Студенттерге арналған жол көрсеткіш



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі12.58 Mb.
#22242
1   2   3

Білім алушылардың білімін бағалау 4.0 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сай қатаң тәртіппен тапсырулары керек.

Қорытынды емтиханды өткізу барысында жақсы баға оқу пәні бойынша емтихан тізімдемесіне және білім алушының сынақ кітапшасына қойылады. F «қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан тізімдемесіне қойылады.

Пән бойынша білім алушының қорытынды бағасы семестр кезінде алған аралық және қорытынды бақылаудың балдарын жинақтау жолымен құралады.

Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді. Ағымдық үлгерім бақылауының бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60%-ын құрайды, және емтихандағы жоғары баға қорытынды бағаның 40%-ын құрайды.

Емтихан нәтижесін оқытушы тізімдемеге сай емтихан аяқталғаннан кейін 5 сағат ішінде «Бірыңғай автоматтандырылған» жүйесіне енгізеді.

ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады. Егер білім алушы қойылған бағамен келіспесе, емтихан нәтижесі шыққан күннің ертеңінен кешікпей пән бойынша бекітілген апелляциялық комиссияның атына апелляцияға өтініш бере алады. Апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарап, бағаны қайта қарау немесе бастапқы алған бағасын қалдыру туралы комиссия отырсының хаттамасын жазуы керек. Апелляциялық комиссия білім алушының жазбаша жұмысын немесе қабылданған ауызша емтихан нәтижесін қайта қарау негізінде шешім қабылдайды. Егер білім алушы апелляция нәтижесінде емтиханда алған бағадан төмен баға алса, онда ол транскриптке енгізіліп, GPA-ны есептегенде соңғы баға есепке алынады. Оқу ісі жөніндегі вице-президент апелляциялық комиссияның шешімін бекіткеннен кейін тіркеуші офисі апелляция нәтижесін енгізеді.

«W», «AU», «F», «AW» бағаларын пәнді қайта оқып өзгертуге болады, бірақ олардың бәрі транскриптке өзгертілген бағамен енгізіледі, бұл кезде GPA соңғы алынған бағамен есептеледі.

«F» бағасын алған жағдайда, білім алушының пәнді қайтадан оқуға (Retake) құқығы бар. Пәнді қайтадан оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.

Таңдау пәнінен «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушының белгіленген тәртіп бойынша осы пәнді қайта оқуына немесе осы блоктағы басқа пәнді таңдауына құқығы бар. Пәндерді ауыстыру эдвайзердің және тіркеуші офисінің келісімімен болады.

Егер білім алушы семестр ішінде аралық бақылаудан 30 балдан кем алмаса, емтиханға дәлелді себептермен (ауырғаны туралы құжаты студенттердің «Тұран» АИ орталығында куәландырылған болуы тиіс және т.б.) келе алмаған жағдайда, оған оқытушы «I» бағасын қоя алады. Білім алушы «I» бағасын алу үшін емтихан өткеннен кейін екі күннен кешікпей оқу ісі жөніндегі вице-президентке оқытушысы, факультет деканы, оқу бөлімінің бастығының визаларын қойып, емтиханға келе алмаған себептерін көрсетіп және осыны дәлелдейтін құжаттардың (анықтама) түпнұсқасын тіркеп, өтініш береді. Егер емтиханға келмегені оқу ісі жөніндегі вице-президент келісімімен дәлелді деп танылса, білім алушыға «I» бағасы қойылады.

Оқытушы «I» бағасын стандартты («А», «В», «С», «D») бағаларға келесі семестр басталған соң 30 күннің ішінде, білім алушы силлабустың барлық талаптарын орындаған жағдайда, өзгерте алады. «I» бағасын стандарт бағаға өзгерту үшін білім алушы оқытушыға кездесіп, орындау үшін берілетін жұмыстың көлемі мен түрін анықтауға міндетті.

Оқытушының емтихан тапсыру үшін ұсынған кестесіне (өзге де жұмыстар) сәйкес тіркеуші офисі «Бірыңғай автоматтандырылған» жүйесіндегі бағаны өзгерту үшін емтихан парағын береді. Егер білім алушы көрсетілген уақыт ішінде барлық қойылған талаптарды орындамаса, тіркеуші офисі оқытушының қолы қойылған емтихан парағының негізінде «I» бағасын «F» (қанағаттанарлықсыз) бағасына ауыстырады. «I» бағасын қойған оқытушы белгілі себептермен университетте болмаса, кафедра меңгерушісі «I» бағасын стандартты бағаға ауыстыруды басқа оқытушыға жүутейді. Егер білім алушы бағаны түзету мерзімі аяқталмай университеттен кетіп қалса, онда «I» бағасы транскрипте өзгеріссіз қалады.

«AU» бағасы қорытынды бағаны алмай-ақ пәнге қатысқысы келетін білім алушыларға қойылады. Мұндай пәнді өту Ахмет Ясауи университетінің белгіленген бағасы бойынша толық көлемде төленеді. Оқытылатын пәнге тыңдаушы ретінде тіркелген білім алушы ол туралы тіркеуші офисіне хабарлауы тиіс. Мұндай білім алушының емтихан тізімдемесіне автоматты түрде «AU» бағасы қойылады.

Оқу пәнінің тыңдаушылары ретінде Ахмет Ясауи университетінің білім алушыларымен қатар университетте білім алушы ретінде тіркелмеген, бірақ оқу ақысын төлеген тұлғалар да қатыса алады.

Білім алушы «Add/Drop» қайта тіркеу аяқталғанға дейінгі бірінші аптаның ішінде пәннен бас тартатын шешімін негіздеп факультет деканының атына өтініш жаза алады. Өтініш міндетті түрде эдвайзермен келісілуі тиіс. Мәселе оң шешілген жағдайда, деканның қолы қойылған өтініш тіркеуші офисіне жіберіледі. Білім алушының пән бойынша емтихан тізімдемесіне «W» белгісі қойылады. Бұл бағаны оқытушы өзгерте алмайды. Оқу пәніне төленген ақы білім алушыға қайтарылмайды.

Сабақ басталғаннан кейін 4 апта өткен соң білім алушы пәннен бас тарта алмайды, бас тартса, білім алушыға осы пән бойынша «F» бағасы қойылады.

«AU» мен «W» бағалары бар білім алушы несие ала алмайды.

«AU» мен «W» бағасы қойылған пәндер бакалавриаттың міндетті бағдарламаларына кірмейді және элективті пәндерді ауыстыра алмайды.

Егер білім алушы мемлкеттік білім беру стандартында қарастырылған жалпыға міндетті пәндерден бас тартса, онда ол аталған пән бойынша қосымша ақы төлеп басқа кезеңге тіркелуге міндетті. Осы талап мемлекеттік білім беру грантымен білім алып жатқандарға да қойылады. Білім алушы пәнді оқудан академиялық себеп бойынша әкімшілік тәртіппен (Academic Withdrawal), «AW» бағасы қойылып шеттетілуі мүмкін. Пәннен әкімшілік тәртіппен шығарудың себептері мыналар:

- оқылып жатқан курсқа ешбір себепсіз жүйелі түрде қатыспау (36 сағат);

- жеке тапсырмаларды, СӨЖ/МӨЖ орындамау, жұмыстарды тапсыру кестесін тұрақты түрде бұзу, ХҚТУ-дың басқа да оқу ережелерін бұзу;

- ішкі тәртіп ережелерін бұзу.

Оқытушы академиялық себептер бойынша білім алушыны оқу пәніне босатуға болатын қосымша шарттарды силлабуста көрсете алады.

Міндетті пәндердің қатарына енетін пәндерден әкімшілік жолмен шығарылған жағдайда білім алушы оны тек ақылы түрде қайта оқи алады. Пәннен босату оқытушы немесе әкімшілік тарапынан жүргізіледі, тізімдемеде «AW» бағасы қойылып, ол білім алушының транскриптіне енгізіледі. Оқу пәніне төленген ақы қайтарылмайды.

Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтермелеу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

GPA деңгейіндегі балды жинаған білім алушы университет президентінің бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. Курстан курсқа көшірілу үшін талап етілетін GPA балы оқу жылының басында факультеттің Ғылыми кеңесінде белгіленеді. Белгіленген GPA балын жинамаған білім алушы курсты ақылы түрде қайта оқуға қалдырылады. Курсты қайта оқуға қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарымен оқуға немесе белгіленген тәртіп бойынша жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқылы.

Білімгердің GPA (орташа балл) есептеу єдістемесі. GРА - бұл білімгердіњ орташа балл бойынша үлгерімінің бағасы. Білімгердің академиялық үлгерімінің бағасының орташа балы оның танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыруы, оќу үрдісін жоспарлауға, оның нәтижелілігінің жекеше талдауын жасауға мүмкіндік береді. GРА (Grade Point Average) бағалары – б±л «А», «В», «С«, «D» және «Ғ», сонымен қатар «+» және «-» белгілерімен белгіленеді.

Білімгердің таңдап алған оқу бағдарламасы бойынша академиялық үлгерімінің денгейі орташа балл - GРА түрінде бағаланады, ол пән бойынша қорытынды баға мен кредит көбейтулерінің қосындысының (сандық түрде) оқудың ағымдық кезеңіндегі кредиттер қосындысына қатынасы.


GРА келесі тењдеу арќылы есептелінеді:

GРА = E1 k1+E2k2+...+ En kn)

(k1 +k2 +... +kn)
мұнда E1 , E2,... En (1,2,... n) – пєндердіњ сандық түрдегі ќорытынды бағасы;

k1, k2, ... kn (1,2,... n) – пәннің кредиті.

GРА бағасы семестр корытындылары, жыл корытындылары немесе бүкіл оқу мерзімі корытындысы бойынша есептелінсе болады.

Оқудың соңғы этапы - мемлекеттік қорытынды аттестация, ол білімгердің мамандыққа сәйкестігін анықтайды.

Талап етілетін GPA балын жинап келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы болған жағдайда оқу пәндерін тек ақылы түрде ғана қайта оқи алады.

Оқудың қайталау курсына қалдырылған білім беру грантының иегері болған білім алушы білім беру грантынан айырылады да, ары қарай оқуды тек ақылы түрде жалғастыра алады.

Білім беру грантының иегері болған білім алушы GPA-ның көшіру балын жинағанда және келесі курсқа академиялық қарызбен көшірілгенде білім алушы білім беру грантынан айырылмайды. Мұндай жағдайда олар қарызы бар оқу пәнін тек ақылы түрде қайта оқи алады және олардан емтихан тапсырады. Мамандықтар кестесіндегі бір кредиттің бағасын қаржылық-экономикалық жұмыстар жөніндегі департаменті анықтайды.

Шпаргалканы (қағаз немесе электронды түрде, телефон байланысы арқылы) қолданған жағдайда пән бойынша қорытынды бақылауда бағасы «F» қойылады.



Тәжірибені ұйымдастыру және өткізу. Ахмет Ясауи университетінде білім алушылардың негізгі және міндетті тәжірибесіне – оқу, педагогикалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу түрлері жатады. Тәжірибені ұйымдастыру барлық кезеңде білім алушының мамандықты түбегейлі игеруіне, бітірушінің өз кәсібін жоғары деңгейде білуіне, яғни кәсіби дағдыны меңгерудің реттілігін және үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Тәжірибеден өтуші тәжірибесінің нәтижесі жазбаша есеп беру түрінде рәсімделеді және кафедра комиссиясында қорғалады. Білім алушының тәжірибені өткізу нәтижесінің бағасы теориялық білімінің бағасымен теңестіріледі, тәжірибе бағасы шәкіртақы тағайындау мәселесінде және жалпы GPA есебінде, сонымен қатар келесі курсқа көшіруде ескеріледі.

Университет білім алушыларына берілетін жеңілдіктер. Университетте ақыла негізде оқитын білім алушыларға әр оқу жылында 2 рет басқосатын комиссия отырысында тұл жетім, жартылай жетім білім алушыларға және отбасылық жағдайы төмен оқу үлгерімі өте жақсы білім алушылардың қажетті құжаттары жиналып ережеге сәйкес жеңілдіктерге ұсынылады және босаған квота орындарына конкурс негізінде ауыса алады. Жәнеде университет Өкілетті Кеңесінің шешімімен университетімізді алғашқы кезекте таңдаған ең жоғары ҰБТ балдарын жинаған тізімдегі бірінші студентке 9 ай бойында қосымша ай сайын 75 АҚШ доллары көлемінде төлемақы беріледі.

Университет ішінде ауысу және білім алушыны университеттен шығару. Университетте білім алушылардың бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 10.04.2013 № 328 қаулысымен өзгерістер енгізілген ережеге сай жүргізіледі. Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қысқы демалыс кезеңінде (1-15 қаңтар аралығында, медицина мамандықтарында 1 ақпанға дейін) және жазғы демалыс кезеңінде (1 шілдеден 25 тамыз аралығында) қарастырады. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

Білім алушыға ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысуы оқу бойынша жоғарғы көрсеткіш болған жағдайда және ҚР БҒМ талаптарына сәйкес вакантты орындар болған кезде рұқсат етіледі. Ахмет Ясауи университетінің студенті мынадай жағдайда университеттен шығарылуы мүмкін:


  • өз еркімен;

  • басқа оқу орнына ауысуына байланысты;

  • оқу тәртібін бұзғандығы үшін (қайта оқу курсы үшін ауысу бұйрығының бекітілген мерзімінде немесе ақылы негізде пәнді қайта оқу үшін оқу ақысын төлемегендігі үшін);

  • университетпен байланысын үзгендігі үшін, оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен үздіксіз жіберу (жіберілген сағат саны 20%-дан көп болса), академиялық демалыс мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік іссапардан соң ұзақ мезгіл сабаққа қатыспауы (екі апталық мерзімде);

  • университеттің Жарғысы мен ішкі тәртіпті бұзғандығы үшін (сабаққа мас күйінде келуі немесе сабақта спирттік ішімдіктерді пайдалануы, университет қабырғасында құмар ойындар ойнауы, университет мүлкін бүлдіруі, жатақханада тұру тәртібін бұзғандығы үшін, университетте қоғамға қарсы қылығы үшін, ауыр зардаптарға соқтыратын еңбек және өрт қауіпсіздігін бұзғандығы үшін);

  • университетте «Студенттердің тәртіп сақтау» регламентіндегі оқудан шығарылатын пунктерінде көрсетілген тәртіп бұзғандығы үшін.

Білім алушының қорытынды аттестациясы. Білім алушылардың қорытынды аттестацияға жіберілуі қорытынды аттестацияның басталуынан екі апта бұрын студенттердің тізімі бойынша факультет деканының өкімімен бұйрығымен бекітіледі және МАК-қа ұсынылады. Диплом жұмысын рецензиялау өзге ұйымдардың сыртқы мамандары арқылы ғана жүзеге асырылады, яғни қорғалған жұмыс бағыты жоғары біліктілікке сай болуй қажет. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық мәжілісінде өткізіледі. Мемлекеттік емтиханды тапсыру мен диплом жұмысын қорғау нәтижесі сол өткізілген күні жарияланады. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және диплом жұмысын қайта қорғауға рұқсат берілмейді. Емтихандарды және дифференциалды сынақты А, А- – «өте жақсы»; В+, В, В- – «жақсы» бағаларға тапсырған және оқудың барлық кезеңінде орташа үлгерім балы (GPA) 3,5-тен төмен болмаса, сондай-ақ мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты А, А- – «өте жақсы» бағаға қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі. Егер білім алушы оқу кезінде емтиханды қайта тапсырса, осы ережелердің талаптарына сәйкестігіне қарамастан, үздік диплом ала алмайды. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігі дәлелденген білім алушыға МАК-тың шешімімен тиісті мамандығына сәйкес «бакалавр» академиялық дәрежесі тағайындалады және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

Егер «F» «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда қорытынды аттестацияның сол кезеңінде мемлекеттік емтихандар және/немесе диплом жұмысын қайтадан қорғауға рұқсат етілмейді.



Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері. Әр білімгер өркениетті қауымдағы еркін адамның барлық негізгі құқықтарын қолдана алады және де басқа адамдардың құқықтарымен санаса білу керек.

Қожы Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ білімгерлерінің құқықтары:



  • мемлекеттік жалпыға бірдей стандартына сәйкес білім алуға құқылы;

  • келісім шарт негізінде ақылы түрде қосымша білім алуға құқылы;

  • адам қасиеттерін қадірлеуге, өз көзқарасы мен пікірлерін еркін айта білуге, жиналыстарға ашық түрде қатысуға, бұқаралық ақпараттарда еркін шығуға жєне саясатты таңдауыныњ еркін болуына құқылы;

  • оқу процесін ұйымдастыруға тиісті емес өзі туралы мәліметтерді университет әкімшілігіне беруге міндетті емес, егер де ол мәлімет оның өзіне және оның жаќындарына қауіпті болса;

  • білімгер туралы Университетте жинақталатын мәліметтердің конфиденциалды болуына құқылы;

- әр білімгер оған қойылатын кінєға әділ шешім шығарылатынына сенімді болу керек, сонымен қатар өзінің кінәлі емес екенін дәлелдеуге қ±қылы;

- әр білімгер ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуына байланысты мәселелердің уақытылы және әділ қарастырылуына құқылы:

- кез келген конфликтілі жағдайлар бойынша (қойылған бағамен келіспеушілік, университет ережелерін бұзу туралы қойылған кінємен келіспеушілік және т.с.с.) университеттің комисcиясына шағымдануға құқылы;

- университеттің кітапханаларымен, ақпараттық қорымен оқу, ғылым, емдеу тағы да басқа бөлімшелердің қызметтерімен ақысыз пайдалануға құқылы;



  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлерінде, конференцияларда, байқаулар мен олимпиадаларда, өз еңбектерінің қорытындыларын ашық баспада жариялауға құқылы;

  • оқыту сапасы туралы пікірлерін және сапасын жетілдіру туралы ұсыныстарын айтуға құқылы;

- білімгерлердіњ өзін-өзі басқару органдарын және білімгерлік қоғамдық бірлестіктерін құруға құқылы;

- университеттің, факультеттің басқару органдарына сайлау және сайлануға құқылы;

- заңдастырылған тәртіп бойынша оқуды қайта жалғастыруға және басқа ЖОО-ға ауысуға, бір мамандықтан екіншісіне ауысуға құқылы.

Білім алушылардың міндеттері:

- университеттің ішкі тәртіп Ережелерін сақтап, орындау;

- білімгердіњ Ар Кодексінің талаптарына сай болу;

- тањдалынған бағыттағы теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды толық меңгеру;

- білімгер жеке оқу жоспарын деканатқа уақытылы тапсыру керек (бірінші курс білімгерлеріне ???? қыркүйекке дейін, ал жоғарғы курс білімгерлеріне жазғы семестр соңында пєндерді тањдау);

- оқу пәндері бойынша өзіндік жұмысты орындау;

- сабақты жібермей және уақытылы келу;

- денсаулығына байланысты сабақтан қалған жағдайда білімгер деканатқа медициналық анықтаманы уақытылы өткізу керек;

- университеттің инвентарын, оқу-әдістемелік кұралдарын ұқыпты қолдану;

- мәдениетін және кәсіптік біліктілігін жетілдіруге міндетті;

- оқуға білімгерге тән киіммен келу;

- сабақ кезінде тамақ-сусын ішуге, телефонмен сөйлесуге болмайды;

- оқу үрдісіне және оқудан тыс шараларға жауапкершілікпен қарау;

- оқытушылар және курстастарын сыйлай білу керек.

Білімгерлер өз денсаулығына қарауға міндетті, сонымен бірге рухани байлығын көтеруге және салауатты өмір сүрүге ұмтылуы керек.

Міндеттерін орындамаған білімгерлерге тәртіп сақтау ережелеріне сай шаралар қолданылады.



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «БІРЫҢҒАЙ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН» ЖҮЙЕСІ
Білім порталы инновациялық жобасының іске қосылуы студенттердің, ата-аналардың емтихандар кестесін, рейтинг нәтижесін және аттес­таттауды көруіне толық мүмкіндік береді. Ахмет Ясауи университетінде оқу үдерісін басқаруға мүмкіндік беретін ақпараттық инфрақұрылым «Бірыңғай автоматтандырылған» жүйе жұмыс жасайды. «Бірыңғай автоматтандырылған» жүйе студенттерге, оқытушыларға, әдіскерлерге, оқу және әдістемелік бөлімдерге, басшылыққа кіруге болады.

Бұл жүйеде студент мынадай мүмкіндіктерге ие:



  • жаңалықтар мен хабарландыруларды көру;

  • элективті пәндер каталогына кіру;

  • мамандықтың оқу жоспарын көру;

  • пәндердің оқу-әдістемелік материалдарына кіру;

  • ағымдық және қорытынды аттестацияны көру;

  • эдвайзер және оқытушылар туралы ақпаратты көру;

  • әр оқу жылына GPA балын көру және т.б.

Сонымен қатар студенттердің ата-аналары өз балаларының оқудағы үлгерімін бақылай алады. Студенттердің кез келген уақытта оқу ғимараттарында орналасқан Ақпараттық киосктерден өздеріне қажетті мәліметті көріп біледі.

Тіркеуші офисі студентті тіркеумен, студентті оқу пәндеріне қайта тіркеумен, студенттің жеке оқу жоспарын бақылаумен, студенттің аралық және қорытынды бақылау өткізумен, студенттің академиялық үлгерімін жазып сақтау және ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.



СТУДЕНТТІК ӨМІР
Жоғарғы оқу орында оқыған немесе оқитын әр бір білім алушы биография беттерінде ең жарық, қызықты кезеңдері өтеді. Жастық шақтың толы әрекеттің асқан қайратымен, қызу қаныққан өмірімен, білімдерін жинақтап және әлемдегі жетістікке жетуге ұмтылады.

Білім алушы көптеген жетістіктерге жету үшін біздің университетте оларға барлық жағдай жасалған. Ахмет Ясауи университетіндегі білім алушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл өз бетінше қоғамға айырықша мән беріп алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім алушылар өмірін ұжымдық қызметтерінде жүзеге асуын атқарады. Студенттің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру академиялық топ деңгейінде және факультетте құрылады.



Спорттық сауықтыру кешені. Университетімізде жастарды салауатты да, дені сау етіп тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуде. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спортклуб бөлімінде 13 спорттық секция жұмыс істейді, оған 669 студент қатысады. Олармен 5 аға бапкер оның ішінде екеуі ҚРЕСЖ,  4  бапкер  және 3 спорт нұсқаушылары жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер арасында факультетаралық спартакиада әр семестр сайын ұйымдастырылады.



«Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы дәстүрлі спартакиада да оқу жылында 2 рет ұйымдастырылады.



Кафедрадағы үйірме мен клубтар. Факультет кафедраларында үйірме мен клубтар мүдделеріне қарай құрылған:

- Ғылыми – кәсіптік,

- Саяси- қоғамдық,

- Мәдени- бұқаралық,

- Тілдік.

Білім алушылар кафедрадағы кез келген үйірмеге немесе клубқа эдвайзерлер арқылы жазыла алады. Университетте студенттер үшін құрылған: Тәрбие кеңесі, Мәдениет орталығы, Продюсерлік орталығы, Жастар ұйымы, Спортклуб, жатақхана дирекциясы, деканаттар, өнер үйірмелері, студенттік клубтар, студенттік ректорат, студенттік театр, студенттер Альянсы, Жас отан, студенттік деканат, спорт үйірмелері жұмыс атқарады.



Қазақстандық патриотизм – көп ұлтты халқымызды бір мақсатқа топтастырып отырған ерекше құбылыс. Осы тұрғыда университетте Тәрбие кеңесі «Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыру түрлері мен құралдары» атты бағдарлама жұмыс атқарып келеді. Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын, елін құрметтейтін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үдерісін ұйымдастыруды кешенді түрде қарайды. Университеттің тәрбие және ұйымдастыру бағыты бойынша жұмыс атқаратын барлық бөлімдердің, факультеттердің, топ тәлімгерлерінің атқаратын тәрбие жұмыстары сапалы әрі патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша Жастар саясаты саласында әлеуметтік-саяси, экономикалық, этносаралық байланысты дұрыс қалыптастыру және мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған іс-шараларды өткізу кеңінен қамтылған.

Продюсерлік орталық. Университетіміздегі мереке күндергі іс-шаралардың өткізілуі және талантты студенттерді өнерге баулып жарыққа шығару негізгі мақсаты. Университетіміздің Мәдениет орталығында өткізіліп жатқан мерекелік концерттердің барлығы осы орталықтың сараптамасынан өткізіліп сахнаға шығарылады.

Жатақхана дирекциясы. Университетіміздің студенттері жатақханамен қамтамасыз етілуі және жатақханадағы мәдени іс-шараларды жоспар бойынша атқарады. Жатақхана дирекциясы Студенттік ректоратпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайды. Студенттік ректоратта Жатақхана проректоры бар.

Жастар ұйымы және Студенттік ректорат. Жастар ұйымы - мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады. Ұйымның негізгі мақсаты - жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы, қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, обьективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, жастардың лидерлік қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Жастар ұйымында төраға және маман қызмет атқарады. Студентік ректорат - студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі негізінде құрылып, барлық факультеттердегі студенттердің арасынан белсенді болып, сайлау арқылы өз факультет студенттерінің қолдауына ие болған студенттердің бірлестігі. Студенттік ректорат Тәрбие кеңесінің барлық құрылымдарымен жұмыс атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет