Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру
Республикамыздың халықтың ең көп қоныстанған аймағының бірі, Оңтүстік Қазақстан облысын. Бүгінге, 2010 жылдың 1 желтоқсанына облыс халық саны 2502601 адамға жеріп отыр, оның ішінде қала тұрғындары 909584 адам және 1470348 адам. Бұл орайда, табиғатты ауыл тұрғындары қорғау шараларын кешенді ұйымдастыру арқылы, екі жарым миллионнан астам адамдарымыздыңтұтмыстық-әлеуметтік жағдайын, олардың тән және дене саулығын жақсартуға бағытталған шараларды ұйымдастыру өз орнын табады. Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қаласындағы автокөліксанының және өндіріс секторының қарқынды өсуінен шығындылардың артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға қатысты, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай іркінді суларды тазалау қондырғыларын салуға қаржының жетіспеушілігінен, облыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан орталықтарында халықтың көбеюінен облыстағы іркінді суларды залалсыздандыруға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар бұрынғысынша орын алуда. Облыста табиғатты қорғау шараларының орындалуына, халықтың қоғамдық көзқарасын анықтау мақсатында жүргізілген сұқпаттасу нәтижелерімен, респондентердің 62,9 пайызы, облыс бойынша табиғаты қорғауға байланысты жүргізіліп жатқан шараларына қанағаттанбайтынын көрсетіп отыр, ал респонденттердің 23,8 пайызы іс-шараға қанағаттанып, алайда оларды жетілдіруді орынды санайды. Бұл орайда, халықтың басым көпшілігі, атмосфералық ауаны өнеркәсіп және автокөлік шығарындыларынан, қаланың тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарымен, сонымен бірге су көздерінің сарқынды сулармен ластануының жылдан жылға артып келетініне алаңдатушылық тудырып отыр. Қазіргі кезеңде, Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналған, қаламен шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 га ауданға созылған суармалы егістік жер орналасқан. Суармалы егістік жер қаланың тазалау қондырғыларының
Технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Суармалы егістік жерді дайындау белгілі шаралардың орындалуын талап етеді, яғни топырақта, ауылшаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмауы керек. Сөйте тұра, суармалы геістік жердің барлық ауданы шаруаларға бөлініп берілген, олардың көпшілігі жер пайдалану құқығының мемлекеттік актісін алып үлгерген. Бұл жерлер көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын егуге жарамсыз болса да, суармалы статусы бойынша бөлінген.Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласының сарқынды суларын толығымен залалсыздандыру мәселесін шешу және экологиялық- эпидемиялық жағдайды жақсчарту үшін суармалы егістік жер ауданын және магистралдық жүйені бірыңғай технологиялық процестердің соңғы сатысы ретінде бір қолға – арнайы су шаруашылық ұйымына берген пайдалы. Аталмыш сұрақ бойынша ағымдағы маусым айында өткен күн тәртібінде Республиканың ірі қалаларында іркінді суларды тазалау тиімділігін арттыру жағдайы мен шаралары жөінде қоршаған орта сапасын тұрақтандру мәселелерін қарастыратын Комиссияның кезекті мәжілісіне мәліметтер дайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |