Су дайындау


Электр станциялардың жылулық сүлбелеріне буландырғыштарды қосу



бет10/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
су дайындау лекция

Электр станциялардың жылулық сүлбелеріне буландырғыштарды қосу
Тізбекті қосылған корпустарының сандарына қарай бір, екі немесе көпсатылы буландыру қондырғылары деп айырады. Бірсатылы қондырғыларды қолдану үнемді, өйткені онда 1т қыздырылатын будан тек қана 0,85-0,95 т дистиллят алуға болады. Көпсатылы қондырғылардың әрбір сатыларындағы екінші рет қайталанатын бу, алдынғы сатыларында қыздырылған бу ретінде қолданылады. Буландыру қондығыларының саты санын көбейту 1 тонна алғашқы будан алынған дистиллят мөлшері 2,4 және 5 корпусты қондырғыларда сәйкесінше 1,4-1,65, 3,0-3,2 және 3,5-3,7 т құрайды.
7.1 – сурет. Бір корпусты буландырғыштың қосылу сүлбесі.
1 – алғашқы буды енгізу; 2 – екінші ретті буды шығару; 3 – буландырғыштың корпусы; 4 – қыздыру жүйесі; 5 – беттік буды салқындатқыш; 6 – конденсат шығарғыш; 7 – дистиллят жинағыш; 8 – истиллятты айтайтын сорғы; 9 – буландырғыштың қоректік сорғысы; 10 – деңгей реттегіші; 11 – суытылатын суды енгізу; 12 – суытылатын суды шығару; 13 – үрлеугіш.
Суды лезде қайнататын қондырғылар
Буландырғыштың қыздыру жүйесіне енгізілетін қыздырылатын бу алғашқы, ал онда түзілетін екінші ретті деп аталады. 7.1 – суретте бір корпусты буландырғыштың қосылу сүлбесі бейнеленген.
7.2 – суретте турбинаның сұрыпталған буымен жұмыс істейтін, корпустарының тізбекті қоректенуінің көп сатылы буландырғыш қондырғысының принципиалды сүлбесі бейнеленген.
7.2 – сурет. Алты сатылы буландыру қондырғысының принципиалды сүлбесі.
1 – турбина; 2- төменгі қысымды деаэратор; 3 – химиялық өңделген суды қыздырғыш; 4 – конденсатор; 5 - 10 буландырғыштар; 11– 15 қыздырғыштар; 16 – кейңейткішті бак; 17 – үрлеу суытқышы; 18 – бугенераторларының қорек суының деаэраторы.
Буландырғыш қондырғыларындағы буды тазалау
Негізінде қыздырылған бумен қоректендірілетін бу бойынша бу түрлендіргіштер көп корпусты қондырғыларда паралелль қосылады. Буландыру қондырғыларында су режимдеріне қондырғы элементтерінің коррозиясы қыздыру бетіндегі шөгіндердің түзілуін қамтамасыздандыруы бойынша іс шаралар комплекстері қосылады.
Металдың қақсыз режимдері және коррозияның минимальды дәрежесі қоректендіру суларының сапасын қалыпты орындау кезінде қамтамасыздандырылады. Еркін көмірқышқыл болмаған кезде қаттылық 30мкг/кг –нан және оттегі құрамы 30 мкг-экв/к аспауы керек.
Қоректік суларын дайындау мақсаты қоректендіру суларының трактыларында көмір қышқыл коррозияларын жою және дистилляттағы темір оксидтерінің құрамын төмендету үшін буландырғыштарда сутегі катионитінің сатысынан кейін декарбонизатырларда көмір қышқылын жоюмен қатар сутегі натрий-катион әдісі бойынша жүргізіледі.
Бірсатылы қондырғыларда 1т қыздырылатын будан қанша тонна дистиллят алуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет