Су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : С



бет2/5
Дата19.09.2023
өлшемі31.79 Kb.
#477929
1   2   3   4   5
көмірсу анаболизмі

Моносахаридтердің сіңуі

  • Ішек қабырғасы арқылы моносахаридтер ғана сіңеді, ал дисахаридтер мен күрделі көмірсуладың мұндай қабілеті болмайды. D-глюкоза мен D-галактоза концентрацияградиентіне қарсы активті тасымалдау жолымен эпителий жасушалары арқылы сіңеді. Активті түрде тасымалдау тек D-қатарындағы қанттарға ғана тән, фруктозаактивті тасымалданбайды, ол араласу жолымен сорылады.

  • Қанттар ішектің саңылауынан жасуша мембранасы арқылы таратқыш молекулалар көмегімен және натрий иондарының қатысуымен тасымалданады. Таратқыш-молекулада глюкоза мен Nа+ ионының байланысатын жері бар.

  • Ішектің шырышты қабығы шегінде таратқыш олармен байланысады да, жасушаға енеді. Жасушада олар бір-бірінен бөлінеді, глюкоза сероз мембранасы арқылы қанғабарады, Nа+ шұғыл түрде тасымалданып кетеді, ал таратқыш-молекула қайтадан ішектің қуысына келеді. Қанттардың сіңу жылдамдығы әр түрлі. Галактоза мен глюкоза тезірек сіңеді. Ал глюкозамен салыстырғанда фруктоза 2 есе, манноза мен пентоза 5—10 есе баяу сіңіріледі.

Жасушадағы көмірсулар тотығу және энергия бөлу үшін ең тиімді субстрат. Бірақ жасуша энергетикалық материал ретінде глюкозаны қор үшін жинай алмайды. Әсіресе қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда қор үшін жиналатын тиімді көмірсу - гликоген. Қандағы глюкозаның айтарлықтай бөлігі осы ұлпаларда жиналады да, гликогенгеайналады. Бұл процесс гликогенез (гликоген түзілу) деп аталады. Гликогенез шағын мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларда дерлік кездеседі.

Гликогеннің синтезделуі

  • Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (М 104000) катализдейді, бұл фермент барлық жасушада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа, бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады.

  • Фосфоглюкомутаза ферментінің (М 62000) әсерімен глюкозо-6-фосфат қайтымды изомерленіп глюкозо-1-фосфатқа айналады.

Глюкозо-6-фосфат Глюкозо-1-фосфат

  • Гликоген синтезіндегі аса маңызды кезең уридинтри-фосфаттың (УТФ) қатысуымен глюкозаның активтенуі және глюкозаның активті формасы- уридиндифосфатглюкозаның (УДФ-глюкоза) түзілуі:

Глюкозо-1-фосфат+УТФ→УДФ-глюкоза + пирофосфат. Бұл реак-цияны глюкозо-І-фосфат-уридил-трансфераза ферменті катализ-дейді.

  • Гликоген синтезінің қорытынды кезеңінде гликоген-синтаза деп аталатын фермент реакцияға кіріседі, ол фермент глюкозаны УДФ-глюкозадан шығарып, полисахаридтердің өсіп бара жатқан тізбегіне қосады. Гликогенездің бұл сатысы өте күрделі және оның механизмі негізінен анықталған. Біз оны схема түрінде ғана береміз.

УДФ-глюкоза гликоген соңындағы көміртегінің төртінші атомының гидроксилдік тобына ауысады да, гликозидтік байланыс α(1→4) түзеді. Гликоген синтезделуінің соңғы кезеңін қарапайым түрде былай көрсетуге болады. nУДФ-глюкоза→(С6Н10О5) n+ n (УДФ) Гликоген молекуласы тармақталуының бағалы биологиялық маңызы бар. Ол полисахаридтердің ерігіштігін арттырады және оған катаболизм ферменттерінің әсерін күшейтеді Гликоген синтезін инсулин гормоны ынталандырады, инсулин гликогенездің бірқатар ферменттерінің активтенуіне, солардың ішінде гликоген-синтаза ферментінің активтенуіне қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет