ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
25
5.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
5.2.1 Топырақ эрозиясының алдын алу және құрылыс кезінде шаңды әкету үшін
мынадай іс-шараларды жүргізу қажет:
а) аймаққа көпжылдық шөптерді уақытша немесе тұрақты түрде егу, жерді нығайту;
б) жердің бетін жабу, топырақ үйіндісі;
в) геоторлар құрылғысы, бағанды торкөздер құрылғысы;
г) ілінбелі бөлшектерге тұзақтар жасау;
д) құрылыс аймағынан шығатын автокөліктер дөңгелектерін жууды ұйымдастыру.
5.2.2 Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау үшін құрылыс алаңында мынадай
факторларды ескеру керек:
а) барлық механикаландырылған құрылыс-монтаждық жұмыстарда кездесетін артық
шудың болуын;
б) қолданылатын механизмдердің қоршаған құрылыстар мен топыраққа қарқынды
әсерін;
в) ішкі жану қозғалтқыштарынан шығатын газдар мен көп мөлшердегі шаң-тозаңның
атмосфераға лақтырылуын;
г) көп мөлшердегі құрылыс қалдықтарының қалуын (сондай-ақ құрылыс
қоқыстарын);
д) қолданыстағы суды жіберу желілерінде әртүрлі уақытша ағындарды, топыраққа
кетіп жатқан ағындарды (улы заттарды қоса есептегенде);
е) қалыптасқан геологиялық жағдай мен гидрологиялық тәртіптің біртұтастығының
бұзылуы.
5.2.3 Жобалау кезінде зиянды қалдықтармен ластанудың алдын-алу және оны
болдырмаудың, оларды зарарсыздандырудың және жоюдың сенімді әрі тиімді жолдарын
қарастырумен қатар, ресурстарды үнемдейтін, аз қалдықты және қалдықсыз
технологиялар мен өндірістерді енгізу керек.
5.2.4 Іргетас құйылып, шұңқыр қазылғаннан кейін шұңқырдан қазылған топырақты
құрылыс алаңынан тыс жерге апару керек.
5.2.5 Қар еріген кезде және жауын жауғанда еңіс жерлерде судың жиналып қалуына
және топырақ қабатын шайып кететін, күтпеген су ағыстарының түзілуіне жол бермейтін
беткі су әкеткіш құрылғысын қарастыру ұсынылады.
Жер жұмыстарын жүргізген кезде еңістер мен ернеу қыс түскенше жобада
қарастырылған тәсілмен бекітілуі керек.
5.2.6 Суды пайдалану мөлшерін төмендету үшін қажетті шаралар:
а) сарқып құю жүйесіне алдын ала тазартылып, залалсыздандырылған таза суды
немесе жауын суын пайдалану;
б) әрбір тұтынушы үшін ыстық су мен суық судың есептегіш құралдарын орнату;
в) суды шығындауға шек қоятын құрал орнату;
г) аэрацияны пайдалану, душ пен қолжуғыш крандарына ағынның ылғалдатқыш
әсерін және суды пайдалану тиімділігін арттыратын сушашыратқыш орнату;
д) суаруды көп қажет етпейтін өсімдіктерді егу;
е) жер телімі аумағына және шатырға жергілікті климатқа үйренген өсімдіктерді
|