Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет5/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 
 
1.1 Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын 
құрылыстағы 
нормативтік құжаттардың 
талаптарына 
сәйкес 
әзірленді 
және 
орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің (бұдан әрі – ОЖЖ) барлық 
элементтерімен өзара байланыста жылу желілерін, жылу желілеріндегі ғимараттарды 
жобалауға арналған.
1.2 Осы ережелер жинағы жылу көздері коллекторларының шығыс тиекті 
ысырмаларынан (оларды қоспағанда) немесе жылу көзінің сыртық қабырғаларынан 
орталық жылу бекеттерінің шығыс тиекті ысырмаларына дейін (оларды қоса алғанда) 
және қоса алғанда 200 °С температура мен 2,5 МПа қысымға дейінгі ыстық суды, қоса 
алғанда 440 °С температура мен 6,3 МПа қысымға дейінгі су буын, су буының 
конденсатын тасымалдайтын ғимараттардың (ғимарат бөліктерінің) және құрылымдардың 
жеке жылу бекеттерінің (енгізу буындарының) кіріс тиекті ысырмаларына дейінгі жылу 
желілеріне таралады.
1.3 Осы ережелер жинағында жылуды өндіру, тарату, тасымалдау және тұтыну 
бірыңғай технологиялық үрдісінде өзара іс-қимыл ету бөлігінде орталықтандырылған 
жылумен жабдықтау жүйелері қаралады.
1.4 Осы ережелер жинағы жаңа жылу желілерін жобалағанда және қолданыстағы 
жылу желілерін (жылу желілеріндегі құрылымдарды қоса алғанда) қайта құру, жаңғырту 
мен техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу кезінде сақталуы қажет. 
*2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Осы ережелер жинағын қолдану үшін мына сілтемелі нормативтік құжаттар мен 
стандарттар қажет: 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1353 
қаулысымен бекітілген «Металл конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 
техникалық регламенті. 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 
желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды 
пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет