімдердің сақталуы. Ерітілген ет. Тұзды – сүрленген ет өнімдер. Шұжықты өнімдер. Етті ыдысталған өнімдер. Буып түйілген ет, етті жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдер.
Аталмыш тақырыпқа қатысты сұрақтар ([1], 8-тарау) әдебиетінде баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |