Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет2/13
Дата07.11.2022
өлшемі0.9 Mb.
#464142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
818700384631 силлабус ОҢАЛТУ БЕЙІМДЕЛУ

3. Пәннің пререквизиттері



Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары)

1

Мамандыққа кіріспе

2

«Философия»

3

«Психология»

4

«Мәдениеттану»

5

«Арнайы психология»

6

«Арнайы педагогика»













4. Пәннің постреквизиттері



Пәндердің атауы

1

«Арнайы метепке дейінгі педагогика» «Тифлопедагогика»

2

«Логопедия негіздері»

3

«Олигофренопедагогика»

4

«Сурдопедагогика»



Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Пән тақырыптарының аталуы

апта

Дәрісханалық сабақтар

Тапсырма түрі (сипаттамасы)

Барлығы
(сағ)

Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)

СОӨЖ (сағ.)

Бақылау түрі

СӨЖ (сағ.)

Бақылау түрі

1

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсының пәні, міндеттері. Компетенттік, әлеуметтену, дезадаптация ұғымдары

1

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

2

Адамның әлеуметтік психологиялық бейімделу механизмі

2



2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

3

Әлеуметтік психологиялық бейімделу және бейімделу мәселесінің шетелдік және отандық теориялары

3

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

4

Адамның бейімделу факторларын анықтау деңгейі және түрлері

4

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

5

Бейімделу психологиясының негізгі фактілері және заңдылықтары

5

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

6

Оңалту процесінің қалыптасуының еркешеліктері

6

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

7

Балаларға арналған реабилитациялық орталығы

7

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

8

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу

8

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

9

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту көмектің түрлері

9

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

10

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға көмек көрсету

10

2

1

2

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

11



Дамуында әр-түрлі категориялы ауытқуы бар балаларды реабилитациялау және бейімдеудегі педагогтың іс-әрекеті

11

2

2

1

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

12

Есту және көру қабілеттері бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

12

2

2

1

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

13

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

13

2

2

1

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

14

Психикалық дамуы тежелген балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары

14

2

2

1

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10

15

Аутизм және интеллектісі бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары.

15

2

2

1

Конспект, ауызша

5

Конспект, ауызша

10










30

20

25




75




150



6. Дәріс сабақтарының мазмұны.
КІРІСПЕ
Пәннің негізгі категориялары мен анықтамалары.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсының пәні, міндеттері. Компетенттік, әлеуметтену, дезадаптация ұғымдары
Әлеуметтік психолгиялық бейімделу ұғымын ашу. Компетенттік, әлеуметтену, дзадаптация ұғымдарын қарастыру. Әлеуметтік оңалту негізгі ұғымдары және басты мәселелерді танып білу мақсатымен психология пәні міндеттері әдістері психика мен сананың дамуы іс-әрекет жайлы мәліметтер беріледі. Сонымен қатар қазіргі психологияның дамуының жағдайында әсіресе ықпалы болған еңбек сіңірген ғалымдардың есімімен таныстырылып, тарихи шолу жасалынады. Жалпы психология бойынша берілетін мәліметтер арнайы психологиялық білімді қалайды.
Әрбір ғылым басқа ғылымдардан өз ерекшеліктері болады.
ХХІ – ғасырдың басында Халықаралық денсаулық ұйымының зерттеуі бойынша әлемде 10% аса мүмкіндігі шектелген адамдар бар екен, оның ішінде 100 млн. Мүгедек балалар. Біздің елімізде мүгедектердің саны 400 мың, соның ішінде 211 мыңы әйелдер, 16 жасқа дейінгі мүгедектер саны 49,8мың, мүгедек балалар саны 58,8мың.
ХХ – ғасырдың 80-90 жылдары қоғамда мүгедекке деген көзқарас өзгере бастады. Экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруіне байланысты және жаңа мақсаттарға сәйкес бейімдеу дене мәдениеті пәні мен мамандығы құрыла бастады. Бұл бағыттың концепциясы денсаулығында кемшілігі бар адамдардың дене жаттығуларына деген сұраныстарын қамтамасыз ету және оларды бейімдеу.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Адамның әлеуметтік психологиялық бейімделу механизмі
Платонның 427-347 б.э.д. жан мен таным туралы ілімі. Платон ілімінің кейінгі дәуірмен күні бүгінге дейінгі психологиялық ой-пікірлерге әсері. Гераклиттің VI-V ғ. Б.э.д. жан туралы, табиғаттың жалпы заңдарына тәуелділігі жайлы идеялары. Атомистер: Левкипп, Демокрит пен өзге атомистердің психологиялық танымның кейінгі дамуына ықпалы. Аристотельдің 384-322 б.э.д. жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Аристотельдің психологиялық көзқарастарының биологиялық бағдары. Грек және Рим дәрігерлерінің сезім мүшелері: ми, қаблдау, темпераментті зерттеудегі ғылыми жетістіктері (Гален,Гипократ). Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Әлеуметтік психологиялық бейімделу және бейімделу мәселесінің шетелдік және отандық теориялары
Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар. Р.Бэкон, В.Оккам, Д.Скотт. Номиналистер мен реалистердің дау-таласы. Діннің үстемдігі орта ғасырдың басты сипаттамасы. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы. Түркі мұсылмандық психологияның дамуы. Арабтық Шығыстағы психологияның дамуы: Әл-Фараби жан қуаттар жайлы. Ибн-Сина Авиценна психиканың материалдық негізі туралы. Ибн-әл-Хайсам Альгазен көру түйсіктері туралы. Ортағасырлық дәрігерлер, анотомдар зерттеулерінің психология үшін маңызы. Авиценна, Мигель, Сервет, Андрей, Везалий.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Адамның бейімделу факторларын анықтау деңгейі және түрлері
Р.Декарт (1596-1650). Декарттың жан мен тән туралы ілімі, дуализм. Декарттың рационализмі, психиканы санамен теңестіру.Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты және оның психологиялық идеялардың дамуындағы бейнеленуі. Ф.Бэконның(1596-1650) эмперикалық әдіснаманы неіздеуі. Рефлекс туралы ілім және оның тарихи мәні. Б.Спиноза (1632-1677). Ойлайтын тән туралы түсінік.Аффектілер туралы ілім. Таным мен қабілеттік туралы ілім. Т.Гоббас (1588-1679) бойнша психиканың жалпы түсінігі. Таным процестері мен аффектілер, ерік пен қабілеттілік туралы ілім. Дж.Локк(1632-1704). Эмпирикалық психологияның басталуы. Локктың туа біткен идеяларға қарсы болуы. Г.Лейбниц (1646-1716). Апперцепция туралы ілім. Лейбництің психология дамуына әсері. Санасыз психикалық құбылстар туралы түсінік. Эмпиризмді сынау.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Бейімделу психологиясының негізгі фактілері және заңдылықтары
Ж.Ламетри (1715-1751). «Адам машина» адам мен оның психикасына табиғи ғылыми көзқарас. Англиядағы ассоциативтік психология. Д.Гартли негізгі психикалық элементтер мен олардың ассоциациясы туралы. Э.Кондильяктың сенсуалистік таным теориясының дамуы. Д.Дидроның психологиялық көзқарастары. К.А.Гельвецийдің психологиялық көзқарасы. Неміс классикалық философиясындағы психологиялық идеялардың психология ғылымы дамуындағы мәні мен маңызы. И.Кант, И.Г.Фихте, Г.Гегель, Л.Фейербах. Жүйелі, дәйекті материализм, сезімдік және рационалдық таным, қабілеттер.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Оңалту процесінің қалыптасуының еркешеліктері
М.Лацарус пен Х.Штейнталь этникалық психологияның негізін қалаушылар. И.Гербарттың психологиясы. А.Бэннің эмпирикалықпсихология жүйесі, психологиядағы ықтималдық статискалық әдістерінің мүмкіндіктері мен шығармашылық ассоциация туралы түсінік. А.Бэн мінез туралы. Джемс Миллдің психологиялық көзқарасы. Г.Спенсердің эволюциялық ассоцианизмі және оның психологиялық ғылымға ықпалы. К.Д.Ушинский психолог ретінде. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық антропалогиясының қазіргі психология үшін мәні. М.И.Владиславлев, Н.Я.Грот, И.А.Сикорский, М.М.Троцкийділердің психологиялық зерттеулері мен тұжырымдамалары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары. Шоқан Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнабаевтардың шығармашылықтарындағы психологиялық идеялар.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет