Студенттер білуге тиісті: Жануарлардың экологиялық топтарын ажырату;
Жануарлардың таралуын картаға түсіре білу;
Дала жағдайында жануарлардың тіршілік іс-әрекеттерін бақылай білу;
Жануарлардың экологиялық ерекшеліктерінзерттеудің әдістері қолдана білу;
Жануарларды қорғауға қатысты іс шараларды атқару;
6. Пререквизиттері:Өсімдік, жануар, микроорганизмдердің биологиялық алуантүрлігі, жалпы экология, өсімдік экологиясы. Жалпы биология
7. Постреквизиттер: Қоршаған орта туралы ілім, биологиялық экология.
9. Пәннің қысқаша мазмұны Жануарлар экологиясы – жануартану ғылымының тарабына жататын дербес ғылым. Жануарлар экологиясы негізгі үш бөлімнен тұрады: дарақтар экологиясы, популяциялық экология және қауымдастық экологиясы. Жануарлар экологиясының қағидалары мен деректерінің нәтижесінде сирек және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау, экономикалық маңызы зор жануарларды өсіру, мекендестіру, шаруашылыққа және денсаулыққа зиянды жануарлармен күрес жүргізу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік туады.
10. Курс компоненттері
Дәрістік сабақтардың мазмұны 1-тақырып: Жануарлар экологиясын зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Экологиялық пәндердің жүйесінде жануарлар экологиясының мәні. Жануарлар әлемінің шежіресі, жүйесі. Табиғи жүйеде жануарлардың ролі. (11,13,18). 2-тақырып: Қоршаған ортаның негізгі абиотикалық факторларының (жарық, температура, ылғал т.б) жануарларға әсері. Жарық режимі, жарыққа бейімделу Тойкилотермді және гомойтерімді жануарлар. Жылудың оптимум, пессимум көрсеткіштері. Ылғалдылық негізгі көрсеткіштері. (3,6,8,9,17) 3-тақырып: Экологиялық талаптарына сәйкес жануарларды топтарға бөлу (жәндіктер экологиясы, қосмекенділер экологиясы, құстар экологиясы, сүтқоректілер экологиясы) (3,6,8,9,17). 4-тақырып: Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық және тәуліктік құбылыстар, олардың қоршаған орта факторларымен байланыстылығы. Климат ерекшеліктеріне байланысты тірі организмдердің даму мерзімі. Фотопериодизм. Жануарлардың жағымсыз маусымдық және тәуліктік құбылыстарға бейімделуі (3,8,9). 5-тақырып: Жануарлардың кеңістіктегі бағдары. Бағдарлау туралы жалпы түсінік. Жарыққа сезімділік және көру. Дыбыс және есту. Жануарлардың тері, электрлік және электромагниттік сезімділігі (5,8). 6-тақырып: Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері. Жануарларға антропогендік әсердің мәні. Әртүрлі антропогендік әсерлерге жануарлардың жауап реакциялары. Мал шаруашылығының әсері (6,12,14).