Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға көмек көрсету



бет5/13
Дата07.11.2022
өлшемі0.9 Mb.
#464142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
818700384631 силлабус ОҢАЛТУ БЕЙІМДЕЛУ

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық көмек беру. Психологиялық-педагогикалық, отбасылық кеңес беру. Отбасы мәселелерін диагностикалау және әкелерге кеңес беру. Психокоррекциялық, психотерапиялық жұмыс бағыттары. Библиотерапия. Арттерапия. Хореотерапия. Музыкотерапия. Вокалотерапия. Туротерапия. Эстетотерапия. Еңбек терапиясы. Махаббат терапиясы. Проективті сурет (арттерапия). Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық көмек беру. Отбасы – баланың тек өмір сүретін ғана емес, сонымен бірге оның адамгершілік сапалары, адамдар әлеміне деген қатынасы, тұлғаралық байланыстардың сипаты туралы түсініктері қалыптасатын микросоциум болып табылады. Қазіргі заманғы зерттеу жұмыстарындағы отбасына қатысты қағидалар, дамуында бұзылуы бар баламен диагностикалық және түзетуші жұмыс жүргізуде ескерілуі қажет.
Жұмыс формалары:
1) дамуында бұзылуы бар баланың ата-анасына (анасына) жұмыс тәсілдерін көрсету;
2) психолог жүргізетін сабақтарды ата-ананың (ананың) конспектілеуі;
3) өз баласымен үй тапсырмасын орындау;
4) ата-аналардың (ана) психолог ұсынған арнайы әдебиетті оқуы;
5) баламен жұмыста шығармашылық ой-пікірлерді ата-ананың (ана) жүзеге асыруы.


Дамуында әр-түрлі категориялы ауытқуы бар балаларды реабилитациялау және бейімдеудегі педагогтың іс-әрекеті
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
- бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;
- баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;
- өмірлік кеңістікте баланы қорғау;
- бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқар-ғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады. Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады. Маллер А.Р «Дефектология» журналында былай деп атап көрсеткен: «Арнайы түзету мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті келесі бағыттарды қамтуы керек: диагностикалық болжау; түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени; функционалды-ұйымдастырушылық; құқықтық бағыттар». Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог тәжірибелік психологпен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және жасерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын өңдейді. Түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени бағыттың мәні ол әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да кедергілер оқыту процесін қиындатқан жағдайда көмек көрсету ретінде көрініс табады. Сонымен қатар мұнда педагогикалық ұжыммен, әсіресе, жас мамандармен кеңес беру жұмысы жүзеге асырылады. Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші жағынан, сабақтан тыс жағдайда әлеуметтік қызметтердің арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Сонымен бірге ол мектеп әкімшілігі мен отбасыларға бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы бойынша көмек көрсетеді. Еңбекке оқыту профилі туралы шешім қабылдамас бұрын мектеп терең әлеуметтік талдау жасап, жұмыс орындарының болуын зерттеуі қажет. Мұндай әлеуметтік талдау әлеуметтік педагог басшылығымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагог қызметінде профилактикалық бағытты ерекше атап өткен жөн. Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке әсер ететін көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі жасерекшелік топтарымен болатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетіндегі құқықтық бөлім ең маңызды болып табылады, өйткені мұнда интернат педагогтары мен оқушыларының құқықтық ағартушылық міндеттері, сонымен бірге полиция мен сот органдарындағы тәрбиеленушiлердiң мүдделерiнiң өкiлдiктерi міндеттері біріктіріледі. Мұнда әлеуметтік педагог міндетіне баланың заңды беделінің ақпараттары мен құжаттарын жинау бойынша жұмыс жатады, яғни, ата-аналарын, туыстарын іздестіру, қамқор болушы адамның құжаттарын дайындау, бітіруші түлектердің тұрғын үй алуы үшін құжаттарын дайындау және т.б жатады. Түзету мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметі төмендегідей принциптердің негізінде құрылады: жұмыстағы объективтілік, шешім қабылдаудағы тәуелсіздік, жеке ықпал ету, гуманизм, адам тұлғасының құндылықтарындағы принциптер т.б. Әлеуметтік педагог арнайы (түзету) мектебінде жұмыс жүргізу арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет