Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет25/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
UMK SUMP KZ1

Флэш-дискілер.
Флэш-жадылардың жоғарыда айтылған көлемнен үлкен де ірі модульдері бар, олар қатаң дискілерді амастыру үшін қолданылады. Мұндай модульдің әрбіреуі қатты дискіні толығымен эмуляциялайды және өзіне арналған ұяшыққа орналастырылады. Алайда флэш-дискінрің сйымдылығы айтарлықтай кішкентай. Қарапайым қатты дискі ондаған гигабайты деректерді сақтай алағанымен, қазіргі кездегі флэш-дискінің шектік сыйымдылығы 1 Гбайтты құрайды.
Флэш-дискінің маңыздылығы – оның құрамында қозғалмалы элементтер болмайтын стационарлы электрондық құрылғы болып табылады. Қарапайым қатты дискімен салыстырғанда іздеу және қатынас құру уақыты аз, яғни жауап беру уақыты да аз болады. Сонымен қатар, флэш-диск қорек көзін аз тұтынатындықтан, батареядан жұмыс істейтін ыңғайлы компонент бола алады. Сондай ақ, флэш-диск вибрацияға төзімді.
Флэш-дискінің кемшілігі - оның сыйымдылығы аз, және де биттік тұрғыда айтарлықтай қымбаттылығында. Сонымен қатар, белгілі мөлшерде жазу операциялары орындалып біткен соң, флэш-диск біртіндеп жойыла бастайды, алайда, белгілі бір мөлшер деп отырғанымыз – бір ұяшықты кем дегенде миллион рет жазуға болады.
КЭШ жады
КЭШ – құрылғы жұмысын жылдамдатуға арналған, тактылық жиілігі ЭЕМ-ң ең жылдам құрылғысы – процессордың тактылық жиілігінен төмен.
Буферлік ЕСҚ - ішінде КЭШ – жады ерекше мәнге ие. Қазіргі ЭЕМ – де КЭШ – жады біртекті емес құрылымға ие:
Біріншіден, L1 және L2 деңгейлі КЭШ – жады бар.
L1 деңгейі – процессор шағынсұлбасына интеграцияланған, көлемі ~ 10 г Кбайт, жылдамдығы жоғары;
L2 деңгейі - жеке корпуста шығарылады (SRAM) мат. Платада орнатылады.
Екіншіен, КЭШ – жады ның екі түрі бар:
Командалар КЭШ –жадысы;
Деректер КЭШ – жадысы.
Көппроцессорлы жүйелерде бір деңгей дің бірнеше КЭШ-і болуы мүмкін.


Негізгі әдебиет: 4[182-199], 7[51-82]
Қосымша әдебиет: 9[236-283], 10[35-61]


Бақылау сұрақтары:
1. Есептеу техникасы жабдықтарының еске сақтау құрылғыларының жіктелуі.
2. ЕСҚ иерархиялық құрылымы.
3. Жедел жадының сипаттамасы.
4. Статикалық жадының динамикалық жадыдан айырмашылығы?
5. Синхронды және асинхронды жадыны ұйымдастыру?
Дәріс 10. Аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет