Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені


PC/AT комьютерлерінде L, S, X M шиналар жүйесін ұйымдастыру



бет29/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
UMK SUMP KZ1

PC/AT комьютерлерінде L, S, X M шиналар жүйесін ұйымдастыру.
Заманауи компьютерлерде бір емес бірнеше шиналар бар (11.6-сурет). Олардың негізгілері төртеу және олар L-шина, S-шина, X-шина және M-шина деп белгіленеді. L-шинада (немесе жергілікті шина) адрес және деректер желілері микропроцессормен тікелей байланысқан. Компьютерді бір ортақ жүйеге біріктіріп тұрған негізгі шина - S-шина (немесе жүйелік шина). Сонымен қатар, бұл шинаға жүйелік ядро құрамына кірмейтін шеткі құрылғылар қосылған. S-шина 8 арнайы разъем-слоттарда орнатылған. Бұл слоттар компьютердің жүйелік тақтасында жақсы көрінеді: оларда шеткі адаптерлер (дисплей, флоппи-дискі, винчестер, тышқан және т.б.) тақтасы орнатылған.

Cурет-11.6. IBM PC AT компьютерлеріндегі шиналық ұйымдастыру




Негізгі әдебиет: 7[85-109], 8[125-182]
Қосымша әдебиет: 12[36-83], 14[135-161]
Бақылау сұрақтары:

  1. Процессорлардың жіктелінуі.

  2. «Ортақ шиналы» концепциясы нені білдіреді?

  3. Заманауи компьютерлер архитектурасының фон-Нейман архитектурасынан қайндай айырмашылықтары бар?

  4. Шиналық ұйымдастыру дегеніміз не және ол қандай болады?

  5. МПЖ-рде ақпарат тасымалдау?



Дәріс 12. МПЖ-рдің енгізу/шығару және жадылық ішкіжүйелері.


Микропроцессорлық жүйелерде ақпарат тасымалдау.
Тізбектей тасымалдау кезінде екі жағдай шешуші болуы мүмкін:

  1. таратқыш пен қабылдағыш биттерін синхронизациялау;

  2. тасымалдау сеансының басталуын белгілеу.

Микропроцессорлық жүйеде ақпарат тасымалдаудың үш әдісі бар:

  • асинхрондытер, сигналдар кез келген уақытта тасымалданады;

  • синхронды, сигналдар уақыттың қатаң бір периодтарында ған тасымалданады;

  • аралас, байттар асинхронды түрде тасымалданады, ал байт ішіндегі биттер синхронды түрде тасымалданады.

Микропроцессорлық жүйенің енгізу/шығару ішкіжүйесі микропроцессордың сыртқы құрылғылармен байланыссын қамтамасыз етеді. Бұл сыртқы құрылғыларға келесілер жатады:

  • енгізу/шығару құрылғысы (ЕШҚ) – пернетақта, дисплей, баспа құрылғылары, датчиктер және атқарушы механизмдер, аналогты-цифрлық түрлендіргіштер (АЦТ), цифрлық-аналогты түрлендіргіштер (ЦАТ), таймерлер және т.б.;

  • сыртқы жадыда сақтау құрылғылары (СЖСҚ) – магнитті дискілерде жинақтағыштар, «электронды дискілер» және т.б..

Микропроцессорлық жүйенің енгізу/шығару ішкіжүйесі келесі функцияларды орындайды:

  1. деректер форматын келістіру;

  2. алмастыру режимінде ұйымдастыру.

Енгізу/шығару әдістерінің жіктелуі.

  1. Орталық процессордың басқаруымен:

  • сұраныс бойынша;

  • үзу бойынша.

  1. Сыртқы құрылғылардың басқаруымен (жадыға тура қатынас құру).


Сурет-12.1. Ортақ (біріңғай) адрестік кеңістіктің құрылымы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет