Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
21 
көздерін пайдаланған дұрыс. Бұл жерде біркелкі қуат кезінде жарықты ең көп тарататын 
және ұзақ қызмет ететін жарық көздері таңдалады. 
4.6.3.9 Кабинеттердегі қауіпсіздікті жарықтандыратын шырақтар эвакуациялық 
жарық ретінде пайдаланылуы мүмкін. 
4.6.3.10 Допты хоккей және шайбалы хоккей ойындары үшін қысқы уақытта 
пайдаланылатын спорт алаңдарының стационарлық емес жарықтандыруын орнату 
қажеттігі жобалауға берілген тапсырмамен белгіленуі тиіс. 
4.6.3.11 Телефондар орнату директор бөлмесінде, мұғалімдер бөлмесінде, асханада, 
дәрігер бөлмесінде, шебер бөлмесінде қарастырылуы тиіс. Елді мекендер пункттеріндегі 
телефон желілерінің сыйымдылығына қарамастан, телефондар саны техникалық 
тапсырмамен реттеледі.
4.6.3.12 Электр сағаттарын орналастыруды вестибюльдерде, демалу бөлмелерінде, 
мәжіліс залында, тамақтану және оқу-спорт залдарында қарастыру қажет. 
4.6.3.13 Дабыл 
электр сағаттарынан басқарылатын электр қоңырауларын 
орналастыруды вестибюльдер мен демалу бөлмелерінде қарастыру қажет. 
4.6.3.14 Күзет жарығын (күзеттің арнайы техникалық құралдары болмаған жағдайда) 
түнгі уақытта жалпы білім беру мекемесі шетінің бойымен орналастыру керек. Жарық жер 
деңгейіндегі көлденең жазықтықта кемінде 0,5 лк немесе жерден кемінде 0,5 м шекара 
сызығына перпендикуляр тік жазықтықтың бір жағында болуы тиіс. 
Күзет үшін арнайы техникалық құралдарды пайдаланған жағдайда, жарықты күзетті 
жарықтандыруды жобалау тапсырмасы бойынша қабылдау керек. 
4.6.3.15 Жалпы білім беру ұйымдарынде радиофикация қарастырылуы керек. 
Радионүктелер мұғалімдер бөлмесінде, директор бөлмесінде, дәрігер, радиоторап 
бөлмелерінде, шебер кабинетінде, техникалық қызметкерлер кабинеті мен демалу 
бөлмелерінде қарастырылады. 
Дыбыс күшейткіштер көрермен залында, оқу-спорт залдарында, демалу 
бөлмелерінде қарастырылуы тиіс. 
4.6.3.16 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарында директор бөлмесіне 
жақын жерге орналастыру керек, екі жақты байланысы бар (радиоторап бөлмесінде) 
радиоторап қарастырылуы керек.
4.6.3.17 Компьютерлік сыныптарды электрмен жабдықтау жобасына қатысты 
ұсынымдар Т қосымшасында көрсетілген. 
4.6.3.18 Мектеп ғимаратын найзағайдан қорғау ҚР ЕЖ 2.04-103 нұсқаулығына 
сәйкес телевизиялық антенна мен телефон желісі баған тіреуішінің немесе сымдық тарату 
желісінің болуын ескере отырып орындалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет