Қарын мен шілтер (оларды өңдеу барысында бөлмейді) оларда толыққұнды емес ақуыздардың едәуір мөлшері болғандықтан ливер шұжықтарын өндіруге шикізат ретінде пайдаланады.
Ұлтабар-негізінен безді асқазан. Күйіс қайыратын жануарлардың ұлтабарының, сонымен қатар шошқа асқазанының шырышты қабықтары асқазан сөлін бөлетін безден түрады. Ұсақ және ірі қара малдардың ұлтабарының және шошқа асқазанының шырышты қабығынан ферменттік препараттар: медициналық және тағамдық пепсин, асқазан сөлін, мәйек ферментін (жас бұзаудың шырышты қабығынан) өндіреді.
Тәжірибелік жұмыс №10.
Ет және құс консервілерінің ассортименті. Құс етінің химиялық құрамы, қасиеттері
Мал және құс етінен жасалатын консервілер мынандай топтарға жіктеледі:
Еттен жасалған консервілер, оларға:
- натурал консервілер (бұқтырылған ет).
- буланған еттен жасалған консерві.
- қуырылған еттен жасалған консервілер.
- тұздалған еттен жасалған консерві.
2) Cубөнімдерінен жасалған консервілер. Ассортименттері:
тілден жасалған паштет,
қуырылған ми, томат
тұздығындағы қуырылған бауыр,
томат тұздығындағы бүйрек.
Ет өнімдерінен жасалған консервілер. Бұларға:
консервіленген шұжық,
консервіленген шошқа еті,
консервіленген фарш жатады.
Құс етінен жасалған консервілер. Ассортименттері:
өз сөліндегі натурал құс (тауық, үйрек, қаз),
әр түрлі тұздықтағы құс,
тоңбадағы құс,
әр түрлі ұлттық тағамдар.
Ет өсімдік консервілері. Ассортименттері:
бұршақ қосылған ет (үрме бұршақ),
жарма қосылған ет,
макарон өнімдері қосылған ет,
көкөністер қосылған ет.
Гарнирсіз 2-ші тағамдар үшін ет консервілері. Ассортименттері: гуляш, ақ тұздықтағы ет, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |