Сумен қамтамасыздандыру жүйелері мен сұлбалары



бет3/4
Дата14.06.2022
өлшемі136.12 Kb.
#459231
1   2   3   4
Саметов.Н.М. 1-презентация

Аймақтық сумен қамту жүйесі 50 м ден биік ғимараттарда қарқын максималды рұқсат етілген мәннен асып кетсе (60 м тұрмыстық ауыз су және 90 м өртке қарсы су тартқыштарда) қолданылады. Аймақтың биіктігі желінің ең төмен нүктесіндегі максималды рұқсат етілген гидростатикалық қарқынмен анықталады.

Елді мекенді, өндіріс орнын және де басқада объектілерді өз қажеттіліктеріне байланысты сумен қамтамаыз саланы сумен жабдықтау деп атайды. Суды алу, тұтынушыға дейін тасмалдау, қажетті су сапасына дейін тазарту ғимараттарының кешенін сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Суды беру және тарату құбыр арқылы болатын орталықтандырылған жүйелерді су құбыры депте айтуға болады.

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

а) тұтынушылардың түрлеріне қарай: шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік т.б. жүйелер;

б) мекенжайлардың түрлеріне қарай: қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері;

в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты: топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай үшін құрылған жүйе;

г) суды пайдалану ретіне қарай: тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

д) қабылданған табиғи су көздері бойынша: жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;

е) судың жіберілу тәсіліне қарай: өзі ағатын (гравитациялық), арынды, араласқан.

Сумен қамту сұлбасы және негізгі элементтері.


1 — су қабылдағыш;
2 — өздігінен ағу құбыры;
3 — жағалық құдық;
4 — сорғылар I көтерме станциясы;
5 — тұндырмалар;
6 — фильтрлер;
7 — таза судың қосымша қоймалары;
8 — сорғылар IІ көтерме станциясы;
9 — су аққыштар;
10 — су қарқынды көтерме;
11 — магистральді су құбырлары;
12 — таратушы су құбырлары
 Елді мекндерді сумен қамту сұлбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет