Студенттерге арналған жол көрсеткіш



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі12.58 Mb.
#22242
1   2   3

Бүкіл Түркі дүниесіне киелі жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1991 жылғы 6 маусымдағы Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды. 1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.

Туысқан екі ел қазақ-түрік бауырластығы нәтижесінде құрылған білім ордасы– түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда.

Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда университетте 54 бакалавриат, 30 магистратура, 3 резидентура және 11 докторантура бағдарламалары бойынша әлемнің 16 мемлекетінен келген жалпы саны 10 000-нан астам білімгер күндізгі, сыртқы, ұзақтан оқыту бөлімдерінде білім алады, Түркі тілдес елдерден – 900-ден астам білімгер оқиды. Осы уақытқа дедйін халықаралық статусына ие университет мыңдаған бітірушілерге сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, еліміздің білікті мамандарының көбеюіне үлкен үлес қосты. Бүгінде кең байтақ Отанымыздың кез келген түкпірінен осы оқу орнының ұстаздық, қоғамдық және мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүрген түлектерін көптеп кездестіруге болады.

Оқу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Түркияның алдыңғы қатарындағы университеттерімен (Хажеттепе, Гази, Эржиес, Стамбул, т.б.) екі жақты келісімшарт жасалып, осыған сәйкес университет студенттері 1 оқу жылына немесе 1 семестр бойы түрік, ағылшын тілдерінде Түркияда білім алады.

Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады.

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімі және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге» өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Өкімімен бекітілді.

2012 жылдың 24 мамыр күні Астана қаласында ресми сапары кезінде Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоган мырза университетіміздің 10 үздік түлектеріне дипломдарын тапсырды.

Университеттің тағы бір ерекшелігі - Қазақстан, Түркия және түркі тектес халықтардың талантты жастарына бір шаңырақ астында қазіргі заманның талабына сай әлемдегі алғашқы қалыптасқан халықаралық қазақ-түрік оқу стандартын түзетіп білім беріп, университетте оқитын барлық түркі халықтарының студенттерін қазақ халқына достық және бауырмашылдық өшпес сезімге баулу, әлемдегі шет мемлекеттер мен түркі тектес қауымдастықтардан келген жастарға және оралмандарға тегін білім беру қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Университетіміз 2009 жылы ТІS халықаралық түрік компаниясынан қайта сертификациялаудан сәтті өтіп, ИСО 9001:2008 халықаралық стандарты­на сәйкес сапа менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.

Университет Болон декларациясына қосылу туралы Меморандумға, Тараз Декларациясына 2007 жылы қол қойды және 2010 жылдың қыркүйек айында Болон Декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі болды.

Оқу орынымыз 2012 жылы қараша айындағы Мемлекеттік аттестациядан оң баға алды. 2013 жылдың 18-19-20 наурыз күндері Халықаралық институционалды аккредитациядан өтті. 2014 ж. мамандырылған аккредитациядан 30 мамандық өтті.

«Қазақстан Республикасының білім беру сапасын қамсыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттігінің» ұйымдастыруымен ЖОО-ның бакалавриат бағдарламалары бойынша рейтингісіне қатысып университеттің бір қатар бағдарламалары жоғары орындарға ие болды.

Білім беру процесінде қазіргі заманға сай компьютерлік, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ең озық оқу әдістері пайдаланылуда. Оn-line режимде лекция оқуға арналған видеоконференцзалда Түркия Республикасының Анкара, Стамбул университеттерінің профессор-оқытушылары on-line режимде дәрістер оқуда. Оқу орны зертханалық құрал-жабдықтар орналасқан заманауи мамандандырылған зертханаларды, оқу кабинеттерін; оқу процесін жеделдетуге және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін макеттерді оқу үрдісінде қолданады.

Материалдық базасы жағынан университетіміз Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінен саналады. Барлық оқу жүйесі және ғылыми зертханалары жаңа техникалармен, дербес компьютерлермен жабдықталған. Барлық оқу ғимараттары талшықты-оптикалық байланыс желісімен бірыңғай локалдық желіге біріктіріліп, интернет желісіне қосылған. Университеттің оқу процесінде 72 интерактивті тақта, 61 мультимедия бөлмесі, 27 компьютер бөлмесі, 12 компьютерлік лаборатория және 90 орындық 1 электрондық оқу залы қызмет көрсетуде. 2012-2013 оқу жылында 1805 компьютер пайдалануға берілді. Студенттердің кез келген уақытта қолдануы мақсатында 5 оқу ғимаратымызда Ақпараттық киосктер орналастырылды.

Университетіміздің ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының жұмыс жасау сапасын арттыру мақсатында Интернет желісінің жылдамдығы 60 МБ/секундқа көтерілді, барлық оқу ғимараттары талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды.

2012-2013 оқу жылында «Медициналық білім беру орталығы» құрылды. Мұндай орталық басқа ешбір жоғары оқу орнында болмаған. Жаңа медицина ғимаратында «Объективті құрылымдық клиникалық емтихан қабылдау» орталығы жабдықталды.

Ахмет Ясауи университеті құрамына дайындық факультеті (үкіметаралық келісім шартқа сәйкес жыл сайын түркі тілдес елдерден 200 тыңдаушы); 14 факультет, 52 кафедра, Тіл үйрету орталығы, 150 орынға арналған медициналық клинико-диагностикалық орталық, көпсалалы медициналық клиника, медициналық оқу-клиникалық база; Анкарада ұзақтан оқыту факультеті (TURTEP), Ахмет Ясауи кәсіби колледжі; арнайы мамандандыру орталығы; ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу зертханалары; университет қалашығы (300 га), оның ішіне ботаникалық бақ (100 гектар) кіреді. Кітапхананың жалпы қоры 1 млн.-ға жуық кітапты құрайды.



Болон процесі және академиялық ұтқырлық секторы.

Қазіргі таңда студенттеріміз Америка, Европа, Азия университеттеріне барып, білім алып келуде. Оған қоса ОПҚ қызметкерлері де көптеген әлемде болып жатқан ғылыми конференцияларға қатысып, біліктілігін арттырып жатыр. Жыл сайын студенттеріміз Мәулана академиялық ауысу бағдарламасы бойынша Түркия мемлекетінің Гази, Хажеттепе, Муғла, Эрджиес, Ататүрік, Балкесир, Ыстамбул, Майыс, Йылдырым Беязит, Сакария, Ыстамбул, Реджеп Таиип Ердоған, Эрбакан, Думлупынар, Джумхуриет, Дүздже және Акдениз университеттерінде бір семестр көлемінде білім алуда. Университеттің студенттері мен түлектері ЖОО-ның мәртебесіне және халықаралық келісімшарттарға сәйкес бакалавриатта, магистратурада және докторантурада өз білімін Түркияның алдыңғы қатардағы университеттерінде өз білімін жалғастыруда.



Ғылыми қызметі. Университетте Экология ғылыми-зерттеу институты, Түркология ғылыми-зерттеу институты, Археология ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс етеді. Университет ғалымдары Халықаралық Темпус және басқа бағдарламалары бойынша жобаларға қатысып, жетекшілік етуде және ғылым саласындағы гранттар бойынша нәтижелі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Студенттердің тұрақты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, студенттердің республикалық ғылыми жобалар конкурстары мен пәндік олимпиадаларында жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны жыл сайын артуда.

Мәдени және әлеуметтік сала.

Университетте «Шаңырақ» студенттік клубтар басқармасы жұмыс атқарады. Оның құрамында Халықаралық қазақ-түрік университеті студентерінің ынтымағын арттыру және достық байланыстағы іс-шараларға қолдау көрсету және студенттердің әр түрлі саладағы қызығушылықтарына қолдау көрсету мақсатында 27 клуб ашылып, жұмысын атқарып келеді. Клубтардың жұмыстарына, қажеттіліктеріне Өкілетті Кеңес тарапынан материалдық және басқа да қолдау көрсетіледі. 29 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған «Достық» би композициясы университеттің мақтанышының бірі.

Тәрбие кеңесі, Мәдениет орталығы мен Продюсерлік орталық, Спортклуб, Жастар ұйымы мен Студенттік ректорат және «Шаңырақ» студенттік клубтардың координациялық басқармасы сынды құрылымдар халықаралық, республикалық, облыстық және қала мен университет деңгейінде жүргізілетін қоғамдық-мәдени жұмыстарға студенттердің көптеп тартылуын, салауатты өмір салтына сай спорттық шараларға араласуы мен әртүрлі үйірмелерге белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, университет базасында 2005 жылы негізі қаланған Б.Саттарханов атындағы республикалық «НАМЫС» жастар қоғамдық бірлестігі – студент жастарға отаншылдық рухта тәрбие беруге жемісті атсалысуда.



Халықаралық қатынастар бөлімі университеттің халықаралық байланысын кеңейту мақсатында шетел жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, білім беру қорларымен екі жақты және көпжақты байланыс орнату үшін халықаралық саясатын жүргізеді. Қазіргі таңда университетіміздің білім және ғылым саласында 35 шетел университеттерімен келісім-шарттары бар. Осы ынтымақтастықтың аясында Ұлыбритания, Туркия, Қытай, Мысыр, Ресей, Польша, Өзбекістан елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары, университеттерімен мамандар даярлау, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және т.б. бағыттарда жұмыстар жүзеге асырылуда. Оқу ордамызда білім алып жатқан жастарға Туркия, Өзбекістан, Мысыр елінен келіп елуге жақын шетелдік оқытушы-профессорлар дәріс береді. Халықаралық ғылым мен білімді жетілдіру мақсатында Европалық елдердің ЖОО-ның құрған Трансеуропалық мобильді ТЕМПУС бағдарламасы аясында жарияланған конкурстартық жобаларға университет ғалымдарын қатыстыру жұмыстарын тиянақты жүргізеді. 2012-2013 оқу жылында оқу ордамыздың ғалымдары Темпус ІV бағдарламасы бойынша жобаны ұтып алды, жобаның координаторы Мидлсекс университеті (Англия), ал мүшелері Лейпциг университеті (Германия), Валенция университеті (Испания), Кипр университеті (Кипр) және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Әль-Фараби атындағы Қаз ҰМУ-і, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті. Халықаралық білім-ғылым ұйымдарына мүшелілігі:

  • Университеттердің еуразиялық ассоциациясы (EAU);

  • Университеттердің Ұлы хартиясы (Magna Charta Universitatum);

  • Қашықтықтан оқытудың ғаламдық университеттер ассоциациясы (GUIDE);

  • Университет ректорларының халықаралық ассоциациясы;

  • Еуропалық Одақ және АҚШ елдерінің елшіліктері.

Ғылыми басылымдары:

  • «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы» кезеңдік ғылыми журналы: «Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары» серияларында;

  • «Түркология» Халықаралық ғылыми журналы;

  • «Jelmaya» (Анкара) Халықаралық ғылыми журналы;

  • «Ayhaber» (Анкара) Халықаралық ғылыми журналы;

«Bilig» (Анкара) Халықаралық ғылыми журналы;

Жұмысқа орналастыру. Университетте «Бітірушілерді жұмыспен қамту және маркетинг» бөлімі – студенттерге және түлектерге табысты мансап құруға, кәсіби өсуіне және дамуына ақпараттық-кеңес көмегін көрсететін құрылым. Бітірушілерді жұмыспен қамту және маркетинг бөлімінің міндеті - еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарын анықтап, университет бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру механизмін қарастырады. Бітірушілердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіби дамуы мен мансаптық (карьералық) өсуіне көмек көрсету, бағыт беру, бақылап отыру қызметтерін атқарады. Университет студенттерін түрлі компаниялардың мақсатымен, қызмет түрлерімен таныстыру және жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін білу үшін талдау жұмыстарын жүргізіп отырады. ҚР БжҒМ, ДСМ, Облыстық білім, Денасаулықсақтау басқармаларымен қатар басқа да ЖОО-мен тығыз байланыс орнатып, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың алдын ала шараларын ұйымдастырады. Студенттердің түрлі мекеме, компаниялардың вакансиялары бойынша карьералық өсу мүмкіншіліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Жұмысқа орналасуда студенттер мен бітірушілерге психологиялық кеңестер береді. Мамандық шығарушы кафедралармен жұмыс жүргізе отырып, студенттерді мамандыққа сәйкес түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен денсаулықсақтау мекемелерінде дипломалды, өндірістік тәжірибелерден өткізуді ұйымдастырып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізіледі.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Оқытудың кредит технологиясы бойынша төменде келтірілген негізгі түсініктемелер мен анықтамалар қолданылады:

Оқытудың кредиттік технологиясы (Credit Unit System) - білімгердіњ білімді өзбетімен меңгеруіне, ойлау қабілеттілігінің дамуына, ізденіс қабілеттілігінің қалыптасуына бағытталған білім беру траекториясын таңдау арқылы жүзеге асырылатын, білім көлемін кредит түрінде жинақтайтын білім беру технологиясы.

Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшейтін бірыңғай бірлік.

Академиялық к‰нтізбе (Academic Calendar) - бір оқу жылы ішінде демалыс күндері көрсетіліп (қысқы және жазғы каникулдар мен мерекелер) өткізілетін оқу және бақылау жұмыстарының, тәжірибелердің күнтізбесі. Білім алушылар факультетке бағдар беру аптасының басында келуі керек.

Академиялық дәреже (Academic Degree) - мемлекеттік аттестацияның қорытынды нәтижелері бойынша оқу бағдарламасын меңгеруіне қарай университет түлегіне берілетін дәреже.

Академиялық мерзім (Academic Теrm) – теориялыќ оќу мерзімі: 15 аптадан т±ратын – семестр.

Академиялық сағат (Academic hour) - лекциялық, тәжірибелік сабақтардың 1 контактылық сағатына (50 мин), студиялық сабақтардың 1,5 контактылық сағатына (75 мин), зертханалық және дене шынықтыру сабақтарының 2 контактылық сағатына (100 мин), практиканың кез келген түрінің 5 контактылық сағатына (250 мин) тең.

Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

Академиялық еркіндік – білім беру үдерісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы.

Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит пен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі.

Бакалавриат (Baccalaureate) – «Бакалавр» академиялық дәрежесін беретін жоғары базалық кәсіби білім деңгейі.

Бакалавр, магистр, доктор (bachallor, master, doctor) – жоғары базалық білімдеріне және ЖОО-нан кейінгі кәсіптік білімдеріне сәйкес білім алушыларға берілетін академиялық дәрежелер.

Маман дайындайтын кафедра – өз саласы бойынша маман дайындап шығаратын кафедра.

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) -ЖОО-дағы оқытушы-профессор құрамының қызметтері.

Таңдау бойынша оқытылатын пән (Elective Courses) - кез келген академиялық мерзімде білім алушының қалауы бойынша таңдалынатын элективті пәндер (элективті пәндер тізімі жұмыс оқу жоспарында беріледі).

Пәндер каталогы – ағымдағы оқу жылында жүргізілетін барлық пәндер туралы кректі ақпараттары бар құжат.

Оқу пәніне тіркеу (курсқа жазылу) (Registration) – алдағы академиялық кезеңге (семестрге) білім алушылардың тіркелу процедурасы.

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – нақты білім алушылардың білім алу траекторияларын көрсететін, академиялық кезеңде үлгілік оқу жоспарына сәйкес элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына өз таңдауымен тіркелген оқу пәндерінің және кредиттердің саны көрсетілген студенттің құжаты.

Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) — жоғары кєсіптік білім берудегі баѓдарламалыќ материалды білім алушылардың игеруін көрсететін сандық кµрсеткіш.

Білімгерлердің білімін бағалау - рейтингілік бақылау нәтижелеріне байланысты баллдық жүйе бойынша жүгізіледі.

Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі.

Межелік бақылаубір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.

Аралық бақылау 1 (Midterm Examination 1) - академиялық күнтізбекке сәйкес білім алушылардың білім алу жетістіктерін теориялық оқудың ортасында оқытушының тексеріп бағалауы.

Аралық бақылау 2 (Midterm Examination 2) - академиялық күнтізбекке сәйкес білім алушылардың білім алу жетістіктерін теориялық оқудың соңында оқытушының тексеріп бағалауы.

Емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.

Қорытынды бақылау (Final Examination) – пәнді толығымен игергеннен кейін академиялық мерзім (семестр, курс) соңында жүргізілетін бақылаудыњ түрі. Ќорытынды бақылаудаѓы емтихан ауызша, жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған, білім алушылардың білім берудің лайықты бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижесінде мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) берілетін процедура.

Апелляция (Appeal) – білім алушы қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда емтихан өткізілген күннің ертеңіне апелляцияға беріп, өзінің білімінің дұрыс немесе дұрыс емес бағаланғандығын анықтау үшін жасалатын шаралар.

Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) Таңдаған бағдарлама бойынша білімгердің бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа балл – аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде қабылданады. GРА балл білім алушыны курстан курсқа көшіру үшін өту балы болып табылады. Білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде ЖОО дербес белгілейді.

Транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат.

Бағдар беру аптасы – 1 курс білім алушыларына оқытудың кредиттік технологиясының негізгі ережелерін меңгертуге арналған оқу жылының басындағы апта.

Тіркеуші офисі (Office of the Registrar) – білім алушыларды оқытылатын пәндерге жазумен айналысатын, олардың бүкіл оқу мерзіміндегі оқудағы жетістіктерін тіркейтін, білімінің аралық және қорытынды бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет.

Қайта тіркеу кезеңі (Add/Drop Period) – білім алушының бір курстан бас тартып, екінші курсқа жазылып ЖОЖ-ды өзгерте алатын кезеңі.

Пәнді қайтадан оқыту (Retake) - қорытынды бақылауда «Қанағаттанарлықсыз» («F») баға алған жағдайда пәнді қайта оқуы. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді және ақылы оқиды.

Үлестіруге арналған белсенді материалдар (АРМ) (Handouts) - білімгердіњ білімге деген құштарлығының, ойлау кабілеттілігінің дамуына, ізденіс қабілеттілігінің қалыптасуына жағдай жасау мақсатында оларға сабақта үлестірілетін көрнекі және дидактикалық материалдар (лекция тезистері, мысалдар, өзіндік жұмыс тапсырмалары, глоссарий, т.с.с.)

Жалпы білім беру пәндер (ООД) (General Education Requirement (GER) - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану пәндер циклы.

Mіндетті компонент (Core Subjects) - білімгердің мамандығына сәйкес типтік оқу жоспарындағы міндетті түрде өтілетін пәндер тізімі.

Пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequisite) – белгілі бip пәнді игеру алдында оқылатын және осы пәнді игергеннен кейін оқытылатын пәндер тізімі.

Пән жоспары (білімгерге арналған) (Syllabus) - пәндердің мақсаты мен міндетін, қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, оқытушының талаптарын, бағалау критерийін, жұмысты өткізу кестесін және пайдаланатын әдебиеттер тізімін қамтитын жұмыс оқу бағдарламасы.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – пәнді игеру жоспарында студенттің өзіндік жұмысы деп анықталған тақырыптар бойынша орындалатын жұмыстар. СӨЖ-ы әдістемелік нұсқаулармен, ќажетті әдебиеттермен ќамтамасыз eтіледі және де студенттің білімін тексеруге арналған тесттер жүйесі, бақылау жұмыстар тапсырмалары, коллоквиумдар, шығармашылық жұмыстар, рефераттар тақырыбы беріледі.

Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы (СОӨЖ) - аудиториядан тыс, сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының жетекшілігімен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы.

Тьютор (Tutor) - сабаќ жүргізетін және білім алушының академиялық кеңесшісі рөлінде қызмет ететін оқытушы.

ПОӘК (Пәннің оқу әдістемелік кешені) – силлабустан, дәрістердің қысқаша конспектісінен, тәжірибелік, семинарлық және лабораториялық сабақтардың тапсырмаларынан, СӨЖ тапсырмаларынан, тақырыптар мен сабақ түрлері бойынша (кейстер, тапсырмалар жинағы, талдауға арналған мақалалар және т.б.) өзіндік жұмыстарға арналған оқу-тәжірибелік материалдардан тұратын оқу құралы.

Оқу жоспары - (Curriculum) оқылатын пәндер тізімін және peттілігін анықтайтын негізгі құжат.

Эдвайзер (Advisor) – білім алушыға академиялық мәселелер бойынша кеңес беретін маман дайындайтын кафедраның оқытушысы, оқытудың барлық кезеңінде білім траекториясын таңдауда және оқу бағдарламасын игеруде көмек көрсетеді. Топқа қатысты эдвайзер ұйымдастырушы, әдістемелік басшы, тәрбиеші, педагог-психолог.

Білім алушы – бакалавриаттың, магистратураның, PhD докторантураның, екінші жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын тұлғалар.

Оқыту формасы (Forms of training) – күндізгі, сырттай, ұзақтан оқыту.

Сабаққа қатысу мен үлгерімнің электрондық журналы – оқытушылардың бүкіл академиялық кезең бойы толтырып отыратын ХҚТУ-дың «Бірыңғай автоматтандырылған» жүйесіндегі on-line журналы.

Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойында игерілетін кредиттермен өлшенеді. Университетте оқитын бүкіл кезең аралығында білім алушы мамандықтың мемлекеттік стандарты бекіткен қажетті кредиттер санын меңгеруі керек. Әдетте қажетті кредиттерді меңгеру төрт оқу жылы ішінде жүзеге асады. Әр мамандықтың оқу жоспарына пәннің үш циклы кіреді: жалпы білім беру циклы, гуманитарлық және кәсіптік. Әр циклда міндетті компонент пен таңдауға негізделген компонент пәндерінің тізімі мен кредит саны бірге көрсетілген. Әр пән бір семестр бойы оқытылады, бірақ оқу жоспары пәндерді оқудың жүйелілігі және әр пәнді оқудағы пререквизиттерді қатаң есепке алу қағидаты негізінде құрылады.

Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (сессия), қорытынды аттестация (бітіруші курс үшін), тәжірибе мен демалыс күндері кіретін академиялық кезеңдерден (семестр) тұрады. Теориялық оқыту кезеңінің ұзақтығы жазғы семестрді қоспағанда 15 аптаға дейін.

Аралық аттестация кезеңі 2 аптадан кем болмау керек.

5 аптаға созылатын жазғы семестр өткізіледі, оған пәнді қайта оқу (Retake) кіреді, оның 4 аптасы теориялық оқытуға және 1 аптасы қорытынды бақылауға (сессия) арналады. Жазғы семестрде, әдетте, оқу бағдарламасы бойынша меңгерілмей қалған пәндер, сондай-ақ басқа мамандықтан, басқа ЖОО-нан ауысып келген білім алушылар үшін пәндер оқытылады.

Әрбір пән бойынша сабақтар және сабақ кестесін құру білім алушылардың пәнге тіркелу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарында көрсетілген кредиттердің белгілі бір мөлшеріне тіркелуі тиіс.

Білім алушыны алдағы оқу жылына оқу пәндерін оқып-игеруге тіркеу кафедралардың, деканаттардың, эдвайзерлер мен тіркеуші офисінің нұсқаулық және консультативтік көмегімен жүргізіледі. Тіркеуді жүргізу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

Білім алушы өзінің жеке оқу тракторияларын эдвайзермен егжей-тегжейлі талқылағаннан соң пәнге тіркеу жүзеге аысрылады, эдвайзер бекітілген жұмыс оқу жоспарларына және элективті пәндер каталогына сәйкес пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік береді.

Университетке жаңа түскендер үшін мерзімдері академиялық кестеде көрсетілетін бағдарлау (ұйымдастыру) кезеңі ішінде кредиттік оқыту жүйесімен, пәнге тіркеу рәсімдерімен жалпы танысу жүзеге асырылады.

Бағдарлау кезеңінде әкімшілік әкілдерімен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, эдвайзерлермен кездесулер өткізіледі. Әрбір білім алушыға ID идентификациялық нөмірі (логин) беріледі, білім алушы сол бойынша жеке оқу жоспарын оқу пәндеріне on-line тіркеу жолымен тіркейді.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру үшін білім алушылардың білімдерін бақылаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:


  • ағымдық бақылау;

  • аралық бақылау;

  • қорытынды бақылау.

Ағымдағы және аралық бақылауды өткізудің формасын пәннің ерекшелігіне байланысты оқытушы белгілейді. Ағымдағы және аралық бақылаулар коллоквиум немесе компьютерлік тестілеу, жазбаша бақылау жұмысы, білім алушылардың пікірсайыстарға, дөңгелек үстелдерге, іскери ойындарға қатысуын бағалау, жағдаятты тапсырмаларды шешу және т.б. түрде жүргізіледі. Ағымдағы және аралық бақылау формасы туралы толық ақпарат пән бойынша жасалған силлабуста көрсетіледі және семестрдің алғашқы екі аптасында білім алушыларды хабардар етеді.

Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.

Бағасын көтеру мақсатында аралық бақылау нәтижесін өзгертуге болмайды. Дәлелді себептерін (ауру, отбасылық жағдай, қызметіне байланысты) 3 күннің ішінде деканатқа хабар беріп, деканның өкімімен аралық бақылау немесе емтихан сессия мерзімін ұзартып, тапсыруына болады.

Сессияның ұзақтығы және емтихандардың саны мамандық бойынша бекітілген оқу жұмыс бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Соңғы емтиханды ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі деканға, оқу бөліміне, тіркеуші офисіне жүктеледі.

Білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтинг әріптік жүйесі бойынша жүргізіледі (1-кесте).



1-кесте


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А


4,0

95-100

Өте жақсы

А-


3,67

90-94

В+


3,33

85-89

Жақсы

В


3,0

80-84

B-


2,67

75-79

С+


2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С


2,0

65-69

С-


1,67

60-64

D+


1,33

55-59

D


1,0

50-54

F


0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

I


(Incomplete)

-

-

«Пән аяқталмаған»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P


(Pass)

-

-

«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP


(No Pass)

-

-

«Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)


-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)


-

-

Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)


-

-

«Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

R

(Retake)


-

-

Пәнді қайта оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет