Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет24/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
UMK SUMP KZ1

Флэш-жады.
Кейінгі кездерде шыққан EEPROM жадыға ұқсас жадылардың бірі флэш-жады. Мұндай жадының ұяшығы EEPROM жады ұяшығындағыдай «тұтқындалған» зарядпен басқарылатын бір транзистордан тұрады. Алайда технологиялық ұқсастықтарына қарамастан флэш-жады мен EEPROM айырмашылықтары бар: EEPROM бір ұяшықтың құрамындағыны оқуға және жазуға мүмкіндік берсе, флэш-жады ұяшықтарды бір бірден оқитын болса, ал жазу операциясын тек блоктармен жүргізіледі. Жазу алдында блок құрамындағы деректер өшіріледі. Флэш-жады ұяшықтары өте тығыз орналастырылған және биттер есебінен бағасы арзан. Ол үшін бір деңгейлі кернеулер жеткілікті, сонымен қатар, ол үнемді.
Өзінің үнемділігіне байланысты флэш-жады батареяда жұмыс істейтін портативті жүйелерде жұмыс істеу үшін ыңғайлы. Нақты айтқанда ол портативті компьютерлерде, ұялы телефондарда, цифрлы бейнекамераларда және МРЗ-плеерлерде қолданылады. Портативті компьютерлерде және ұялы телефондарда қолданған жағдайда флэш-жады құрамында программалық қамтамалар болады да, ол дискілік құрылғының қызметін атқарады. Цифрлық бейнекамераларда ол бецйнелерді сақтау үшін қолданылады, ал МРЗ-плеерлерде дыбысты сақтау үшін қолданылады. Ұялы телефондардың, цифрлық бейнекамералардың және МРЗ-плеерлердің электронды компонеттері орнатылған жүйелерге мысал бола алады.
Жоғарыда аталған жүйелер үшін флэш-жадының бір микросхемасы жеткіліксіз. Бұл жүйелерде көптеген микросхемалардан тұратын үлкен модульдер қолданылады. Мұндай модульдердің кеңінен таралған екі түрі бар: флэш-карталар және флэш-дискілер.
Флэш-карталар.
Флэш-микросхемалардыың үлкен модулін жасау үшін оларды аса үлкен емес карталарға орналастыруға болады. Мұндай карталалардың стандартты интерфейстері болады, сондықтан оларды түрлі құрылғыларда қолдануға болады. Олардың сыйымдылығы әр түрлі болуы мүмкін, мысалы 8,32 немесе 64 Мбайт. МРЗ форматындағы бір минутты музыкалық жазбаны сақтау үшін шамамен 1 Мбайт жады қажет, сондықтан 64 Мбайтты сйымдылығы бар флэш-картаға 1 сағат ойналатын музыканы жазуға болады. Флэш-картаны құрылғыға орналастыру оңай: ол ыңғайлы ұяшыққа кигізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет