Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет27/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 
23 
4.7.4.32 Жылытылған жаяу жүрүші өтетін жерлер аймағында, сондай-ақ 
метрополитенге кіру есіктерімен біріктірілген өтетін жерлердің габаритінен 5 м шығатын
монолиттік темір бетонды каналда жылу желілерінің төсемесін көздеу керек. 
*4.7.4.33Жылу желілерін салу, реконструкциялау және жөндеу, монтаждау 
жұмыстары және құбырларды ауыстыру кезінде жер асты коммуникацияларының немесе 
олардың сипаттамалық нүктелері үстінде орналасатын, байланыстыру ақпаратын 
есептеуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі бар зияткерлік (RFID) 
электронды маркерлерді орната отырып жүргізуге ұсынылады. Трасса іздеу жабдығының 
көмегімен маркерлерді сәйкестендіру кезінде оларды ГЛОНАСС немесе GPS көмегімен 
ГАЖ-ге байлауды жүзеге асыру ұсынылады (Толықтырылды. – ҚТҮКШІжәнеЖРБК 
05.03.2016 ж. №64-НҚ бұйрық)
4.7.5 Құбыр өткізгіштердің құрылмасы
4.7.5.1 Жылу желілердің құбыр өткізгіштері үшін болаттан жасалған электрмен 
пісіріп қосылған құбырлар немесе тігіссіз болат құбырларын қарастыру қажет.
Шар тәріздес графиті бар жоғары берікті шойыннан жасалған құбырлар (ШГБШҚ) 
150 °С судың температурасына дейін жылу желілер үшін және 1,6 МПа дейі қысымымен 
қолдануға жол беріледі.
4.7.5.2 Будың 0,07 МПа және одан төмен және 135 °С судың температурасы және 
одна төмен және 1,6 МПа қысымы бар жұмыс қысымы жағдайындағы жылу желілердің 
құбыр өткізгіштері үшін қолданатын заңнамаға сәйкес және санитарлық нормалар мен 
ережелерге сәйкес рұқсат етілген металды емес құбырларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Металды емес құбырлардан жылу желілерін жобалау кезінде олардың қызметінің 
есеп мерзімі 30 жылдан кем болмауы қажет.
4.7.5.3 Жылумен қамтылудың жабық жүйелеріндегі ыстық сумен қамтылу желілері 
үшін коррозияға төзімді материалдардан жасалған құбырлар қолдануы тиіс. ШГБШҚ 
жасалған құбырлар, полимер материалдардан жасалған және металды емес құбырлар
Жылумен қамтылудың жабық және ашық жүйелері үшін қолдануына жол беріледі.
4.7.5.4 Тік учаскілерінде орналасқан құбырлардың жылжымалы тіреулері арасында 
максималды қашықтықтар беріктікке тексеріп анықтау қажет, 0,02D
у
, м аспайтын 
мүмкіндігінше иілу мен құбырлардың салмақ түсетін қабілетін максималды түрде 
пайдалана отыру мүмкіндігінен қараған жағдайда жүзеге асырады. 
4.7.5.5 құбырлар, арматура, жабдықты және құбыр өткізгіштерінің қосалқыларын 
таңдау үшін, сонымен бірге құбыр өткізгіштерін беріктікке тексеру және құбырлар 
тіреулеріне деген құбыр өткізгіштерінің жүктемелерін, құрылыс құрылмаларға жұмыс 
қысымын анықтау үшін және жылу бергіштің температурасын білу үшін мыналарды 
қабылдап ескеру жөн: 
а) бу желілері үшін:
буды қазандардан тікелей алған кезде – қазандардан шығатын кезде бу 
температурасы және нақтылы қысым мәндері бойынша;
- реттелетін іріктеулерден немесе турбиналардың қарама-қарсы қысымынан пайда 
болатын бу – берілген бу өткізгіштерінің жүйесіне арналған ЖЭО шығаруында 
қабылданған будың қысымы мен температурасы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет