Ойын арқылы оқыту технологиясы - Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Дамыта оқыту технологиясы Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы - Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау
Өздігінен даму технологиясы - Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогиканың ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету
Ынтымақтастық педагогикасы - Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу.
Түсіндіре басқарып оза оқу технологиясы - Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.
Әдебиеттік пәнін оқыту технологиясы - Пәнді оқыту барысында топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек. Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.
Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы - Жеке тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А.В.) оқу- тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:
- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік еркшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);
-білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру - деңгейінен төмен болмауы тиіс); -оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған -тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу).
Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:
қарым-қатынастық әрекет; шығармашылық әрекет;
баланың жеке дамуын қолдау;
баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.
Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады:
1) сыныпты дифференциациялау арқылы «жоғары-орташа-төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу;
2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау.
Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін белсенді оқыту технологиясы шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
сабақ құрылымының икемділігі;
оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
дидактикалық ойындар;
интенсивті өзіндік әрекет;
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.
-
Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы - Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясының психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің “оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы“актуальді даму” аймағынан “жақын арадағы даму” аймағына ауысу “ теориясы.
Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей-“міндетті, білім алушылық”, екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
1 – деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2 – деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3 – деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4 – деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.
-
Оқытуды ізгілендіру технологиясы - Оқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубаева Ш.Т., Апатова Н.В.) шәкірттердің рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады. Мысалы, 2-сынып Қазақ тілі сабағында “Сөйлеу мәдениеті” тақырыбын өту барысында “Телефонмен әңгіме” ойынында телефонмен сөйлесу мәдениетін үйрету мақсат етіліп, кім сыпайы әрі ұтқыр екенін бағалау көзделеді. Білім алушылардың өздеріне қай жұптың сөйлеу мәнері дұрыс шыққанын таптыруға болады.
-
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау - Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
-
Проблемалап оқыту технологиясы-
•Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту:
•-оқушының белсенділігін анықтау;
•-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
•-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
•-оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.
-
Оқытудың компьютерлік технологиясы - Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б
-
Модульдік Оқыту Технологиясы - Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып...
Тақырып 1. Музыка сабағын жоспарлауда модульдік технологияны қолдану – 4 сағ.
Жоспары:
-
Музыка сабағында жаңа технологияның қолдануы.
-
Модульдік жүйенің бағыттылығы.
-
Модульдік жүйені сызба, кесте арқылы жеткізілуі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр
2006 жылдың сәуір айында шыққан «Инновациялық қызметтерге мемлекет тарапынан көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасы Заңы – бүгінгі таңда оқу-тәрбие ісіне жаңашылдықпен келуге бағыттайтын басты құжаттың бірі. Білім беру мен тәрбиені жетілдіру, жан-жақты саладағы оқу-тәрбие жұмысын дамыту жұмысына жаңашылдықпен келу, уақыт талабына сай оқу жоспарларын қайта қарау, құжаттар мен оқу ісіне қажет бағдарламаларды, әдістемелік нұсқауларды саралау және баспадан шығару, білім беруді 12 жылдақ жүйеге келтіру, білім мекемелері басшыларының кәсіби деңгейін көтеру, тағы да басқа мәселелері өз шешуін күтіп тұр.
Қазіргі кезде елімізде білім беру жүйесіне жаңа өзгерістер еніп, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Кез – келген ел экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастығықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады.
Елімізде оқытудың жаңа технологиясын модульдік жүйемен құру мәселесімен біраз ғалымдар айналасуда. Олардың тұжырымдауынша, модуль – оқытудың жаңа технологиясы мен электронды оқулықтар негізі. Сонымен қатар модульдер болашақ маманды оқу пәнінің негізі болып саналатын ғылыми білім жүйесіне, оның заңдылықтары мен ғылыми ұғымдарын меңгеруге бағыттайды деп санайды. Бұл мәселерді лингвистикалық тұрғыдан профессор Н. Оралбаева, ғалым Л. Екшелбаева тәжірбиелік тұрғыдан, ғалым К. Сариева, М. Жанпейісова өз еңбектерінде қолдануда. Зерттеушілер «модуль» ұғымы жайындағы пайымдаулардың теориялық құндылығы мен тәжірбиелік мәнін ерекше атай отырып, «модульге» іс - әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік дағдысындағы белгілі мазмұнының өздік бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу аппараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы адамның өздік дамуының шамасы деген анықтама береді.
«Музыка оқыту әдістемесі» пәнін оқыту кезіндегі модульдік технологияны тиімді пайдаланып, оқу үрдісіне ендіру эксперименттік жолмен істелінді. Модульдік оқыту технологиясының негізгі мақсаты – тұлғаның білім арқылы дамуы. Тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: ойлауды, ынтасын қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сонымен қатар тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өз-өзін бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамыту болып табылады.
Модульдік бағдарламаларды құрастыруда олардың техникалық жабдықталуы ерекше орын алады.Техникалық оқыту құралдыры оқыту материалдарында қолдануда икемділікке әсер етеді, оқушының еркіндігін қалыптастырады, оқытушыны материалды бір сарынды қайталаудан сақтайды. Модульдік оқытуда техникалық құралдарды кездейсоқ қолданбау керек. Мұндай тәсіл жан – жақты қолданылып, тұтас бір жүйені құрап, модульдік бағдарламаның баспа материалдарымен қосыла пайдалануы керек.
Дж. Д. Руссельдің пайымдауынша, модуль бойынша оқушыны оқыту мәселесін шешуде барлық сезімдік мүмкіншілдік қолдануы керек, өйткені оқытудың мультисенсорлық белсенділігі оқушының танымдық үлгісін арттырып, модульдік оқытуды ұйымдастырудың маңызды тәсілі болады.
Біздің ойымызша, бұл педагогикалық этиканы сақтау, сонымен бірге модульдерді басып шығару материалдық шығынды азайтуға ықпал етеді.
Оқу модульіне кіріспес бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, министірлік бекітумен тағайындалған типтік оқу бағдарламасына толық шолу жасап, «Музыка бағдарламасын» - 80 сағат, қосымша тәжірбиелік байқау сабақтарымен қалыптасқан технология бойынша аталған пән 1 сағатта теория, тәжірибемен қатар музыка сауатын, музыка тарихы-сазгерлер шығармашылығын қатар қамтып отыратын оқу үрдісінде тақырыптарды мазмұны жағынан тиімді топтай отырып, бірнеше модульге бөліп оқытқан тиімді.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр модуль-кіріспе бөлімде тақырыптың құрылымымен мақсаты-міндеттерімен танысудан бастап оқу модульінің барлық уақытын есептелген оқу материалын 10-20 минутта қысқа сызба плакат, кесте арқылы түсіндіру.
Сөйлесу бөліміне шағын топшаларға бөлінген топ оқушылары ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану, өзара әрекет етуіне құрылған деңгейлік тапсырмалардың материалын (таңдау, жазу, көру және айту) мүмкіндіктеріне сай құрылады.
Модульдінің қорытынды бөлімі – бақылау болып табылады. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегенсіз көрсетеді. Бұл бөлімге оқытушы тарапынан қойылатын талап оқушы білімін бақылауды формалар ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстарын, сынақ жұмыстарды тақырыпқа сай даярлау керек. Қорытынды бөлімге мемлекеттік білім стандартына сай әр бөлімге тест үлгісі ретінде тапсырмалар жасалып сол арқылы білім деңгейін тексеріп модульмен модульге өтуді қадағалауды тексеру қажет.
Модульдік жұмыстың кері нәтижесі шығу үшін оқытушы жан – жақты жетік білімді болуы тиіс. Себебі, барлық материалдардың тиімді жинақталуы, тұлғаның белсенділігін арттыруы, шығармашылығынан көрініс табады. Оқытуды ойын түрде ұйымдастыруда алысқа бармай – ақ «Жаңғырық», «Баған бойымен», «Баспалдақ», «Өрнек», сияқты толып жатқан ойындарды сабақ үрдісіне кіріктіре отырып жүргізу – сабақ нәтижесін көрсетеді.
Мәселен, Қорқыт туралы айтқанда оқулықтағы материалдарға қоса мына жайларға тоқтала кеткен жөн. Қорқыт туралы көптеген аңыздар бар. Сол аңыздардың бәрін де ол өлімнен, Жаналғыштан қашқан адам есебінде бейнеленеді. Қайда барса да алдынан оның көрін қазып жатқандарға тап болады. «Қайда барса Қорқыттың көрі» деген сөз содан қалған. Ел арасында «Қорқыт күйі», «Қорқыт толғауы», «Қорқыт сарыны», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деген тәрізді қобыз күйлері бар. Аңыздар бойынша Қорқыттың соңынан қалмай қуған өлімнен мұңайып тартқан күйлері екен делінеді. Шын мәнінде Қорқыттың өлімнен қашуы, әсте өзжеке басын ажалдан арашалап қалудың қам-қаракеті емес, бүкіл түркілік біртұтас әлемнің ыдырап бөлшектеуіне, мәдени-рухани біртұтастықтан қазіргі түркі тілдес ұлттардың жеке-жеке бөлініп кетуі салдарынан сырқы күштердің енді оларға оңай күш көрсетіп, өктемдік жүргізілуіне жол ашылып, ажал апатын тудырған ұрыс-шайқастарға душар еткендігіне қарсылығы еді. Керек десеңіз, ислам дінінің өзі де сол тұста көшпенділер ортасына күшпен ендірілген болатын. Қорқыт атаның ғұмыр кешкен дәуірі сондай сыртқы күштердің саяси - әлеуметтік зорлықшыл қайшылықтарына толы болғандықтан да, ұлы күйші ел басындағы нәубатқа, қасірет - қайғысына күңірене күй төкпеуі мүмкін емес еді. Негізінде Қорқыт - өз заманындағы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуде, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, жосық жобаларын айқындауда, басқа да халық қамындағы дүниелерді реттеуде шыншыл тура жолды сілтеуші білімдар, ақылгөй, елдің тыныштығы мен амандығын тілеген қамқоршы, сыртқы жаулар мен кикіжің қайшылықтарының бәрен де бейбіт ымыра келісіммен шешуге үндеген, демократиялық бағытты ұстаған зиялы тұлға.
«Қорқыт – алғаш қобыз тартып, сарын айтып үйреткен ең бірінші бақсы», - деп жазды Шоқан Уалиханов. Яғни Қорқыт – елдің болашағын болжай алатын сәуегей, көріпкел да болған адам. Сонымен бірге бақсы – балгерлер қолындағы қобызды белгілі тақырып, белгілі мазмұндағы музыкалық шығарманы орындайтын аспап ретінде танытқан дара дөңгей өнер иесі. Ол өз шығармаларын «Аққу», «Желмая», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Әуіппай», «Башпай», «Кілем жайған», «Арыстан баб», «Тәңірі күй», «Көк бұқа» деп атау арқылы қобыз сырынына өмір, тіршілік тынысын ендіріп, музыкалық дербес туынды етіп ұсынды.
Кетбұға жөнінде оқушылар оқулықтан Жошы хан өлімін Шыңғыс ханға «Ақсақ құлан» күйімен естіртуінен басқа да нұсқауларынан оқушыларды хабардар еткен дұрыс. Кетбұға тек күйші ғана емес, үлкен ақын, ұлы жыршы екендігін де айтып, Тарақты Ақсеуілдің (Сейдімбековтың) «Күй шежіре» кітабында баяндалынғандай Жошы хан өлімін Кетбұғаның Шыңғыс ханмен түркі тілінде астарлай ишарат өлеңмен кезектесе жауаптасуы арқылы естіртетін нұсқасыман де таныстыра кеткен орынды. Бұдан шығатын қорытынды Кетбұға Шыңғыс ханға да батылы барып, тіл қататын бірден – бір белгілі тұлға екендігін, «ұлымның өлімін естіркеннің адамның көмейіне ерткен қоғасын құямын» деген Шыңғыс ханға Жошы хан өлімін жұмбақтай жеткізе отырып, оны Шыңғыс ханның өз сөзімен мойындауында мәжбүр етуі Кетбұға білімдарлығының деңгейін танытса керек.
Асанқайғының арман – үміті, мақсат – мүддесі мен шығармашылығының бағыты Қорқытпен үндесіп жатады. Асанқайғы да Қорқыт сияқты елінің бірлігі мен тыныштығын, ынтымақты, бақытты өмір сүруін көксеп, желмаясын желдіртіп, «Жерұйық» іздеп жақанды кезуі соны аңғартса керек. Ел іші ыдырап, берекесі қашып, ырысы шайқалған халқы үшін қасірет шегіп Асанқайғы атауының да себебі содан. Күйлерінің «Елайырылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» аталуы да соны айғақтайды, бұндай мысалдарды көрсете отырып оқушыға тарихи әндерді модульдік технология арқылы оқытудың тиімділігін көрсетеді.
Модульдік оқыту әртүрлі мақсаттарға жету жолын көздейді. Білім алушыға оқу әдісінің – існе лайықты тәсілін қолдануыды, оқушыға – өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтап, модульдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектеседі, оқытудың түрлі формалары мен әрқилы әдістерін кіріктіруді, оқу материалдарынан құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды, кәсіби іс – әрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арғылы жетуді, пәнаралық байланысты орнатып, оқудың сапасына білім мен білікті жүйкелеу арқылы жету.
Модульдік оқытудың басты мақсаты – оқытудың ұйымдастыруы бойыншы және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Модульдік оқытудың басты теориясының басты ұғымы модуль ұғымы болып табылады. Модульдік оқытуды біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруде, оқыту әдістері мен түрлерін өңдеуге әлі күнге дейін әртүрлі көзқарастар бар.
Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олрадың үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
-
Модуль – пәнаралық әдістемелік – ұйымдастыру құрылымы болып, әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруде және оқу үрдісінде пәнаралық байлансыты қамтамасыз етеді.
-
Модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;
-
Модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі әдістемелік – ұйымдастыру құрылымының бірлігі.
Модуль – деп біз өзіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталған бірлігін, әдістемелік нұсқауды, бақылау жүйесіне енетін оқу пәнінің дараланған әдістемелік – ұйымдастыру құрылымын түсінеміз. Оқытудың модульдік тәсілі оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды. Оқытудың мақсаты оқу – тәрбие үрдісінің барлық бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады. Модульдік оқытудың дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы – дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Модульдік тапсырмалар мен бағдарламаларды құрастыруда әртүрлі тәсілдер байқалады. Даралық мазмұндардың оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы түрде, көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.
Қорыта келгенде, оқытудың жалпы мақсатын қоя тұрып, жалпы құрылған мақсатты нақтыландырып, оқушылардың білім деңгейін алдын – ала бағалап, оқу әрекеттерінің жиынтығын нәтижені бағалауды енгізіп, оқу үрдісіне модульдік сипатқа ену арқылы құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі жеке блоктар жасау арқылы «Музыка оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың модульдік технология бойынша сабақ жүргізу тиімді деп ойлаймын. Ол үшін оқушыларды модульге бейімдеу керек, оқытушының алдын – ала модульді құрылуының сапасына байланысты: оқытушы ізденісі, білімі, болжауы, әдіс – тәсіл тиімділігі, фантазиясы болуы керек. Кез – келген музыка сабағының тақырыбына тоқталсақ, күй шығармашылығы, Арқаның асқақ әншілері, тұрмыс – салт жырлары, эпос – тарих, әдебиет, өнердің бірнеше түрі тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеттілігі толық қамтылады. Модульдік оқыту оқу үрдісінің басқару, мәлімет беру үрдісіне бағытталған циклділігімен, білім алушының өздігінен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін - өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.
Модульдік оқытудың қазіргі уақыттағы дамуында педагогикалық жүйенің ықпалы басым. Оқыту үрдісінде жүйелік жағдайын жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету мағынасында модульдерден құрастырылған жүйе болатын мақсатты модульдік пайда болады. Екінші жағынан модульдік оқыту қазіргі кезде педагогикалық ғылымның алдында тұратын міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын жүйе бола тұра оқытудың жаңа бағытын белгілейтін бір жолы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |