Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет71/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 
71 
Ж қосымшасы 
(ақпараттық) 
 
Жылу пункттерін орналастыру жөніндегі нұсқаулар 
 
Ж.1 Тұрғын үй ғимараттарында жылу пункттерін орналастыру ғимараттың 
геометриялық орталығына анағұрлым жақын жерде жүзеге асырылады. 
Ж.2 Тұрғын үй ғимараттарында орналастыру келесі тәуелсіз қосылу сызбасы 
бойынша жүзеге асырылады:
1) Ғимараттың биіктігі 6 қабатқа дейін болған жағдайда (жертөле қабатын қосқанда) 
5 подъезге (шамамен 160 метрлік ұзындық) бір жылу желісі. 
2) Ғимараттың биіктігі 10 қабатқа дейін болған жағдайда (жертөле қабатын 
қосқанда) 3 подъезге (шамамен 70 метрлік ұзындық) бір жылу желісі. 
3) Ғимараттың биіктігі 14 қабатқа дейін болған жағдайда (жертөле қабатын 
қосқанда) 2 подъезге (шамамен 50 метрлік ұзындық) бір жылу желісі. 
4) 14 қабаттан жоғары болған жағдайда бір подъезге бір жылу желісі. 
Ж.3 Әрбір желі ұсынылып отырған блок, немесе блоктар тобы, басқа бір көршілес 
блоктардың қосылу жағдайларынсыз жылу тұтыну түрлері бойынша түсетін жүктемені 
қамтамасыз етеді. 
Ж.4 Қосылудың тәуелді қосылу жағдайында: 
1) Ғимараттың биіктігі 10 қабатқа дейін болған жағдайда (жертөле қабатын 
қосқанда) 3 подъезге (шамамен 70 метрлік ұзындық) бір жылу желісі. 
Ғимараттың биіктігі 6 қабатқа дейін болған жағдайда (жертөле қабатын қосқанда) 5 
подъезге (шамамен 120 метрлік ұзындық) бір жылу желісі.
Ж.5 Бюджеттік объектілерге бөліп тұратын тарақшалары бар бір жылу пункті үшін 
бір құрылғы қарастырылады (бір-біріне тығыз орналасқан биіктігі 6 қабатты, жертөле 
қабатын қосқанда ұзындығы әрқайсысы 50 метр болатын).
Ж.6 Заңды тұлғалар үшін жылыту жүйелері бар бірнеше тарақшалы бір жылу пункті 
рұқсат етіледі.
Ж.7 Алынбалы-салынбалы жылу пункттерінің орналасу жағдайлары бойынша 
құрамдас салынған жылу пункті құрылғысын пайдалануға рұқсат етіледі, жеке тұрған 
жылу пунктін пайдалануға тыйым салынады. 
Басқа объектілер бойынша – ғимараттың мөлшері мен мәніне байланысты 
қарастырылады.
Ж.8 Барлық жабдықтары бар жылу пунктінің орналасуы белгі бойынша 0.000. 
жоғары, 3.000 – төмен болмауы тиіс, тарату тарақшалары бойынша да осындай көрсеткіш 
қарастырылған.
Ж.9 Жылу пунктінің минималды биіктігі (жарықта) 2,0 м болуы қажет. 
Ж.10 Жылыту жүйесіндегі жылу пунктінің, орталық тарақшаның барлық 
жабдықтары жылу пунктінің аясында орналастырылуы қажет. Жылу пункті аясында басқа 
инженерлік құрылғыларды орналастыруға тыйым салынады. 
Ж.11 Жылу пунктіндегі үй-жайлардың мөлшерлері жылу пунктінің жабдықтарының 
еркін қозғалысына, ауыстыру және қызмет көрсетуге мүмкіндік бере алатындай болуы 
тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет