Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады. Шығармашылық әрекет - өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
«Шығармашылық қабілеттер» немесе «креативтілік» деген не? Латын тілінен аударғанда креативтілік «ойлап табу, жасап шығару» дегенді білдіреді.
Шығармашылық ─ өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
-
шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;
-
әлеуметтік және жеке адамға тән мәнінің болуы;
-
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
-
шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы;
-
нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе, – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - делінген.
Соңғы кезде «шығармашылық» сөзі мен «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу үзілді-кесілді мүмкін болғанымен, ерекше соны жаңалық, жаңа жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек қана өзі үшін жаңалық болып табылады.
Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Ғалым шығармашылық әрекеттің құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді:
-
Проблеманы қабылдау.
-
Шешімді іздеу.
-
Болжамның пайда болуы және көрінуі.
-
Болжамды тексеру.
5. Олардың өзгерісін тексеру.
6. Нәтижелерді табу.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Табиғат ішкі шығармашылық үдерістерді өзі басқарады. Сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасына, қызметіне байланысты. Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.
В.С.Шубинский шығармашылық үдерісті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет – қасиеттерді көрсеткен:
1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой талдауға бейімділік, жан-дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл-күйдің туу кезеңі.
2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі.
3. Өзіндік сын, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни сын, дәлелдеме сатысы.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, шығармашылық үдерістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
-
Жаңалықпен бетпе-бет келу.
-
Шығармашылық екіұштылық, белгісіздік.
-
Шешімнің жарқ етуі.
-
Шығармашылық акт.
-
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық қабілеттілік – баланың өз бетінше жаңа бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті оның оқу үдерісіне араласуын арттырады, білімдерді табысты игеруге ықпал жасайды, интеллектуалдық күш-жігерді, өзіне деген сенімділікті ынталандырады, көзқарастардың тәуелсіздігін тәрбиелейді.
Шығармашылық әрекетті тиімді ұйымдастырудың негізгі принциптері:
-
Қандай деңгейдегі шығармашылық әрекет жасағанына қарамастан баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, құрметтеу.
-
Бастауыш сынып оқушыларының барлық шығармашылық белсенділігінің көрінуіне мұқият назар аудару.
-
Баланың психологиялық еркіндігі: таңдау еркіндігі, сезімдерін көрсету еркіндігі, өз бетінше шешім қабылдау еркіндігі.
-
Өзін-өзі бағалаудың артуы мен нығаюы.
-
Шығармашылыққа толы білім беру ортасын құру.
-
Мұғалімнің шығармашылық позициясы.
Аталмыш психологиялық-педагогикалық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірін-бірі толықтыру арқылы біртұтас ізгілендіруге бағдарланған жүйе құрайды. Оның мақсаты – тұлғаға бағдарлап оқыту арқылы оқушыны шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттары:
а) пәнге үйретудің еркіндігі. Бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық, шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;
б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы, шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі, оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған төмендегідей шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:
● интеллектуалдық марафон
● интеллектуалды олимпиадалық ойындар
● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар
● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер
● интеллектуалдық клубтар
● оқушылардың қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер.
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.
Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:
● Ойын әрекеті
● Шығармашылық құрастыру
● Шығармалар мен диктанттар
● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар
● Интеллектуалдық ойындар.
Танымдық қы-зығушылық-тың көрінуі, шығармашы-лық жұмысқа бейімділік, жаңа, тың нәрсені сезіну
Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін түсіну, өз ісіне сын көзбен қарау, өз ісіне ләззаттану сезімінің пайда болуы, тұлғаның дамуы
Әр түрлі мәліметтер мен деректер арасындағы байланысты білу, берілген мәліметті өңдеп, басқа күйге келтіру, шығармашылық іс-әрекетте қажетті психикалық құрылымның қалыптасуы
Шығармашылық әрекеттің нәтижесі
-
сурет. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу моделі
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.)
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру т.б.)
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
7.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы жұмыс түрлері:
1. Балаларды мұражайға апару, түрлі кездесулер өткізу.
2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақта үнемі пайдалану.
4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
Үнемі осындай жұмыстарды жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Оқу үдерісінің шығармашылық сипаты оқушылар жетістігінің арта түсуіне әсер етеді. Баланы шығармашылық үдеріске тарту олардың белсенділігін арттырады, интеллектуалдық біліктілігін, зерттеушілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, білімді сапалы меңгеруін дамытады. Оқу үдерісі балалар өздерін зерттеуші ретінде сезінетіндей етіп жоспарланады. Оқушылардың шығармашылық жұмысы түрлі формада ұсынылады: жоба, тұсаукесер, слайд-шоу, журнал, қысқа қойылым. Шығармашылық жұмыс жасауға балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен, шығармашылық дамудың өз мүмкіндіктерін көрсетудің алғашқы қадамы екенін түсіне отырып қарайды. Балалар өздерінің шығармашылық интеллектуалдық «өнімдерін» пән апталықтарында, интеллектуалдық оқуларда, конкурстарда көрсете алады. Ұжымдық әрекет формасында балалардың білім қорын жинауға белсенді кірісуі сыныптан тыс жұмыстарда да интеллектуалдық біліктілігінің дамуына, шығармашылық қабілетінің көрінуіне мүмкіндік береді.
Музыканы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой-толғанысын жандандырады, жігерлендіреді, ой-қиялын өсіреді.
Оқушылардың шығармашылқ қабілетіне импровизация да жатады. Импровизация – музыканы түрлендіре білу қабілеті.
Бұл тапсырмалар оқушының ой-өрісін ұштайды. Балалардың қиялдай білунің мәні айрықша. Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып, өмірге дайындаймыз. Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдәсі арқылы жүргізіледі. Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады:
-
Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.
-
Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.
-
толық, жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.
Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өміршындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жоқ. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тілжеткізіп айта алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эммоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Бала өзінің жан дүнесіне үлкендердің өктемдігін сезсе, ашылмай тұйықталып қалады. «балалығын тыйған, оның есейгендегі даналығын тиғанмен бірдей» - деп Ж. Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп қанағаттандыру. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, дискуссия, іскерлік ойындар арқылы студенттер іс-әрекетімен мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Ойын варианттары көп болған сайын, модель айрықша, ерекше нәтижелі шығады. Мысалы, музыка әдістемесінен сабақтың құрылымын жоспарлағанда студенттердің өз варианттарын, оны дәлелдеуді ұсынамын. Студенттер осы іс-әрекеттерді өзара келісе отырып, бөліп алып сабақ өткізуге кіріседі «ойнай бімеген, ойлай да білмейді»деген халық даналығын іскерлі ойында басшылыққа алып, студенттерді әр сабаққа кірісуін қамтамасыз етесмін. Сабақ барысында олар «Әуенді тап», «Ауылға саяхат» және т.б. ойын түрлерін қызыға отырып жүргізеді.
Іскерлік ойындар кәсіптік бағдар беру ісіне, мамандықпен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. Студенттер жеке басының көптеген мүмкіндіктерін ашады. Белсенді оқыту тәсілі аналитикалық ойлауды дамытуда студенттер өз пікірін анық, нақты, сенімді түрде айта білуге үйренеді, шешум қабылдай білуге машықтанады. Өздері талдау жұмысына қатысып, сын айта білуге, негізгісін біліп қаруға, аргументпен баға қоя білуге үйренеді. Оқыттудың белсенді формасына лекция, әңгімелеуді жатқызуға болмайды деп түсінемін, студенттерге жаңа тақырыпты түсіндіруде, ақпарат беруде ең қысқа нәтижелі тәсіл лекция, әңгімелеу кезінде жағдаят туғызу сияқты белсенді оқыту формаларының элементтерін кіргіземіз. Оқытудың жаңа технологиясының ерекше сипаты интегралдау – педогогика және психология ғылымдарының басқа ғылымдармен байланысы. Еңбек тәжірибеге сүйене отырып музыка сабақтарын интегралдап өткізуге көп мүмкіншілік бар. Интегралды сабақты жүзеге асыру арқылы білім мазмұнын, құрылымын меңгерудің әдіс-тәсілдерін, құралдарын қажетті синтездеуге, оқушыға шамадан тыс күш түспеуіне мүмкіндік береді. Білімдерінің өміршеңдігіне, қажеттігіне көзі жетіп, білімге деген ынтасы, ықыласы артады, шығармашыл бастамасы оянады. Оқытудың жаңа технологиясы педагогикалық процесті ізгілендіру, оқу тәрбие жұмысы студенттің жеке басын дамытуға бағытталады. Білімның басқарушылық негізгі орыны қызымет тәсілдерімен, соның ішінде шығармашылықпен алмастыруды қажет етеді. Негізгі бұл сабақтың тиімді жолдарын сараптасақ, оның бірнеше ұтымды жолдарын байқауға болады:
-
Есте сақтау, ой-қорыту қабілеттері дамиды;
-
Оқушының оқуға деген ынтасын, ерік-жігерін оятады;
-
Оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілеттерін дамытады;
Өз бетімен білім алуға, ізденіге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйретеді. Мұнда мұғалім алдын-ала сабаққа зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, ал сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады, яғни, «дирижерына» айналады. Әр студент бойында меңгерген білім көлемін өмірде пайдалана білу бейімділігін тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты. Музыка – эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке -тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлауқабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі. Ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнерді, оның ішінде музыканың атқарар ролі ерекше. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызыметтерінің бірі болып табылады.
Музыканың мынандай қызыметтері бар:
-
Эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту),
-
Коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеқызыметі өзіндік ұралы ретінде әрекет етуі және т.б.).
Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталаады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес. Музыка күші оның жан-жақтыәсер ететіндігіне (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға, «логикалық сезім»)байланысты:
Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыр үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыарда гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет.
Мұғалімге жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, бүтінде жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген. «Нені оқыту керек?» деген сұраққа мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік дамығанынан жаңа технологияны пайдалана біліуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігіен іздеу керек. Бұлар мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу, оқыту заңдылықтары ме ұстанымдарында ерекше көрінеді. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білу, оқу материалы мазмұнын логикалық-дедактикалық тұрғыдан талдай білу керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білген жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны. Топпен жұмыс істеу арқылы студенттерді еркін ойлауға, пікір таластыруға және пікір алмастыру арқылы сын тұрғысынан өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуге үйретуді мақсат етеді. Топпен жұмыс студенттерді ойлауға құлшындырады. Бұнда сабақ өткізетін бір топты екі немесе төрт топқа бөлу көзделеді. Әр топ сабақта өткізіліп отырған мәселеге байланцысты өз пікірін білдіреді, бұл олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығуын арттырады, қарсы пікірді нақты дәлелдер арқылы жеткізуді үйретеді, тез ойлануға, жылдам жауап беруге баулиды, қысқасы мұндай сабақ баланы тұйықталудан құтқарады.
Оқушының беейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті. Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығуын тудырады, қабілетін ұштайды, ал оғнан тәрбиелік бағыт беру студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және білім алуға бейімдейді.
Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай болуы шарт.
Ешкім де педагог болып тумайды, бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында:
а)психологиялық-педогогикалық білім;
ә)шеберлікпен шектесетін ептілік;
б)дентолоиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез, ойлау қабілеті болмағы ләзім.
Дентологиялық жүріс-тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттегі парыздылық туралы ілім. Мақсатымыз өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.
Осындай мақсатта оқушылардың шығармашылығын даму жолдарында мына сабақ үлгісін, жүргізуге, ұсынуға болады:
Тақырыбы: Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мақсаты: Музыкалық тәрбие негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, оның әдіс- тәсілдерін ұсыну
Баланың дамып қалыптасуы барысында оның шығармашылық қабілетін дамыту бүгінгі күннің талабы. Баланың даму процесі негізінен ойын әрекеті үстінде жүзеге асырылады. Баламен жүргізілетін кез-келген іс-шара ойын түрінде жүргізілсе ғана нәтижелі болмақ. Біз осы зерттеу жұмысымыздың барысында баланың шығармашылық қабілетін музыка арқылы жүзеге асырудың жолдарын қарастырдық. Баланың шығармашылық қабілетін музыка өнері арқылы жүргізу үшін, бірінші музыка өнерінің психологиялық аспектісіне назар аударып, музыканың жалпы адам психикасына ықпалы жайлы зерттедік. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда музыкалық шығармаларды тыңдату және оны қалай тыңдату мәселелерін қарастырып, оның әдіс-тәсілдерін ұсындық. Сонымен қатар балаға ән үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсындық.Сонымен, орта мектептердегі баланың жасаған әрбір іс-әрекеті музыкамен көмкеріліп отырса, оның нәтижесі жоғары болады деген тұжырымға келдік. Біз осы зерттеу жұмысымызды жүргізу арқылы баланың шығармашылық қабілетінің жоғары болып, бүгінгі заман талабына сай дамып қалыптасуына аз да болса өз үлесімізді қосуға тырыстық.
СӨЖ тапсырмалары:
-
Музыкалық білім берудің тиімді жолдарын көрсеткен ғалымдардың еңбектерін ата?
-
Мектеп бағдарламасы бойынша 1-4 сынып бойынша бір шығармашылық сабақ үлгісін көрсет?
-
Сабақтан тыс нені қолдануға болады?
Қолданылған әдебиеттер:
-
Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий. М.,2005. с 368.
-
Образовательная технология ХХІ деятельность; ценность, успех. М., 2004. 96.
-
Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений. Алматы, 2001, 295 с.
-
Ражников В.Г. Психолого-педагогическая модель музыкальной культуры. – М., 1983.
Тақырып 4. Инновациялық технология негізінде мұғалімдерінің педагогикалық жүйесі – 5 сағ.
Жоспары:
-
Педагогикалық технологияның жүйесі.
-
Инновациялық технологияның басты міндеттері.
-
Жаңа ақпараттық технологияның сәйкестілігі.
Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының сегізінші бабында: «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық-ғаламдық коммуникацияның желілерге шығу»-, деп атап көрсетілген. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мектептегі оқу тәрбие үрдісін жаңаша дамыту яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтердің қолында. Сондықтан олар педагогикаға «Жаңа технологиялар» терминін енгізіп жатыр. Жаңашыл педагогтердің негізгі мақсаты оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Осы орайда, жаңашыл педагогтердің педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, Лысенковтің перспективті дамыта оқыту технологиясы, Занковтің дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Амонашвилидің ізгілікті тұлғаны оқыту технологиясы, Монтессори технологиясы, Эльконин, Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс- әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал, бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулерін тікелей байланысты болады. Педагогикалық технологияның басты белігісі мыналар:
1. Оқушының білім алу, даму басқа іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу.
2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру, мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологиясыны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мына төмендегідей:
-
педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
-
оқу бағдарламысының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
-
оқу модулін құрастыру;
-
оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
-
оқушылардың жаңа материалды меңгеру бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
-
оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жана міндеттерді меңгеру ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу-тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап,ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған ақпараттық мәліметтері ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару, мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруге міндеттейді. Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының елге және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модульдік оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және тағы басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал, қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаев, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбеков, Қ.Нағымжанова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бүгінгі күні оқытуды ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық –техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде «ақпараттық технология» деп атаймыз.
Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен, жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуін техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны. Мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін артыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп, оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылу модулін 1-кетеден байқауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |