Сугурова гулим кенесбаевна



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі403 Kb.
#131407
түріДиссертация
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе диссертациялық жұмысымда жалпы экономикалық теория, экономикалық ой толғаулардың негізінде қызметтер аясынның, соның ішінде туризм саласының өзекті мәселелері талданды.Жұмыс мақсаты мен алға қойған міндеттерге сәйкес зерттеу барысында нақты нәтижелер, ұсыныстар мен қорытындылар жасалады.

Қызметтердің түрлері мен сипаттамаларының түрлігіне байланысты қызметтер аясының негізгі даму үрдістері туристік қызметтер әлеуметтік экономикалық аясы мысалында көрсетілді. Қазақстан Республикасындағы туристік ресурстар әлеуетіне жасалған талдау, туристік қызметтер аясының ресурсты қамтамасыздығының бар екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының табиғи климаттық және экономикалық жағдайларындағы ерекшеліктерді ескере, жобаны жасаушылардың ұсыныстарын талдаумен кластерді құру мүмкіндігі негізделеді.Туристік кластердің дамуын қолдау мемлекеттің және жеке сектордың кешенді шараларына негізделуі қажет, оның ішінде туристік индустрияның бәсекеге қабілетті болу басымдылығы аймақтың әлеуметті экономикалық деңгейінің тұрақты дамуын мақсат тұтуына тікелей байланысты.

Туристік кластерді қолдау үшін ұсыныстар өңделді: қаржылық қолдау және туристік кластердің дамуын ынталандыру, бизнес климатты жақсарту бағытында мемлекеттік саясатты жетілдіру, кластерге қатысушылардың белсенділігін арттыру және даму институттары арқылы қолдау шараларын жасау.

Маркетинг туристік ұйымның бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Маркетингті тиімді қолдана білу туристік фирманың іс әрекетін ұтымды жүзеге асыруға және дер кезінде сыртқы орта өзгерістеріне икемделуге мүмкіндік береді. Маркетинг тек туристік рынок, сұраныс, талғам, қажеттілік, және өндірілетін өніинің бағытын жан жақты зерттеп қана қоймай, сонымен қатар рынокқа белсенді түрде әсер етіп, моданы құрып, қажеттілік пен тұтынушылық талғамды қалыптастырады. Маркетингтік жүйені басқару маркетингтік іс әрекет түрлерін қалыптастырудан және тәртібінен тұрады. Туризмдегі маркетингтік іс әрекеттің түрлері маркетингтің функцияларымен нақтыланады: зерттеу, өндіру, өткізу, тарату және баға белгілеу, коммуникативті , жоспарлау, бақылау.

Қазақстанның бірегей артықшылықтары ол көптеген қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтар. Әлемде экологиялық туризмнің даму тенденциясы байқалғандықтан, Қазақстанды экологиялық, сауығу туризмінің болашағы бар туристік аймақ ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар Қазақстандағы барлық қорықтар адам аяғы баспаған, ерекше қызығушылық тудыратын, шетелдік туристерді айрықша қызықтыратын аймақ болып табып отыр. Осыған байланысты шетел туристерін тарту мақсатында осы бірегей табиғи объектілердің әсемдігін, тартымдылығын сақтап қалу үшін бірқатар шараларды қолдануымыз қажет.

Ел брендін құру үшін барлық қазақстандық туристік кәсіпорындар біріксе де күштері жетпейді, елдің брендингін құру және саясатын жүзеге асыру тек мемлекеттің ғана қолынан келеді. Көптеген ірі туристік орталықтарда мемлекеттік ұйымдар елдің қауіпсіз жағымды имиджін құрастыруды өз қолдарына алған. Бұл үшін мемлекеттік басқару құрылымдарында елді жарнамалауға жауапты арнайы бөлімшелер бар. Қазақстанда сол сияқты біріккен маркетингтік коммуникацияны қолдану арқылы қазақстандық туристік өнімнің айналымынан жүйелі түрде шұғылданатын ұлттық жарнама орталығын құру тиімді. Ұлттық жарнама орталығы көптеген ұйымдардың коммуникациялық саясатын құрудың негізі бола алады.

Қазақстандағы туризм индустриясының дамымау себептерінің бірі онымен экономиканың саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде мақсатты бағытталып айналыспағандықтан. Туризмнің территориялық ұйымдастырылуына, комплексті болжамдау мен ұзақмерзімді жоспарлауға және де мемлекеттік емес туристік құрылымдарға назар аударылмады. Туризмнен түсетін кірістің көп бөлігі жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылатынына қарамастан, жергілікті басқару органдары тарапынан туристік қызметті приоритет деп мойындамауы саланың дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылады [35].

Қызметтер аясының қалыптасу процесін институтционалды реттеудің белсендетілуіне деген қажеттілік, туристік бизнесті мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясаттың көріністері мен бағыттарын түбегейлі өзгертеді. Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау жасай келе, мемлекет нормативті-құқықтық базаны, салық және қаражаттық реттеуді қамтамасыз етіп, өндіріс пен тұтынудың рационалды мотивациялық жүйесінің қалыптасуына септігін тигізуі қажет екендігіне көз жеткіземіз. Әр жыл сайын облыстың көрме алаңдарын кеңейту, туристік ұйымдардың өкілеттіктерін ұлғайту, ұсынылатын ақпараттар мен жарнамалық өңімдердің сапасын жақсарту керек. Қажетті маркетингті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының оң туристік беделін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды бұдан әрі іске асыру қажет.

Қазақстан Республикасының оң туристік беделін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды бұдан әрі іске асыру қажет. Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:

-ұлттық туристік өнімді экспорттау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын әзірлеу;

-облыс халқының барлық жіктерінің туристік ресурстағы қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;

-халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде Қызылорда облысының біртұтас стендін ұйымдастыру;

- аймақта әлеуметтік және әуесқой туризмді дамытуды қамтамасыз ету;

-ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында туристік кластерді құру және оны дамыту жолдары//«20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары - Қызылорда, 2012. 26-31 б.

2. К вопросу о значимости развития регионального туризма в современном Казахстане//Ключевые проблемы современной науки - Болгария, 2012г. 22-25 стр.

3. Проблемы развития туристкой индустрии Казахстана//Научный прогресс на рубеже тысячелетий – Чехия, 2012г. 69-71 стр.

4. Современное состояние и проблемы развития в Республике Казахстан//Актуальные проблемы современных наук – Польша, 2012г. 56-59 стр.

5. Қызылорда облысындағы туризм саласының ахуалы// Қорқыт Ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған конференция – Қызылорда, 2012 ж.
резюме
Сугурова Гулим Кенесбаевна
Социально-экономический механизм государственного регулирования туристического обслуживания (на основании материалов кызылординской области)
Актуальность темы исследования. Развитие туризма с большим требованием подчеркивается в традиционном Послании Главы государства народу Казахстана.

Именно туризм играет особую роль в интенсивном развитии экономики. По последним данным Всемирной организации туризма, около 10 процентов поступающих извне инвестиций в казну государств, нацеленных на развитие данной отрасли, принадлежат доле доходов от туризма. Ссылаясь на результаты последних исследований, можно увидеть громадную возможность туризма для нашей страны.



Цели и задачи исследования. Цель диссертационной исследовательской работы заключается в определении уровня формирования и развития отрасли туризма в Казахстане и представлении научно основанных меропряитий в данном направлении.

В настоящее время является источником дохода, как указано в мировой практике, доход от туризма по всему миру до сегодняшнего дня уступает только экспорту нефти и продаже автотранспорта. При этом, изучая экономических аспектов государственного регулирования туристического обслуживания, необходимо совершенствовать социально-экономический механизм в Республике Казахстан.

Туристкие зоны нашей страны имеют активное сальдо наряду с экономически развитыми державами, является одним из крупных секторов международной торговой деятельности других развитых стран.

Для достижения поставленной цели диссертационная работа включает в себя следующие задачи:

- рассмотрение исторических аспектов развития туризма в регионе;

- изучение теоритиечских основ туристического кластера;

- проведение анализа текущего состояния отрасли туризма Кызылординской области;

- разработка макета создания туристического кластера в области;

-представление проектов туристических центров, повышающих привлекательность туристического кластера.

Научное новшество магистрского исследования. В ходе исследования были получены следующие результаты, демонстрирующие научное новшество диссертации и являющиеся предметом ее защиты.

- были определены направление развития и проблемы формирования кластера в туристической отрасли Республики Казахстан;

- в качестве инновационного проекта был представлен макет туристического кластера, также со стороны местных предпринимателей были представлены проекты зоны отдыха на озере Камбаш, обустроенной юртами, мегакомплекса «Космодром» в городе Байконыр, центра паломничества на мемориальном комплексе Коркыт Ата в Кармакшинском районе.

- научное обоснование возможностей оживления туристического кластера в развитии туризма на региональном уровне.

SUMMARY
Sugurova Gulim Kenesbaevna
The social-economic mechanism of state regulation of tourism service.

(on the base of materials of Kyzylorda region)
The actuality of research work .The President of Kazakhstan made a demand to develop tourism in his annually message.

Tourism is the main part of developing economy. According to information’s of International Organization of Tourism in recently years many countries achieve great income concerning tourism investment and 10% of this sphere is the use for development of state. All these results shows is the tourism is the chance of great possibilities for our country.



The research aim and tasks of work. The aim if this dissertation work-to define the formation and development level of tourism in Kazakhstan and to propose the kinds of works in scientific direction. Nowadays the tourism is the profitable sphere, world practice shows that tourism and its income over the world occupied the main role after oil export and transport sale. To research the state regulation of tourism service and its economical research and to develop the social-economic mechanism in Kazakhstan.

The tourism region of our country has its active balance side by side in other developed countries, one of the main sector of international trade service of developed countries.



The main tasks of dissertation work:

  • to examine the historical aspects of tourism development in our region.

  • to research the theoretical bases of tourism claster;

  • to analyze of tourism sphere position of Kyzylorda region in current year;

  • to mare a model of tourism claster in region;

  • to suggest the tourism-center projects and tourism developing;

The scientijic novelty of magister work: On researching this dissertation work are examined the fallowing results which would be the scientific novelty of this work:

  • the development direction and formation of tourism claster in republic of Kazakhstan;

  • “The hotel of nomad’s lent” in Kambash lake, the mega-complex “Cosmic Square” in Baikonur, pilgrimage-centre in Korkyt Ata memorial complex, all these projects are disclosed in this work.

  • the scientific bases of prosperity opportunities of tourism sphere in our region;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет