Султанова нургуль камильевна



бет14/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жаңа сабақ. Табиғат - адам еңбек етіп, өмip сүретін ортасы. Оны әлем ақындарының бәрi де жырлаған.

- Сонымен Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Күз өлеңінің тобы»

Жаз мезгілі Күз мезгілі



  1. Көк - орай шалғын 1. Қайыршы шал - кемпірдей

  2. Әзілдесіп сьңқылдаған 2. Жастар күлмес, жүгірмес
    қыз - келіншектер бала шулай

  3. Сайраған кұстар 3. Қайтқан құстар

  4. Жадыраған жаз. 4. Тозған күз көpiнici.

«Қыс» өлеңінің тобы көркемдегіш сөздерді тапқаннан кейін сөздік жұмысын жүргізеді:

ұшпадай - шөкмдей бұлттар

домбығу - үсік шалу

антұрған - қарғыс атқыр

Қондыбай, Қанай - ауыл аттары.

Сергіту сәті. Бұнда Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әр топтан бip оқушы өздерне ұнаған шумақты әндетеді де, сол шумақты ашатындай қимыл (мимикамен) көрсетеді.

Сабақ соңында балалардан тағы да көңіл - күйлерін сұрау.

Сабақты қорытындылау. М.Әуезовтың «Менің романымды терең ұғамын десендер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар» деген қанатты сөзімен қорытындылаймын.

Әр топқа бөлінген бағалаушылар өздерінің қорытынды бағаларын айтады.



Үйге тапсырма беру.

I деңгей. Табиғаттың төрт мезгліне сурет салу.

II деңгей. «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, талдау.

III деңгей. «Табиғат — сенің өз үйің» ойтолғау (эссе) жазу.

Біз қарастырған бұл сабақтардың жоспарлары бастауыш сыныпоқушыларына арналған.

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты: Абайдың музыка өнеріндегі алатын орнын композиторлық ерекшіліктері мен әндерінің өзіндік сипатын түсіндіру. Оқушылардың музыкалық ой-өрісін дамыту. Білімділік:Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларымен және ақын өмірбаянымен оқушыларды таныстыру, табиғат туралы лирикаларын түсіну.

Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, іздену, білігін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатпен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, жеріне, еліне, ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекіліктер: Абай суреті, сабаққа қатысты сызбалар, үнтаспа, Абай өміріне, шығармашылыққа байланысты түрлі-түсті суреттер, Абай бұрышы, компьютер.

Қолданылған әдебиеттер: «Музыка» оқулығы 1 сынып, «Әнші болғым келеді» қосымша көмекші құрал.

Техникалық құралдар:үнтаспа.

Сабақтың түрі: дамытушылық, жаңа білім беру..

Әдіс-тәсілдер: іздену, сұрақ- жауап,өз бетімен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Музыка және әдебиет.

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі;

Үй тапсырмасын сұрау;

Жаңа сабақ;

Жаңа сабақты бекіту;

Қорытынды; Бағалау.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Балалар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен кіреді.

Музыкалық сәлемдесу;

Оқушылар назарын өзіме аудару, сабаққа жұмылдыру.

Оқу-құралдарын алғызу, түгендеу.

Сәлемет пе балалар? Бүгінгі сабақта кім жоқ?Кім кезекші? Оқу құралдарын алып, үй тапсырмасына дайындалыңдар.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.

Ой қозғау. А)Қане балалар, суреттен кімді көрдік?(Тақтада Абайдың суреті)

Ә) Сабақтың тақырыбы кімге арналуы мүмкін?

Мағынаны ашу.

А)Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»

Ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру.

-Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана кемеңгер, ұлы ақынымыз Абайдың табиғат сұлулығы жайында жазған әндері және өмірбаянымен танысамыз. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай атамыз жайлы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім. Сол мәліметтерді пайдаланып ой шақыру картасын толтырындар.







-
Балалар, осы айтқандарын бойынша қазір Абай туралы бірнеше материалдар көреміз.

Абайдың туған жері, отбасы, білім алған жері туралы слайд көрейік.

-Сендер Абайдың табиғат туралы жазған қандай әндерін, өлеңдерің білесіңдер? Мына көрсетілген жыл мезгілдері бойынша қандай өлеңдерің оқып бере аласыңдар?

(Жыл мезгілдері слайд ).



Бәрекелді балалар тақтаға назар аударыңыздар. Тақтада не көріп тұрмыз? Дұрыс сөзжұмбақ.


Ж

Е

Л

С

І

З




Т

Ү

Н

Д

Е




Ж

А

Р

Ы

Қ



А

Й






Сұрақтары:

  1. Тарихи дерекнама / шежіре

  2. Ерлердің жоғарғы дауыс/ тенор

  3. Симфония оркестрдің құрамындағы үрмелі аспап/ кларнет

  4. Өзара ұйлесімді екі дауыста орындалатын музыканың түрін / қосдауыс

  5. Волторна қандай аспапқа жатады/ үрмелі

  6. Ахмет Жұбановтың қызы/ Ғазиза Жұбанова




  1. Қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан/ терме

  2. «Туба» қандай аспапқа жатады/ үрмелі

  3. Грек тілінде «ерекше» деген мағынаны білдіреді/ канон

  4. Музыкант-орындаушы ұжымды басқаратын жетекші /дирижер

  5. Театр өнерінің бір түрі / опера

  1. Өте көлемді аңыз-ертегі сияқты қызықты, домбыраман мақамдатып ұзақ орындалатын шығарма / жыр

  2. Арияның шағын түрі / ариоза

  3. Әйелдердің жіңішке, жоғарғы дауысы / сопрано

  4. «Жайлауда» поэмасының авторы / Қапан Мусин

  5. «Ғасырлар үні» ораториясының музыкасын жазған / Сыдық Мұхамеджанов



  1. Әйелдердің қоңыр, төменгі дауысы / альт

  2. Домбыра және қазақтың халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма / күй

Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы әннің тақырыбы «Желсіз түнде жарық ай» екенін біледі.

Слайд көрсету өлеңді мәнерлеп оқу.

-Байқадыңдар ма, балалар, түн сұлулығы өзеннің ағысы, тоғайдағы ағаштардың сыбдыры қандай әдемі сөздермен бейнеленген. Енді балалар біз осы әнді үйренбес бұрын, оны үнтаспадан тыңдайық. (Оқушылар назарларын қойып тыңдайды)

Әнді талдау.



  1. Өлеңде жылдың қай мезгілі жырланған?

  2. Өзен ағысын ақын қалай бейнелеген?

  3. Ай сәулесін ақын қалай суреттеген?

  4. Ауыл жаныңда не бар?

Керемет балалар!

Балалар енді осы әнді айтуды үйренейік. Әнді үйренбес бұрын дауысты қыздыруға арналған жаттығуларды жасайық

Енді әнді фортепиано сүйемелдеуімен үйренейік. Бірінші мен айтып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.

Балалар енді оқулықты пайдалана отырып, әдебиет және музыка сабағынан алған білімдеріңді пайдалана отырып, кластер құрайық.











Балалар болсақ кластерді маған жинап беріңдер.

Бекіту: Балалар сонымен біздің өткен тақырыбымыз Абай. «Желсіз түнде жақырық ай» әні.

Балалар сабақты бекіту үшін мына кесті орындайық.



Білемін

Жаңа ақпарат

Сұрағым бар











Қорытында: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Үйге тапсырма: Абай Құнанбаев туралы эссе жазып келу. «Желсіз түнде жарық ай» әнін жатту.

Сабақтың тақырыбы: Операдағы Абай бейнесі.

Сабақтың мақсаттары: Кәсіби қазақ музыкасының іргетасын қалаған А. Жұбанов пен Л. Хамиди шығармашылығының шоқтығының биіктігін оқушы бойына сіңіру;

1. Білімділік: Кәсіби композиторлар шығармаларын тыңдату арқылы музыка әлеміне жетелеу . Музыканы саралау арқылы жанр түрлерін ажырата білуге үйрету;

2. Дамытушылық: Оқушының бойына музыкалық шығармаларды талдап және баға берік білу дағдысын қалыптастиыру алған әсерлерін, ойларын жүйелі айтуға машықтандыру, тыңдау мәдениетін дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызыңушылыңын оята отырып, эстетикалық мәдени мұра құндылықтарын сіңіру.



Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.

Әдістері: Жаңа технология элементтері.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка сауаты оқулықтары.

Көрнекіліктер: Күйтабақ, дидактикалық құрал, слайдтар, үнтаспа, сөзжұмбақ, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе бөлім. Сабақта оқушылардың бойына психологиялық ахуал туғызу. Үнтаспадан «Сарыарқа» күйін тыңдату.

- Балалар, біз қандай музыкалық шығарма тыңдадық? Күй қалай орындалды? Көз алдымызға не елестеді?

ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.



  • Бүгінгі біздің сендермен өтетін жаңа тақырыбымыз « Операдағы Абай бейнесі ».Балалар, негізгі тақырыпқа көшпес бұрын өткенге шолу жасап көрейік.


Жанр

Музыкалық шығармалардың түрлері











,


  • Опера- күрделі классикалық музыка. Ол 16, 17 ғасырда Италия жерінде дүниеге келген. Ал, орыс даласына 19ғасырда келген. Қазақтың тұңғыш операсы « Қыз Жібекті » жазған Евгений Брусиловский. Сендер опера ұғымымен таныстыңдар, қайтарап есімізге түсіріп жіберейік .







Бұл ұғым есімізде сақталуы үшін мына сөзжұмбақты шешіп, сергіп алайық.

















































о

п

е

р

а













































































































  1. Әншілер хоры.

  2. Хорды орындайтын дауыстар.

  3. Музыкалық шығармадағы негізгі әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.

  4. Операның қысқаша мазмұны.

  5. М. Төлебаевтың « Біржан-Сара » операсындағы басты кейіпкер.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы « опера » сөзін шығарып, сөзжұмбақ қорытындыланады.

  • Сендер қандай опералармен таныссыңдар? ( «Қыз Жібек », « Төлеген Тоқтаров»).

  • Бүгінгі танысатын «Абай» операсы ең үздік музыкалық шығарма. Осы операны кім жазды екен соған тоқталсақ.

Кәсіби қазақ музыкасының іргетасын қалаушы композиторлар:

Ахмет Жұбанов ( 1906-1968 ) Мемлекеттік Ұлттық Аспаптар оркестрінің ұйымдастырушысы . Би күйі « Көктем » пьесаларының, «Абай » сюитасының, «Т. Тоқтаров» , « Абай » операсының авторы.

Латиф Хамиди ( 1906-1983 ). Қазақтың кәсіптік музыка өнерін дамытушы «Қазақ вальсі» , «Бұлбұл» әндерінің авторы. Қазақтың тұңғыш әнұранының авторы. «Абай » операсы.


  • Оқулықтан А. Жұбанов пен Л. Хамиди туралы берілген деректерді оқулықтан оқу. Міне, Абай операсын жазған композхиторлармен толық таныстық, енді бір сәт серігіп «Орныңды тап» танымдық ойфынын ойнап жіберейік. Үрмелі, ысқышпен, ұрмалы, шертпелі нүктені басу арқылы ойналатын аспаптарға арналған дидактикалық материал тарату арқылы ойынды ойнатамын.

  • Жақсы балалар, кішкене серігіп қалдық. Енді осы «Абай» операсының мазмұнын қысқышы түсіндіріп өтейін. ( Мазмұндау. )

  • Балалар, Абай әділеттілікті талап етіп, тартысты жеңіп шыққан екен. Бұл осы сәтте жазылған оқиға екен. Бұл опера кіріспеден, үш көріністен, соңғы бөлімнен тұрады. ( Үнтаспадан « Ажар» ариясын тыңдата отырып, мазмұнын ашу. сауалдама мен сынып н»тижесі

ІІІ. Қорытынды. Ой қозғау.

  • Сонымен « Абай » операсын жазудағы композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің мақсаты неде деп ойлайсыз?

  • Бұл композитор лар мақсаты Абайды тағы бір қырынан таныту болды. Абай есімі әдебиетте, прозада бар екенін бүкіл әлем білсе,енді Абай есімін музыка саласында қалдыру болды. Ал, Абай атамыздың мақсаты әділеттілікті қорғап, зұлымдылықты мінеу болды.

ІV. Бекіту сұрақтары.

« Абай » операсын кімдер жазған? Операдағы жағымды кейіпкерлер кімдер? Опера ұғымы түсінікті болды ма? Сабақ ұнады ма?



  • Балалар, сендер өткен тақырыптарда Абай әндерімен танысқан болатынсыңдар, сабағымызды Абай атамыздың табиғат лирикасына жазылған « Желсіз түнде жарық ай » әнімен аяқтасақ.



Қазақ халқының тұрмыстық әндері





Бесік жыры қазақ халқы поэзиясы мен тұрмыс-салт әндерінің халық арасында кең тараған түрі. Бесік жырының екі түрлі міндеті бар: сәбиді жұбату және сәбидің болашағы жөнінде ата-ананың тілегін білдіру.
“Ата-ананың сәбиді елжірей сүюі, әлпештеп, аялап бағып-қағуы барлығыда жыр тілімен сыртқа шығып, музыка әуенімен сүйемелденіп отырады. Яғни ата-ананың сырқаудан аман, денсаулығының мықты болып өсуін ғана ойластырмайды, бөбектің рухани жан дүниесінің де үйлесімді дамуын, өз қоғамына лайықты тәрбиелі адам болып ер жетуін де алғашқы сәттен бастап назарда ұстайды” (К. Исламжанұлы)




Еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері
Бақташылық әндер (Шопан ата – қой, Зеңгі баба – сиыр, Ойсыл қара – түйе).

Аңшылық-саяткерлік әндердің негізгі тақырыбы – аңшының арманы – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген махаббат.

Егіншілік әндер (Сабантой кезіндегі “Кеусен”, “Ат желі”, “Қырман тасы” әндері).

Жұмысшы әндері (Ауыр еңбек ауыртпалығы).
Ұлыс әндері
Қазақ халқының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі. Мереке кезіндегі балалар мен жастар ойындары, қарттардың бата беруі. Ән жырлардың еңбекпен, диқаншылықпен байланысты.

“Жарапазан – Наурыз мейрамы кезінде де жастар топ-топ аралап жүріп, келіп жеткен үй иесін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үй-ішіне, мал-жанына, береке тілеп, дені сау, бақытты болуына тілектерін білдіреді, сол үшін түрлі сыйлықтар алды. Жарапазан Орта Азияда көктемгі мерекелерде және жаңа жыл – Наурызда, одан кейін мұсылмандар мейрамы Рамазан айында кеңінен орындалады”. (Г. Беляев)


Айтайын жарапазан есігіңе,

Сәби бітсін осы үйдің бесігіне.

Жарапазан тек қана дін жолы емес,

Бұйыртсын деп айтайын несібеңе.

Айтайын жарапазан қадіріңе,

Есіктен жұрағаттың өміріне.

Жаңа жыл, жаңа туған айың үшін.



Сыңсу – қыз аттанарда қимас ата-анасы, туған-туыстары, ел-жұрты, құрбы-құрдастарымен, балғын жастық шағымен қоштасуы. Өткен замандағы теңіне қосыла алмаған, қалың малдың құрбаны болған қыздың мұң-зары.


Жар-жар әндерін қыздар мен жігіттердің бірде қосылып, бірде алма кезек айтылуының сахналық сипаты. Қыздардың ел жұртымен қоштасқандағы қимастық сезімдері, өкпе-назы, жігіттердің “Әке орнына қайын атасы, ана орнына қайын енесі қамқор болады”, - деп басу айтуы.

Тойбастар” көбінесе келін түсіру жиынында айтылады. Мақсат мазмұны – той иесін құттықтау, үйленгелі отырған екі жасқа жақсы тілектер, ақыл-кеңестер беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет