МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
№ Такырыптың аталуы беті
1 Кіріспе.Кафедраның оқу процесі және ғылыми жұмыс бағытымен, құрылымымен,материалдық техникалық базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі ережесімен танысу
2 Жеке тапсырма:Қоршаған ортаны қорғау мониторингі
2.1Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
2.2Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу.................9 2.3Жергілікті экологиялық проблемалар...........................................................13
2.4 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі қағидалары.............................................................................................................16
2.5Мониторинг түрлері.........................................................19
2.6 Мемлекеттік экологиялық мониторинг .......................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы 6В11210-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша білімгерлерді дайындайды. Кафедра жалпы 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды.
1.Оқу процесі.
2. Оқу әдістемелік жұмысы.
3.Ғылыми зерттеу жұмысы.
4.Тәрбие жұмысы.
Кафедраның материалдық техникалық базасымен таныстым.Техника қауіпсіздік ережесі нұсқаулығымен танысып,арнайы тіркеу журналына қол қойдым.
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында ХХ ғасырдың 20-жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг-антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының ,биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі.Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада,өнеркәсіпте,және де басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциядан кейін енді.Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады.
XXI ғасыр кезеңінде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп, қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өзекті мәселеге
айналды. Бұған себеп жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен ғылыми-
техникалық жаңалықтардың өнеркәсіп пен шаруашылыққа енгізілуі,
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамытуы. Соның салдарынан табиғат
қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін
зияны үнемі көбейіп келеді. Нәтижесінде пайдалы кендер қорының жақын арада таусылуы, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлердің толықтай
жоғалуы,қоршаған ортаның шамадан тыс ластану қауіпі төнуде. Өнеркәсібі
дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, тіпті
адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
2 Жеке тапсырма: Қоршаған ортаны қорғау мониторингі
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға
келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне
бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған
шаралар тым кеш болып нәтиже бермей , болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп
күш, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды
сақтау мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстағанымыз
жөн. Табиғи ортаны сақтауға оны сауықтыруға және өндіріс орындарының
тұрақты дамуына бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану
жүйесін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе
біржақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әсери қару-жарақтар сынаумен біздің территориямызда көтеген экологялық апатты жағдайлар қалдырды. Өкінішке орай, табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмыт болып, бүгінгі пайдаға қызығып, болашақты ойламайтын болдық.
Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық жетілдірудің дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің актуалды проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Қуаты энергия көздерімен және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның соңы – апаттық әкелуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс - әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен
оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе –теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр. Егер адамзат қоғамы
биосферадағы тіршілікті сақтап қалғысы келсе, онда олар табиғат
байлықтарына және оларды пайдалануғу деген көзқарастарын күрт өзгертуі
қажет. Ғалымдарымыздың деректеріне көз жүгіртер болсақ, қазір жер бетінде
таза ауасы, топырағы және суы бар аймақ жоқтың қасы. Осыған орай, жаңа
эколгиялық көзқарастың мағынасы қоршаған орта және жаму жөніндегі
Халықаралық комиссияның Біздің ортақ болашағымыз атты баяндамасында
ашылды. Оның шешімдері мен ұсыныстары көптеген халықаралық конференциялардың өзегі болды.
Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының оның ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін тұрақты даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды болдырмайтын бірден-бір жолы деп танылды.
Қазақстанда, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап табиғатты жоспарлы
түрде пайдалану мақсатына бағытталған экологиялық саясат қалыптасты. Бұл
мелекетіміздің табиғатты қорғау мен оның ресурстарын ұтымды пайдалануды қолға алып отырғанын көрсетеді және дүниежүзілік қоғамға өзінің тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қолдайтынын әрдайым дәлелдеп келеді. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында бірінші болып олардан бас тартты. Қалыптасқан экологиялық жағдайларды ескере отырып, табиғатты өз қалпында тұрақтандыруды дамыту мақсатында табиғатты қорғау мен оның ресурстарын ұтымды пайдалануды экономикалық басқару, реттеу және оған табиғатты пайдаланушыларды ынталандыру жолдарын қарастыру мен халықтардың табиғатпен бірлесе өмір сүру қағидаларын құру.
Бүгінге қалыптасқан экономикалық жүйеде табиғатты пайдалану халықтардың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы және тән саулығымен тығыз байланыста қарастырылмаған. Сондықтан экологиялық жағдайды халықтың денсаулығын бағалап олардың өмір сүру әрекетімен қарастыру маңызды болып отыр. Бұл орайда табиғатты пайдаланудың әлеуметтік қатынастарының көрінісі болуы тиіс. Олар барлық деңгейде біртұтас қалыптасуы керек. Өнеркәсіп аймағындағы елді мекендердің қоршаған ортаны ластануын төмендету және оны қалпына келтіру әрекеттерін жоспарлау, қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғатты пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру, қоршаған орта сапасын жақсарту және қоғамның жоғарғы дәрежелі экологиялық тұрақты даму деңгейіне жеткізу мәселелерін шешуде берілген мәліметтерді пайдалануға болады. Халықтардың экологиялық жағдайда өмір сүру барысындағы тұрмыстық әлеуметтік жағдайларын басқаруда сұқпаттасу арқылы обьективті және субьективті әсерлерін зерттеу маңыздылығы айқындалады. Себебі, қоршаған ортаның ластануынан экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы мүмкін. Әлеуметтік зиян- адамдардың денсаулығына, әлеуметтік тұрмысына, тіршілігіне келтіретін
зияндылық. Бүгінге, кеңес дәуірінен қалыптасып қалған жағдаймен,
елді мекендер өнеркәсіп маңында бой көтерген, бұл елді мекеннің санитарлық техникалық жағдайлары яғни, ауыз сумен, канализация, электр жүйелерімен, автожолдармен т.б. қамтамасыз етуі ірі өнеркәсіптердің есебінен жүргізілген. Бұған мысал, ретінде Қарағанды облысының қалалары: Қарағанды, Саран, Шахтинск тас көмір өңдіру шахталарының, Теміртау, Жезқазған қалалары металлургия комбинаттарының, Байқоңыр қаласы ғарыш кешені маңында орналасқаны. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі өнеркәсіп орындарының аумағында Шымкент, Кентау қалалары, Ащысай, Қыземшек,
Таукент,Сас-төбе елді мекендері бой көтерген. 600 мыңнан астам адамдар
мекендейтін Шымкент қаласының селитебтік зонасында, кеңестер одағы
тұсында фосфор заводы, қорғасын заводы толық жоба деңгейінде жұмыс
атқарған . Бүгінге Шымкентцемент ААҚ, Петро Казакстан Ойл Продакте
ААҚ, Энергоорталық-3 ААҚ жұмыс атқаруда. Шу-Сарысу уран кен провинциясы аймағында Таукент, Қыземшек, Тайқоңыр елді мекендері бой көтерген. Аталған елді мекендердің еңбекке жарамды халқының басым бөлігі өнеркәсіп саласында кен өндіру және өңдеу саласында еңбек атқарады. Өнеркәсіп саласының мамандарының бүгінгі күнге табиғатты қоғаудағы, оны сақтаудағы және ұтымды пайдаланудағы жолдарын, басқа сала мамандарынан қарағанда жете білсе керек. Алайда бүгінгі күнге, өнеркәсіп сала мамандарының, халықтың табиғатты қорғаудағы шешілетін өзекті мәселелер жөнінде көзқарастары зерттеліп баға берілмеген.
Ғылыми техникалық жетістіктер табиғатты қорғау, пайдалану, тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Бұл тенденция әсіресе, өткен ғасырдың екінші жартысында және осы ғасырдың он тоғыз жылдық арасында ғылыми техникалық жетістіктер арқасында табиғатты пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны асқан жылдамдықпен артты. Өнеркәсіп ьірнеше есе өсті, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы байлықтарын пайдалану көбейді. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты. Ғылыми техникалық жетістіктердің табиғатқа екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндіріске көп мөлшерде шикізат қолданылып, өндіріс қалдықтары көбеиіп, оның табиғи ортаға әсері артып, табиғи орта ластанады. Екінші жағынан, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шикізат мөлшері азайды, технологиялық процестер жетілдірілді, олардың табиғатқа зиянды әсері шектелді, шикізаттың бір түрі екіншісімен алмастырылды, қалдықтар қайта қолданылды, сонымен бірге табиғатты қорғау шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндіктер ашылды. Алайда, өнеркәсіп орындарына ғылыми техникалық жетістіктерді кеңінен ендіру барысында қоршаған ортаға келтірілетін зиянды шығындарды зерттеу, оларды анықтау қажеттілігі туындайды.Қоршаған ортаның ластануынан экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы
мүмкін. Өнеркәсіп жұмысшылары мен елді мекен халықтарының денсаулығына әсері бағалануы қажет. Бұл орайда халықтың аурушаңдығы, еңбекке жарамсыздығы, денсаулығының обьективті және субьективті әсермен басқаруын зерттеу жүргізу өз орнын табады. Экологиялық зиян қоршаған ортаның, атмосфераның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайының нашарлауына әкеліп соғады. Бұл орайда қалыптасқан экологиялық жағдайға баға беру маңыздылығын табады. Қоршаған ортаның атмосфералық ауасының, гидросферасының жағдайын, бүгінгі күнге сыналған лабороториялық әдістермен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысымен табиғатты қорғау шараларының жобаларын жасау қажеттілігі туындайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқарудыталдау.
Зерттеудіңміндеттері:
1. Оңтүстік Қазақстан облыс елді мекен аймақтарының өнеркәсіп
шығарындыларымен атмосфералық ауасының ластануына баға беру.
2. Шымкент қаласы аймағының автокөлік шығарындыларымен атмосфералық ауасының ластануына баға беру.
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауа бассейнінің ластаушы элементтерінің
динамикасы негізінде аймақтарды қауіптілігіне қарай топтау.
4. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша атмосфералық ауа қорғау шараларының тиімділігіне баға беру.
Жұмыстың жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысының 2010-2011 жылдар бойынша экологиялық жағдайына баға берілді және мониторинг жасалынды. Атмосфералық ауаның ластаушы заттардың динамикасы құрастырылды. Халықтың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайымен аурушаңдығына атмосфералық ауаның ластануымен болған, өзіндік субьективті әсерін басқару жұмыстары, сұқпаттасу арқылы жинақалған мәлеметтермен қорытыланды.
Практикалық маңызы.Оңтүстік Қазақстан облыстық экологиялық жағдайына баға берудегі мәліметтердің қоршаған орта қорғау іс – шараларын ұйымдастыруда және жүргізуде өз орнын алады. Өнеркәсіп аймақтарында орналасқан елді мекендердің халықтарының әлеуметтік, тұтмыстық, денсаулық жағдайларын шешуге бағытталған бағдарламаларда пайдаланылады. Берілген мәліметтерді:
экология, адам, жануар және өсімдіктер экологиясы пәндерін оқыту процесінде қолдануға болады.
Зерттеу зерзаттары мен әдістері.
Зерттеу жүргізу нысандары ретінде Шымкент қаласының селитебтік аймақтары, негізгі қала автожолдары, қала тұрғындары алынды. Шымкент қаласы атмосфералық ауаның өнеркәсіп және автокөлік шығыедыларымен ластауын лабороториялық зерттеу жұмыстарын Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
лабороторияларында жүргізілді. Атмосфералық ауаның лабороториялық
зерттеулерінде, 8 ауа ластаушы заттарының, атап айтқанда: күкіртті
ангидрид, күкірт сутегі, көміртек тотығы, азот тотықтары, аммиак,
көмірсутектер, ұшпалы органикалық қосылыстар, галогенденген қорғасынның қосылыстары -800 зерттеулерде, менің жеке қатысуымда анықталды. Облыс орталығы мен аудандардың атмосфералық ауасының химиялық элементтермен ластану деңгейінің динамикасын басқару үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының 2007-2010 жылдар аралығындағы статистикалық есеп мәліметтері пайдаланылды. Халықтың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайымен аурушаңдығына атмосфералық ауаның ластануымен болған субьективті әсерін басқару үшін, сұқпаттасу анкеталары құрастырылды. Қала тұрғындары арасында 250 респонденттерден анкеталар жинастырылды.
Жүргізілген лабороториялық зерттеулер сынамаларының қорытындысы,
сұқпаттасу анкеталары жалпыға мәлім статистикалық әдістермен зерделенді.
Достарыңызбен бөлісу: |