Су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : С



бет3/5
Дата19.09.2023
өлшемі31.79 Kb.
#477929
1   2   3   4   5
көмірсу анаболизмі

Гликогеннің ыдырауы

  • Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.

  • Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.

Глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфат

  • Глюкозаның босап шығуы. Бауырда глюкозо-6-фосфатаза ферментінің әсерімен глюкозо-6-фосфат гидролизденеді де, бос глюкоза мен бейорганикалық фосфат бөлініп шығады. Бұл реакция қайтымды емес.

Глюкозо-6-фосфат + Н2О α-D-глюкоза + Н3РО4 Ұлпаларда гликоген мен глюкоза қоры таусылған кезде организмнің тіршілік қабілеті сақталу үшін көмірсу емес алғы қосылыстардан глюкоза түзіледі. Мұндай процесс глюконеогенез деп аталады. Организм көп қуат шығарып, ауыр жұмыс атқарған кезде глюконеогенез маңызды қызмет атқарады,

Көмірсулар метаболизмі
Көмірсулар метаболизмінде глюкозо-6-фосфат маңызды қызмет атқарады және бауырда мынадай бес бағытта пайдаланылады:

  • фосфатазаның әсерінен гидролизденіп бос глюкоза береді, ол қанға енеді;

  • гликоген синтезі үшін;

  • гликолиз процесінде пируватқа, одан ацетил-А-коферментіне айналады, ол лимон қышқылы циклымен тотығып АТФ түзеді

  • ацетил-А-коферментінен холестерол, май қышқылдары, триацилглицеролдар, фосфолипидтер синтезделінеді;

  • пентозофосфат жолымен тотығып НАДФН және рибозо-5-фосфат құралады.


Көмірсулар алмасуы
Көмірсулар алмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкозафруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет