Ол кезде тазартушы құрылғылар, әдетте онымен байланысты резервуарлар мен көтегіш сорғы станциялары қажет болмас еді. Мұндай сұлба жоғары санитарлы гигиеналық сапасы бар артезиан суларын қолданған кезде болуы мүмкін. Су көзі сумен қамтылушы аймақтан жоғары орналасса, тұтынушыларға суды өздігінен ағуы арқылы жеткізуге болар еді. Осылайша кез келген сумен қамту жүйелерінің міндетті элементтеріне су іркуіш құрылыс, су тартқыштар және су таратушы желі жатады. Сумен қамту сұлбасы су көздері жәнеқұрылыс құрамынан басқа сумен қамту көздерінің санымен (екі не одан да көп болуы мүмкін) ерекшелінеді.